О Межведомственной комиссии по борьбе с преступностью и коррупцией при акимате Аккайынского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудан әкімдігі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 17 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылгы 20 сәуірдeri «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес жуйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлыгына сәйкес, атқарушы, құқық қорғау және баска да мудделі мемлекеттік органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес жөніндегі қызметтерін үйлестіруді жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудан әкімдігі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес жөніндегі ведомствоаралық комиссия (будан әpi - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес Комиссияның Ережесi бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы С.Қ.Мамашәріповқа жұктелсін.
Басқа 4. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудан әкімдігі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
«Солтустік Қазакстан облысы Аққайың аудан әкімдігі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралык комиссия туралы» Аққайың аудан әкімдігінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 130 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудан әкімдігі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудан әкімдігі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия (будан әpi - Комиссия) тұрақты қызмет істейтін орган болып табылады және ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мудделі мемлекеттік органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйлестіру мәселелері жөніндегі кызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылған.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссия өз қызметін Конституция мен, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, орталық пен жергілікті мемлекетік басқару органдарының нормативті-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жузеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Мыналар:
Тармақша 1
1) ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күpecті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, құқық тәpтібі мен заңдылықты нығайту;
Тармақша 2
2) аудандағы криминогендік жағдайды талдау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі ic-шараларды қарау және бекіту;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін орындауының жай-күйін зерделеу;
Тармақша 4
4) ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының ауданды құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар дайындауы Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның функциялары
3. Комиссияның функциялары
Тармақ 3.1
3.1. Комиссия мынадай функцияларды:
Тармақша 1
1) өз мәжілістерінде ауданның атқарушы органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыруды жай-күйін қарастыруды;
Тармақша 2
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін ұсыныс дайындауды;
Тармақша 3
3) өзінің құзыретіне жататын басқа да қызметтерді жузеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның өкілеттілігі
4. Комиссияның өкілеттілігі
Тармақ 4.1
4.1. Комиссия негізгі міндеттерді іске асыру үшін және өз функцияларын жузеге асыру барысында:
Тармақша 1
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан жұмысқа қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру, жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеуге;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілісіне материалдар дайындау үшін аудан атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерін (келісім бойынша) тартуға құқылы;
Тарау 5. 5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5.1
5.1. Комиссия жоспарға сәйкес жұмыс істейді, мәжілістер, мәжілістер қажеттілігіне қарай, бipaқ тоқсанына кем дегенде бip рет откізіледі.
Тармақ 5.2
5.2. Комиссия мәжілісмтерін төраға, немесе оның тапсырмасы бойынша Кеңестің бip мүшесі өткізеді және олар Кеңес мушелерінің жартысынан көбi қатысқан уақытта заңды деп есептеледі. Комиссия мәжілістерінің қорытындылары хаттамалармен ресімделеді. Комиссия қажетіне қарай талқыланған мәселелер бойынша қабылдайды.
Тармақ 5.3
5.3. Комиссия шешімдері мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалык ету үшін дауысы шешуші болып саналады.