Об учреждении ежегодных премий акима Северо-Казахстанской области в сфере культуры и искусства Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәдениет және өнер саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлықақылар беру туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес, аумақтың музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театр, вокал өнеріне, кітапханалық, мұражай ісіне және киножүйесіне аса көрнекті үлес қосқан мәдениет пен өнер қызметкерлерінің мәртебесін қолдау және көтеру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мәдениет және өнер саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлықақылары тағайындалсын (бұдан әрі - сыйлықақылар).
Тармақ 2
2. Қоса берілген сыйлықақылар беру Ережелері бекітілсін.
Басқа 3
Облыс әкімдігінің 2005 жылғы «30» мамырдағы № 143 қаулысымен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынгы сыйлықақылар беру туралы ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Мәдениет және өнер саласындағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыйлықақысы (бұдан әрі - сыйлықақы) мәдениет пен өнер қызметкерлерінің мәртебесін қолдау және көтеру максатында беріледі, облыстың мәдениет пен өнер дамыуына аса көрнекті үлес қосқаны үшін оларды ақшалай көтермелеу нысаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Мына сыйлықақы түрлері тағайындалады: 1 дәрежелі 2 дәрежелі 3 дәрежелі
Тармақ 3
3. Сыйлықақы алуға ұміткерлер облыстың мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері болып табылады.
Тармақ 4
4. Сыйлықақы облыстық бюджет қаражатынан төленетін, «Мәдениет (Басқармасының) Департаментінің қызметін қамтамасыз ету» №262-001 бюджеттік бағдарламасы бойынша бір реттік ақшалай сыйлықақы болып табылады.
Тармақ 5
5. Сыйлықақының саны және мөлшері жыл сайын өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімінің қаулысымен келген күнтізбелік (қаржылық) жылда бекітіледі.
Тармақ 6
6. Сыйлықақы алуға үміткерлерді іріктеудегі басты белгілер мыналар болып табылады: - аумақта мәдениет пен өнерді сақтауына және дамуына аса көрнекті үлес қосқаны; - аса дарынды, жаңашыл ерекше бағдарламалар; - жоғары кәсіби орындаушылық шеберлік; - аумақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысуы, насихаттық және тәрбиешілік қызметі;
Тармақ 7
7. Сыйлыкақы беруге үміткерлер Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасымен ұсынылады және сыйлықақы беру жөнінде комиссия отырысында қарастырылады (бұдан әрі - комиссия).
Тармақ 8
8. Комиссия құрамы облыс әкімдігінің қаулысымен жыл сайын бекітіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болу тиіс. Сыйлықақы туралы шешім комиссия отырысында ашық дауыспен көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 9
9. Комиссия шешімінің негізінде сыйлықақы алған үміткерлердің тізімі облыс әкімінің шешімімен бекітіледі.