"Өскемен қаласының Құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы Күшін жойған
Басқа 0
"Өскемен қаласының Құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының Құрметті азаматы"» атағын беру туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды бюджет және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Шешім 2005 жылғы 1 шілдеден бастап іске қосылады.
Басқа 5. "Өскемен қаласының Құрметті азаматы"
ағын беру туралы
ЕРЕЖЕ
Қалалық мәслихаттың
2005 жылғы 6 маусымдағы
№ 14/7 шешіміне
қосымша
"Өскемен қаласының Құрметті азаматы"
ағын беру туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
« 1. "Өскемен қаласының Құрметті азаматы" атағы азаматтарға қоғам игілігіне жасаған қала алдында көрнекті, қоғамдық, шығармашылық, қайырымдылық қызметі үшін беріледі.
Тармақ 2
2. "Өскемен қаласының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсынысты, еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктері, азаматтар жиналысының ұсыныстары негізінде қала әкімі береді.
Тармақ 3
3. Қала әкімі ұсынысты қалалық мәслихаттың ағымдағы жылдың 25 мамырынан кешіктірмей екі кандидатураға енгізеді. <*>
Ұсынылып отырған кандидатқа қала әкімінің аппараты қалалық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) азаматтар жиналысының, қоғамдық бірлестіктерінің, жұмыс ұжымының хаттамасы;
Тармақша 2
2) өндірістік, шығармашылық, қайырымдылық қызметіндегі нақты зор еңбектері көрсетілген мінездеме, қала экономикасының қаржы және өндірістік саласының дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтер, мерзімдері көрсетілген үкіметтік және басқа да наградалардың тізімі;
Тармақша 3
3) кандидаттың өмірбаяны;
Тармақша 4
4) 3 х 4 = 2 дана және 6 х 9 = 2 дана фотосуреттер.
Тармақ 4
4. "Өскемен қаласының Құрметті азаматы" атағы Қала күніне қарсы беріледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік инфрақұрылым және бюджет мәселелері жөніндегі комиссия қалалық мәслихаттың сессиясында қарастыруға ұсынылып отырған кандидаттардың қорытындысын даярлайды.
Тармақ 6
6. Атақ мәслихат сессиясында беріледі, шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 7
7. Құрметті атағын иеленген тұлғаға қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында немесе еңбек ұжымында салтанатты түрде куәлік, кеуде белгісі тапсырылады және оның есімі қалалық мәслихат аппаратында сақталынатын қаланың Құрметті азаматтары Кітәбына енгізіледі.
"Өскемен қаласының Құрметті азаматы" кеуде белгісі сары түсті металлдан дайындалады, ол мөлшері 3,5 х 2,2 см классикалық үлгідегі қалқа болып табылады.
Белгінің бет жағында Өскемен қаласының елтаңбасы бейнеленген, қалқаның үстінде желбіреп тұрған қызыл бауында мемлекеттік тілде "Құрметті азамат" деген жазуы бар.
Тармақ 8
8. Куәлік, кеуде белгісін дайындаудағы шығыстар қалалық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етудегі қалалық бюджетте қаралған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қаланың Құрметті азаматтарына, басқа нормативтік актілер бойынша қолда бар әлеуметтік қолдауға қарамастан ай сайын айлық есеп көрсеткішінің 1,4 мөлшеріндегі арнайы жәрдемақы төленіп, қалалық жолаушылар көлігінде тегін жүру бер іледі (таксиден басқа).
Қалалық мәслихаттың хатшысы