О порядке предоставления недр для геологического изучения, добычи полезных ископаемых и пользования в иных целях Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Геологиялық зерітеу, пайдалы кен қазбаларын өндіру және басқа мақсаттарға пайдалану үшін жер қойнауын беру тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 1-17ұ өкімімен. «Геологиялық зерттеу және пайдалану кен қазбаларын өндіру үшін жер қойнауын пайдалануды тәртіпке келтіру жөніндегі косымша шаралар туралы» Қазакстан Республикасы Президентінін 1994 жылғы 5 сәуірдегі № 1637 Жарлығын және «Қазакстан Республикасында жер койнауын пайдалануды лицензиялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 1996 жылғы 16 тамыздағы Қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдалануға (жалпытараған пайдалы кен қазбаларын барлауға немесе өндіруге) лицензиялар алуға тапсырыстарды қарау жөнінде облыстық сараптау комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Тармақ 1
1. Плотников Сергей Викторович - облыстық энергетика, индустрия, көлік, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Адамов Ришат Жомартұлы - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы;
Тармақ 3
3. Құнанбаев Нұрбек Сейткамзаұлы - облыстық тау-кен қадағалау және төтенше жағдайлар инспекциясының бастығы;
Тармақ 4
4. Келеманов Серік Ысқақұлы - «Шығысқазкойнау» аумақтық басқармасының бастығы;
Тармақ 5
5. Соловьев Владимир Васильевич - жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитетінің төрағасы;
Тармақ 6
6. Якупов Валерий Саримович - облыстық мемлекеттік санитарлык-эпидемиологиялық қадағалаубасқармасының бас дәрігері;
Тармақ 7
7. Кәкенов Шәмел Ғалиұлы - облыстык энергетика, индустрия, көлік, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық байланыстар баскармасының бас маманы, комиссия хатшысы;
Тармақ 2
2. «Шығысқазқойнау» аумақтық басқармасы жер қойнауын пайдалануға арналған тапсырыстар қабылдайды, облыстық сараптау комиссиясы үшін лицензиялык құжаттар ресімдейді, сараптау комиссиясы облыс Әкімінің тиісті шешімін әзірлейді.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар жүргізу құқына лицензия конкурс негізінде беріледі.
Тармақ 4
4. Облыс Әкімі жалпытараған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беретін лицензиялык, құзырлы орган болып табылады және жер қойнауын пайдалануға арналған контрактілер жасасады.
Тармақ 5
5. Облыстық энергетика, индустрия, көлік, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасына (С.В.Плотников) жалпытараған пайдалы кен казбалары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған тапсырыстарға есеп жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 6
6. «Геологиялык зерттеу, пайдалы кен қазбаларын өндіру және баска мақсаттарға пайдалану үшін жер қойнауын беру тәртібі туралы» облыс Әкімінің 1997 жылы 27 желтоксандағы № 1-249ө өкімі күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 7
7. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Өкімінің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.