О работе акимов Жарминского и Уланского районов по выполнению Закона Республики Казахстан "О миграции населения" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарма және Ұлан аудандары әкімдерінің "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөніндегі жұмысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. Үстiмiздегi жылғы 9 айдың iшiнде халықтың облыстан кетуi 18506 адам болды. Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы еңбек көші-қоны ретiнде 1991-1992 жылдары және 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентiнiң жыл сайынғы бекiтуi бойынша басталды. Облыста тұратын оралымдардың 1103 отбасынан 206 отбасы Жарма, 203-i Ұлан аудандарында тұрады. Осы аудандардың әкiмдерi "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөнiнде белгiлi жұмыс жүргiзуде. Барлық келген отбасылары "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бiржолғы жәрдемақы алды, зейнеткерлерге зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақылар есептелiп, төленуде, мектеп жасындағы балалар мектепке түсiрiлдi, еңбекке орналастыру, еңбек биржасында тiркеу және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу жөнiнде көмек көрсетiлуде, азаматтық алу, тұрғын үймен, жер үлесiмен қамтамасыз ету мәселелерi шешiлуде. Әкiмдер көш-қон қызметтерiмен бiрге келген студенттердi жоғары оқу орындарында, арнайы орта оқу орындарында қалпына келтiруге ықпал етуде, халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық бөлiмдерi, бiлiм мекемелерi арқылы оралымдардың өте мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк қорғау көрсетiлуде, сақтандыру полистерi берiлуде. Жарма ауданының әкiмi "Атамекен" қоғамдық бiрлестiгiн құрды, ол оралымдарды бейiмдеу және орналастыру жөнiнде жұмысты айтарлықтай жақсартты, аудан қызметтерiнiң есептерi алқа мәжiлiстерiнде, аппараттық кеңестерде тыңдалуда. Жергiлiктi жерлердегi әкiмдер оларға жеке шаруашылықпен шұғылдануға көмектесуде. Оралымдар жайылымдар мен шабындықтарды түпкiлiктi тұрғындармен бiрге пайдалануда. Мұнымен қатар жергiлiктi жерлерде "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы толық көлемiнде жүзеге асырылмауда. Келген отандастар орналастыру мен жаңа жағдайға бейiмделуде қиыншылықтарға кездесуде. Жергiлiктi жерлерде орналасуда қолдау таппағаннан кейiн басқа облыстарға көшуде немесе керi қайтып кетуде. Аудандардың әкiмдерi бұрынғы кеңшарлармен тiкелей еңбек шарттары бойынша келгендердi тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне жеткiлiктi көңiл бөлмеуде. Селода жүргiзiлген жекешелендiру 1991-1992 жылдары қоныс аударғандарды iс жүзiнде тұрғын үйсiз қалдырды, олар шарттар бойынша өздерiне берiлген тұрғын үйлерде пәтершiлер болып қалды. 1998 жылғы квот бойынша келген оралымдардың 46 отбасынан тек 14 отбасы тұрғын үй алды. Оралымдарды еңбекке орналастыру жөнiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан жұмысқа орналастырылмағандардың үлесi жоғары қалпында қалуда. Өзбетiмен жұмыспен қамтамасыз ету үшiн "Микрокредит" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң қаражаттарын қатыстыру жөнiнде жұмыс нашар жүргiзiлуде. Жергiлiктi жерлерде оралымдар арасында Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жөнiндегi ережелердi оқып-үйрену жөнiнде түсiнiк жұмыстары жеткiлiксiз жүргiзiлуде. Нәтижесiнде Жарма ауданы бойынша 250 оралымдар, Ұлан ауданы бойынша 285 оралымдар Монғолия азаматтығынан шығу жөнiнде құжаттар әзiрлеуден бас тартты немесе оны тоқтатты. Қабылданған шешiмдерге бақылау жасау жөнiндегi жұмыс тиiстi дәрежеде емес. Ұлан ауданында көші-қон мәселесi жөнiнде қабылданған шешiм алқа мәжiлiсiнде де, аппараттық кеңестерде де тыңдалған жоқ, ауданда осы жұмыс учаскесiне жауап беретiн маман жоқ, ауданда оралымдар отбасыларын қайта есептеу жүргiзiлмеген. Жарма және Ұлан аудандары әкiмдерiнiң (Белихин И.В., Әубәкiров А.А.) есептерiн тыңдап және этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуының Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының ең басты артықшылығы болып белгiленгенiн ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Жарма, Ұлан аудандары әкiмдерiнiң есептерi еске алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (құрманғалиев А.ә.) 1998 жылғы 10 желтоқсанға дейiн 1998 жылғы квот бойынша келген оралымдарға тұрғын үй алу үшiн көші-қон шараларын қаржыландыруды 1998 жылғы облыстық бюджеттiң кiрiс бөлегiн орындау шеңберiнде қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi: - орналасқан тұрғын үй қорының қолданылып жүрген заңға сәйкес жататындығын анықтасын, оралымдарды шығарып тастауға жол бермеу шараларын қолдансын; - "Микрокредит" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң қаражаттарын қатыстыру жолымен жұмыссыз оралымдардың өзбетiмен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жандандырсын.
Тармақ 4
4. Ұлан ауданының әкiмi А.А.Әубәкiров он күн мерзiмi iшiнде облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 12 ақпандағы N 468 шешiмiнiң 8-тармағының көші-қонның аумақтық қызметiн құру бөлегiн орындауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi бас басқарма (Шерубаев С.А.), облыстық жұмыспен қамту орталығы (Набоков Ю.Ф.) берешектердi жою және балаларға жәрдемақыларды дер кезiнде төлеу, отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерiн жұмысқа орналастыру жөнiнде шара қолдансын.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, IIБ, әдiлет басқармасы облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 11 мамырдағы N 515 шешiмiнiң 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 707 қаулысын орындау жөнiндегi жұмысты жандандырсын.
Тармақ 7
7. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, көші-қон және демография басқармасы (Омаров Б.А.), жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитет жыл аяғына дейiн 1998 жылғы квот бойынша келген оралымдарды және бұрын келгендер арасындағы өте мұқтаждарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оралымдарға шаруа шаруашылықтарын ұйымдастыруға орналасқан жерлерге және көлiкке жақындығын ескерiп жер бөлу жөнiнде шаралар қолдансын.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж. Абайдiлдинге жүктелсiн.