Об утверждении Правил о порядке присуждения премии имени А.И. Бараева (три премии) за лучшие научные исследования и работы в области аграрной науки Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
МАЗМҰНЫ 1. Жалпы ережелер 1-6 т.т . 2. Жұмыстарды сыйлыққа ұсынудың, ресімдеудің және тапсырудың тәртібі 7-13 т.т . 3. Жұмыстарды қарау тәртібі 14-21 т.т . 4. Конкурс нәтижелерін бекіту тәртібі 22-25 т.т . 5. Сыйлық лауреаттарын марапаттау 26 т . Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысының 3-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртібі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И. Бараев атындағы (үш сыйлық) сыйлық берудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 386 бұйрығымен бекітілді Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И. Бараев атындағы (үш сыйлық) сыйлық берудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И. Бараев атындағы (үш сыйлық) сыйлық берудің тәртібі туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысының 3-1 тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И. Бараев атындағы (бірінші, екінші және үшінші) сыйлық (бұдан әрі - сыйлықтар) айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар ашқан жаңалықтары, өнер табыстары, шығарылған және анықтап қабылданған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен будандары, жануарлар мен балықтың тұқымдары, тұрпаттары, тұқымдық желілері, құс кростары, өндіріс саласындағы технологиялық және техникалық әзірлемелері, ауыл шаруашылығы өнімін сақтау және қайта өңдеу, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы экономикалық әзірлемелері үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
Тармақ 3
3. Сыйлық алуға ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерінде жан-жақты талқыланудан өткен, ғылыми көпшілікке кеңінен танылған конкурс жарияланғанға дейінгі жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады.
Тармақ 4
4. Ғылым, техника және білім саласында бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына, республикалық бюджет қаражатынан төленетін басқа сыйлықтарға, сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстар, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жіберілмейді. Сыйлыққа жұмыс екі реттен артық ұсынылмайды. Осы сыйлық лауреатының жаңа жетістіктері болған жағдайда, сыйлық оған бес жыл өткен соң қайтадан тағайындалынып берілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Бірінші, екінші және үшінші сыйлықтардың мөлшері айлық есеп көрсеткіштерінің тиісінше 200, 150 және 100 есе шегінде белгіленеді. Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлық тең үлеспен төленеді.
Тармақ 6
6. Аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу шығындары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу үшін көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Жұмыстарды сыйлыққа ұсынудың, ресімдеудің және тапсырудың тәртібі
2. Жұмыстарды сыйлыққа ұсынудың, ресімдеудің және тапсырудың тәртібі
Тармақ 7
7. Сыйлық алу үшін жұмыстарды ұсыну министрліктер мен ведомстволардың алқаларымен, ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерімен және меншік нысанына қарамай Қазақстан Республикасының басқа ғылыми, оқу және өзге ұйымдарының алқа органдарымен (бұдан әрі - ұйымдар) жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Сыйлық алуға жеке авторлардың, сондай-ақ саны бес адамнан аспайтын ұжым авторларының жұмыстары ұсынылады. Әр автордың және шығармашылық ұжымның конкурсқа тек бір жұмыс ұсынуға мүмкіндігі бар.
Тармақ 9
9. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екеуі де бірдей данада):
Тармақша 1
1) кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалар, патенттер көшірмелері және басқа сақтау құжаттары ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер (мемлекеттік тіркеуден өткен) түріндегі сыйлыққа ұсынылған ғылыми жұмыс;
Тармақша 2
2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі және жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен ғылымның әлемдік деңгейіне сәйкестігі, оларды одан әрі пайдалану перспективалары баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (20 беттен аспауы тиіс). Сипаттамаға жұмысты ұсынған мекеменің атауы, жұмыстың аты, ізденушілердің қолы қойылған, оның тегі, аты-жөні көрсетілген кітаптың бірінші беті қоса (мемлекеттік және орыс тілдерінде) беріледі;
Тармақша 3
3) мынадай мәліметтері бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бір бетте): алдыңғы бетінде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегі, аты-жөні, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелері; екінші жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерінің маңызы, жұмыс авторларының қолы;
Тармақша 4
4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкіде), жұмыстың ғылыми маңыздылығын бейнелейтін (жұмыстар сериясы), оның республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығы айтылатын ұсыным-негіздеме;
Тармақша 5
5) мөрмен куәландырылған жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжілісінің хаттамасынан үзінді;
Тармақша 6
6) автор (авторлар) туралы мәліметтер - ізденушінің тегі, аты-жөні, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлік мәліметтері, ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызметі мен үйінің мекен-жайы, телефондары көрсетілген кадр бөлімінің қызметкері куәландырған, ізденушінің негізгі қызмет орны берген анықтама;
Тармақша 7
7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған, ізденушінің ғылыми қызметіне оның шығармашылық үлесін көрсете отырып (ұжым жұмыстары үшін) қысқаша сипаттама;
Тармақша 8
8) ізденушінің негізгі қызмет орнының мөрімен куәландырылған негізгі ғылыми еңбектерінің тізімі (10-нан кем болмауы тиіс);
Тармақша 9
9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған, мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженің 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама. Осы тармақтың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылған және басқа да) ізденушінің соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады.
Тармақ 10
10. Аталған құжаттардың әр жинағы "Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И.Бараев атындағы сыйлық алуға" деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бірге папкіде жеке конвертке салынуы керек.
Тармақ 11
11. Көрсетілген талаптарды бұзып ресімделмеген құжаттар қарастырылмайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды.
Тармақ 12
12. Сыйлық алуға ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялаған конкурс туралы хабарландыруға сәйкес Министрлікке беріледі, мұнда конкурстық құжаттар тіркеледі және қабылдау мерзімі аяқталған соң Конкурстық комиссияға қарау үшін беріледі.
Тармақ 13
13. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бір данада авторлардың жазбаша талаптары бойынша қайтарылады.
Тарау 3. 3. Жұмыстарды қарау тәртібі
3. Жұмыстарды қарау тәртібі
Тармақ 14
14. Сыйлықты беру мәселелері жөнінде конкурстық материалдарды қарау және кепілдеме шешімдерді дайындау үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен құрамы 13 адамнан кем емес Конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия консультативті-кеңесші орган болып табылады және министрліктер мен ведомстволар өкілдерінен, республиканың аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандардан құрылады. Конкурстық комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі немесе Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі басқарады. Осы сыйлыққа Конкурстық комиссия мүшелерінің немесе ұжымдық жұмыстар авторлары құрамында жұмыстарын ұсынған жағдайда соңғылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің сәйкес бұйрығымен ауыстырылады. Конкурстық комиссияның барлық шешімдері хаттамалармен ресімделеді.
Тармақ 15
15. Конкурстық комиссия: сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшін секциялар құрады, олардың құрамын және жұмыс тәртібін анықтайды; сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды осы сыйлық алуға жұмыстар ұсынған ұйымдарды алып тастағандағы ғылыми және тиісті профильдегі басқа да ұйымдарға сараптап қарауға жолдайды; сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға жетекші ғалымдар мен мамандарды тартады.
Тармақ 16
16. Конкурстық комиссия конкурстық материалдар конверттерін ашады, олардың конкурс талаптарына сәйкестігін анықтайды. Белгіленген талаптарға сәйкес материалдарды Конкурстық комиссия секцияларға (ғылымның салалары бойынша) жұмыстардың ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау үшін жібереді, секциялардың ұсыныстық шешімдері Конкурстық комиссияға беріледі.
Тармақ 17
17. Сыйлықтар беру туралы Конкурстық комиссия шешімдері жасырын дауыспен қабылданады. Сыйлықтар мәжіліске қатысып отырған Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде кемінде 2/3 дауыс алған жұмыстарға беріледі.
Тармақ 18
18. Жасырын дауыс беру үшін бюллетеньге жұмыстарды енгізу туралы шешімдерді секциялар ұсыныстарын ескеріп, жұмыстарды қарау негізінде Конкурстық комиссия мүшелерінің мәжілісіне қатысқандардың көп дауысын жинаған ашық дауыс беру арқылы Конкурстық комиссия қабылдайды.
Тармақ 19
19. Жасырын дауыс беру барлық жұмыстар бойынша бір мезгілде жүргізіледі. Егер, жасырын дауыс берудің қорытындысы бойынша үш жұмыстан артық жұмысқа сыйлықтар беруге шешім қабылданса, онда сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған (бірінші, екінші және үшінші сыйлықтар) үш жұмысқа беріледі.
Тармақ 20
20. Егер дауыс беру кезінде бірде-бір жұмыс қажетті дауыс мөлшерін алмаса, сондай-ақ егер екі және одан астам жұмыстар қажетті және тең дауыс мөлшерін алса, Конкурстық комиссия, ол туралы хаттамада көрсете отырып қайта дауыс беруге құқылы. Қайта дауыс беру үшін бюллетеньге бірінші дауыс беру кезінде қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан аз дауыстарын жинаған жұмыстар енгізілмейді. Егер, қайталап дауыс берген жағдайда жұмыстардың біреуі де қажетті мөлшерде дауыс жинамаған болса, сыйлық берілмеген деп саналады және келесі жылға ауыстырылмайды.
Тармақ 21
21. Конкурстық комиссия шешім қабылдауға құқылы, егер оның мәжілісіне комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 қатысқан жағдайда.
Тарау 4. 4. Конкурс нәтижелерін бекіту тәртібі
4. Конкурс нәтижелерін бекіту тәртібі
Тармақ 22
22. Конкурстық комиссия жұмыстарды қарау нәтижесі бойынша мынадай материалдарды рәсімдейді: Конкурстық комиссияның хаттамасын, Конкурстық комиссияның мүшелері қол қойған және мөр қойылған дауыс берген бюллетеньдері салынған конвертті, сыйлықтар беруге кепілденетін жұмыстар бойынша секциялар қорытындыларын, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағына сәйкес құжаттарды.
Тармақ 23
23. Конкурстық комиссиямен сыйлықтар беруге кепілденетін жұмыстар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітуге тиісті шешімдер жобаларымен ұсынылады.
Тармақ 24
24. Сыйлық беру туралы сыйлыққа лайықты жұмыстар туралы қысқаша түсініктемелер көрсетіліп бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 25
25. Сыйлық берілген ғылыми жұмыстар Министрліктің Республикалық ауыл шаруашылығы ғылыми кітапханасына сақтауға беріледі.
Тарау 5. 5. Сыйлық лауреаттарын марапаттау
5. Сыйлық лауреаттарын марапаттау
Тармақ 26
26. Сыйлық беру туралы дипломдар, омырау белгілері мен ақшалай сыйлықтарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі тапсырады.