О Координационном совете по борьбе с преступностью и коррупцией Қолданыста
Басқа 0
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы
2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1998 жылғы 2 маусымдағы №267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы», 2000 жылғы 20 сәуірдегі №377 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Жарма ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі қүрылсын (бүдан әрі - Үйлестіру кеңесі).
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесінің дербес қүрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Күші жойылды деп саналсын:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы 2 наурыздағы №56 «Қылмыс жөне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Кеңес туралы» Жарма әкімиятының қаулысы;
Тармақша 2
2) 2005 жылгы 29 наурыздагы №109 «Қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық Кеңес қүрамына өзгерістер еңгіу туралы» Жарма әкімиятының қаулысы.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Басқа 8. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
Үйлестіру кеңесі туралы ереже
Аудан әкімдігінің
2005 жылғы « 27 » мамырдағы
№ 160 қаулысымен
бекітілген
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
Үйлестіру кеңесі туралы ереже
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бүдан әрі - Үйлестіру кеңесі) аудан өкімдігінің жанындагы консультациялық кеңесші орган болып табылады, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйымдастыру мәселелерінде атқарушы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында қүрылды.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі мен өкімдігінің, аудан әкімі мен өкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
Тармақ ii. II. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаттары
II. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаттары
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесінің мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйымдастыру, қүқық тәртібі мен заңдылықты ныгайту салаларында аудандық атқарушы, қүқық қоргау және басқа да мемлекеттік органдырының қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) аудандағы криминогендік жағдайда талдау жасау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі үсыныстарды қарау және бекіту;
Тармақша 3
3) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан өкімі мен әкімдігінің актілерінің атқарушы, қүқық қорғау және өзге де мемлекттік органдармен орындалу жағдайын зерттеу;
Тармақша 4
4) атқарушы, қүқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар үшін ауданда қүқық тәртібін және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөнінде нүсқамалар әзірлеу.
Тармақ iii. III. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіліктері
III. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіліктері
Тармақ 4
4. Үйлестіру кеңесі негізгі міндеттер мен өз функцияларын жүзеге асыру барысында мыналарға қүқықтығы бар:
Тармақша 1
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте атқарушы, қүқық қорғау және де басқа мемлекеттік органдардан жүмысқа қажетті ақпаратты, қүжаттармен материалдарды сүратуға және алуға;
Тармақша 2
2) Үйлестіру кеңесінің мәжілісіне материалдар дайындау үшін ауданның атқарушы, қүқық қорғау жөне басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерін (келісім бойынша) тартуға;
Тармақша 3
3) мәжілістерінде ауданның атқарушы, қүқық қорғау органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйымдастыру үшін жағдайын қарастыру;
Тармақша 4
4) атқарушы, қүқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйымдастыру жөніндегі ееептерін тыңдау;
Тармақша 5
5) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін жоғарлату, қүқықтық тәртіп пен заңдылық жөніндегі нүсқаулықтар даярлау және үсыныстар енгізу.
Тармақ 5. IV. Үйлестіру кеңесінің жүмысын үйымдастыру
IV. Үйлестіру кеңесінің жүмысын үйымдастыру
5. Үйлестіру кеңесі жүмысын жоспарға сөйкес жүргізеді. Оның мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенге бір рет, өткізіледі.
Үйлестіру кеңесінің мәжілістерін төраға, немесе оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің бір мүшесі өткізеді және олар мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан уақытта заңды деп есептеледі. Үйлестіру кеңесі мәжілістерінің қорытындылары хаттамалармен ресімделеді.
Тармақ 6
6. Үйлестіру кеңесі қажетіне қарай талқыланған мәселелер бойынша шешім (үсыныс) қабылдайды. Үйлестіру кеңесінің шешімдері мәжіліске қатысқан Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады.
Тармақ 7
7. Үйлестіру кеңесінің жүмыс органы аудан әкімі аппаратының кадр жөне мемлекеттік-қүқықтық бөлімі болып табылады.
Тармақ iv
Аудан әкімі
аппаратының басшысы
Д.Садықов