Об образовании городской комиссии по содействию в организации и проведении единого национального тестирования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу бойынша қалалық комиссия құру туралы «Ұлттық біріңғай тестілеуді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы № 317 қаулысын және «Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссия құру туралы» Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 191 қаулысын орындау үшін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлттық біріңғай тестілеу ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу бойынша қалалық комиссия құрылсын (әрі қарай - Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы Курчатов қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е. В. Странековаға жүктелсін.