Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия туралы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 Кодексінің 540- бабына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңының 8.9 баптарына, «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметіңің 2001 жылғы 11 - маусымдағы № 789 қаулысына және «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2005 жылғы 10 наурыздағы №116 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31 бабы, 1-тармағының 17) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрылсын ( әрі қарай- Комиссия).
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы Жарма аудандық мәслихатының кезекті сессиясында бекітуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөңіндегі комиссия құру туралы» аудан әкімінің 2003 жылғы 3 сәуірдегі №22 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М.Брынзовқа жүктелсін.
Басқа 6. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже
Жарма ауданы әкімиятының 2005 жылғы «27» мамыр № 162 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже І. Жалпы ережелер 1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі. Комиссия) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларының кешенді шешілуін іске асыруға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия Жарма ауданы әкімияты жанынан құрылған. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихат сессиясымен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы төрағадан (әлеуметтік салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарынан), төрағаның орынбасарынан (ішкі істер басқармасы бастығының бастығының орынбасарынан), комиссияның 6-12 мүшелерінен және аудандық білім және спорт бөлімінде штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, кұкық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының профйлактикасына, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүдделі ішкі істер органдарының, білім, мәдениет. денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкілдерін біріктіреді.
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты.
Тармақ 7
7. Комиссия қызметі:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандармен адамгершілік қарым-қатынас;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандарға, ата-анасына немесе оның заңды өкілдеріне сыйласымды қарым -қатынас;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандар, ата-анасы немесе оның заңды өкілдері туралы ақпараттың жариялауға жатпайтындығы;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандардың.құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жауапкершілігі қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 8
8. Аудандық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептерді жою, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі іс- шараларды әзірлеу;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының профилактикасы мәселелерін шешуде балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжірибелерін қорыту және тарату, оларға ұйымдастыру - әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 3
3) әділет органдары мен өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен тіркелген қоғамдық бірлестіктермен , діни ұйымдармен, сондай-ақ кәмелетке толмаған -дардың қылмыс жасауының , құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және өзге де қоғамға қарсы іс- қимылдарының профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсітудің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау.
Тармақ 9
9. Комиссияның негізгі функңиялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай- күйі туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған фактілері туралы мүдделі ведомстволарга жүйелі хабарлап отыру ;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтау, олардың өмір сүру, тәрбие, білім беру, еңбек пен демалыс жағдайларын.жақсарту жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу, сондай- ақ өз кұзыреті шегінде олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру ;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушьшыктарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің профилактикасы жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) есеп беретін комиссиялардың қабылдаған шешімдері мен қаулыларының негізділігін тексеру. Қабылданған шешімдерді негізсіз деп таныған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органдарға оларды жою туралы ұсыныстармен шығады; .
Тармақша 5
5) комиссия қаулыларында және ұсынымдарында көрсетілген кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөніндегі шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайларда лауазымды тұлғаларды белгіленген тәртіппен жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу; '
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандардың кұқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай- күйі туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың анықталған фактілері туралы мүдделі органдарды хабардар ету;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандардың қылмыстар, құқық бұзушылықтар және қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау , талдау және оларды жою жөніндегі шараларды белгілеу;
Тармақша 8
8) білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналасу саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою жөніндегі ұсынымдарды енгізу туралы ұсыныстарды құзыретті органдарға жіберу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сактау;
Тармақша 9
9) білім беру ұйымдарында олардың меншік түріне қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай- күйін зерттеу.
Тармақ 3. 3. Комиссия өкілеттілігі
3. Комиссия өкілеттілігі
Тармақ 10
10. Комиссия мақсаттар мен міндеттерді іске асыру барысында мыналарға құқылы;
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысына қажетті кұжаттар мен материалдарды атқарушы және құқық қорғау органдарынан сұрау және алу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аткарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлерін Комиссияның жұмысына тарту;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың кылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептерді жою, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және олардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі жағдайды Комиссия отырыстарында қарау;
Тармақша 4
4) Комиссия қызметіне қатысты мәселелер бойынша атқарушы және құқық қорғау органдарынын есептерін тындау;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандардың кылмыс жасауының, құқық бұзушылыктары мен қадағалаусыз калуының алдын алу, оларды тудыратын себептерді жою, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі жағдайды жаксарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу.
Тармақ 4. 4. Коммиссия жұмысын ұйымдастыру
4. Коммиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Комиссия отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
Тармақ 12
12. Комиссия отырыстарында қаралатын материалдарды әзірлеуді комиссияның жауапты хатшысы жүзеге асырады. Комиссия қажет болса істері қаралатын тұлғалардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша көшпелі отырыс өткізе алады.
Тармақ 13
13. Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем емесі катысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не онын тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
Тармақ 14
14. Комиссия отырысында Комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргізеді.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды.
Тармақ 16
16. Комиссия шешімі отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің жай кепшілік дауысымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда комиссия отырысына төрағалык етушінің даусы шешуші болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссия шешіміне төрағалык етуші және оның жауапты хатшысы қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдануға белгіленген мерзім өткеннен кейін, заңды күшіне енеді.
Тармақ 18
18. Комиссия шешімі тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберіледі. «Жарма ауданының білім және спорт бөлімі» ММ-нің бастығы : Қ.Балтабаев