О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий Қолданыста
Басқа 0
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
Тармақша 2
2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және аквашаруашылық өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
Тармақша 3-1
3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың цифрлық жүйесі (бұдан әрі – сақтандырудың
цифрлық жүйесі) – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың электрондық шарттарын жасасуды, тараптарды белгілі бір уақыт кезіне сәйкестендіруді және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың жасалған электрондық шарттары мен олардың тараптары туралы дерекқорды (мәліметтер жиынтығы) жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе;
Тармақша 3-2
3-2) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг құрамына кіретін акционерлік қоғам;
Тармақша 4
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 5
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық,
цифрлық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
Тармақша 6-1
6-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелер – мемлекеттік қолдау шараларын алған кезде қабылданатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің міндеттемелері;
Тармақша 6-2
Тармақша 6-3
Тармақша 7
7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз;
Тармақша 8
8) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік - республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы;
Тармақша 9
9) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі;
Тармақша 10
10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
Тармақша 10-1
Тармақша 10-2
Тармақша 10-3
Тармақша 10-4
Тармақша 11
11) азық-түлік тәуелсіздігі - азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 12-1
12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын қызмет;
Тармақша 13
13) ауыл шаруашылығы өнiмi – бал ара шаруашылығын, аквашаруашылықты, аң-құс өсіруді қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының, оның ішінде органикалық өндіру арқылы алынған шикiзаты және өнiмi, сондай-ақ оларды бастапқы қайта өңдеу және балық аулау объектілерін қайта өңдеу (өңдеу) арқылы алынған өнiмдер;
Тармақша 14
14) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы өнімін оның физикалық-механикалық қасиеттерін өзгерте отырып, қайта өңдеудің технологиялық процесі;
Тармақша 15
15) ауыл шаруашылығы санағы - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ;
Тармақша 16
16) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елді мекендердің ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы;
Тармақша 17
17) ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы;
Тармақша 18
18) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілеттік орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 19
19) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қоса алғанда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жүйесі;
Тармақша 19-1
19-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 20
20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
Тармақша 20-1
20-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігі – мынадай: тұрақтандыру қорларының қызметі; кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 22
22) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;
Тармақша 22-1
22-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылығы бар жеке тұлға немесе осындай жеке тұлғаның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың мүшесі ретінде есепке алынған отбасы мүшесі;
Тармақша 22-2
22-2) инвестициялық салымдар – жаңа өндiрiстiк қуаттарды құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
Тармақша 22-3
22-3) кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы – өзiндiк құны мен рентабельдiлiгі ескерiле отырып белгiленетiн, ауылшаруашылық тауарын өндiрушiлерден ауылшаруашылық өнiмiн сатып алу жүзеге асырылатын баға;
Тармақша 22-4
22-4) қайта өңдеушi кәсiпорындар – ауылшаруашылық өнiмiн бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеудi жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешеннiң субъектiлерi;
Тармақша 23
23) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;
Тармақша 23-1
23-1) мелиорацияланған жерлер – мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;
Тармақша 24
24) мемлекеттік техникалық инспекция – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық қарап-тексеру, оларды басқару құқығына емтихан қабылдау және куәліктер беру, оларды пайдалану қағидаларының сақталуын қадағалау;
Тармақша 24-1
24-1) сарапшылық кеңес – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылуының және қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де тұлғалардың өкілдерінен тұратын алқалы орган;
Тармақша 24-2
24-2) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін қайта өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өніміне ұсына алатын баға;
Тармақша 25
Тармақша 26
26) сервистік-дайындау орталығы – ауыл шаруашылығы кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі және ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы, аквашаруашылық өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге арналған объект;
Тармақша 26-1
Тармақша 26-2
Тармақша 26-3
26-3) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
Тармақша 27
27) тұтынудың физиологиялық нормалары - сау адамның физиологиялық қажеттілігі толық қанағаттандырылатын тағамдық өнімдердің азықтық және энергетикалық құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тағамдық өнімдерді тұтынудың ғылыми негізделген нормалары;
Тармақша 28
28) фитосанитариялық қауіпсіздік - ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімдік зиянкестерінен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйі;
Тармақша 28-1
28-1) химиялық мелиорациялық іс-шаралар – ауыл шаруашылығы дақылдарының қасиетін жақсарту және шығымдылығын арттыру үшін топыраққа химиялық әсер ету амалдарының жүйесі;
Тармақша 29
29) ішкі азық-түлік ресурстары - белгілі бір уақыт кезеңінде республика аумағында өндірілетін азық-түлік тауарларының болуы;
Тармақша 30
30) электрондық алаң – тұғырнамасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері өздерінің ауыл шаруашылығы тәуекелдерін шығаратын және орналастыратын, сақтандырудың
цифрлық жүйесі базасында жұмыс істейтін ұйымдастырылған электрондық алаң.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Eгep Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері
3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
Тармақша 5
5) органикалық өнім
өндірісін және айналымын дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
Тармақша 1
1) экономикалық өсу әлеуетi бар aгpo-өнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығы;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жөнiндегi халықаралық келiсiмдердiң талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестiк;
Тармақша 3
3) мемлекет жүзеге асыратын iс-шаралардың ашықтығы;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудiң атаулылығы;
Тармақша 5
5) отандық агроөнеркәсiптiк өндiрiстiң бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту;
Тармақша 6
6) iшкi нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсiптiк кешен қызметiнiң және тұрғындардың ауылдық елдi мекендерде тұруының экологиялық қауiпсiздiгi;
Тармақша 9
9) кәсіпкерлердің қоғамдық бiрлестiктерiмен, қауымдастықтарымен (одақтарымен) өзара iс-қимыл;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк реттеу шараларының тиімділігі;
Тармақша 11
11) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажеттi көлемiн қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
4-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретiне:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлеу;
Тармақша 1-1
1-1) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 2
2) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2-1
2-1) органикалық өнім
өндірісі және айналымы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақша 8
8) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдау тәртiбiн айқындау;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекiту кіреді.
Тармақша 11
Тармақша 12
Тармақша 13
Тармақша 14
Тармақша 15
Тармақша 16
Бап 6. 6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
Тармақша 2-1
2-1) органикалық өнім
өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын әзiрлеу және бекiту;
Тармақша 3-1
3-1) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 3-2
3-2) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
Тармақша 3-3
3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 4
4) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдау, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асыру;
Тармақша 4-1
4-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекіту;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды,
фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6-1
6-1) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7
7) мыналардың:
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;
азық-түлік тауарларының;
азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;
Тармақша 7-1
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттеу;
Тармақша 8
8) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту;
Тармақша 9
9) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн әзiрлеу;
Тармақша 10
10) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 11
11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 12
12) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттiң саясаты саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 13
13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
Тармақша 14
14) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 15
15) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 16
16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 17
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 18
18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 19
19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 20
Тармақша 21
21) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 21-1
Тармақша 22
22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 22-1
Тармақша 23
Тармақша 24
Тармақша 25
25) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 26
26) ауыл шаруашылығы өнімінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 27
27) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
Тармақша 28
28) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 28-1
28-1) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;
Тармақша 28-2
28-2) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;
Тармақша 28-3
28-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 28-4
28-4) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;
Тармақша 29
29) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 30
30) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдiстемелiк басшылық жасау;
Тармақша 31
31) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 32
32) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 33
33) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;
Тармақша 34
34) "Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 35
35) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
Тармақша 36
36) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;
Тармақша 37
Тармақша 38
Тармақша 39
39) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 39-1
39-1) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 40
40) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 40-1
Тармақша 40-2
Тармақша 41
41) мыналарды:
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
отандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;
облигациялар бойынша купондық сыйақыны;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 41-1
41-1)
31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 41-2
41-2)
31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 41-3
41-3) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
Тармақша 41-4
41-4)
31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 41-5
41-5) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 41-6
41-6) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 41-7
41-7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекіту;
Тармақша 41-8
41-8) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторды айқындау;
Тармақша 41-9
41-9) сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 41-10
41-10) сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту тәртібін айқындау;
Тармақша 41-11
41-11) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 41-12
41-12) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының бөлінуі мен орналастырылуын бекіту;
Тармақша 41-13
41-13) 01.01.2020 бастап 01.01.2023 дейін қолданыста болды - 10.10.2022 № 144-VII Заңымен;
Тармақша 41-14
41-14) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 42
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 2
2. Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлетті органның құзыретiне:
Тармақша 1
1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) орталық және жергілiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
Тармақша 3-1
3-1) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі мен мөлшерін айқындау;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 7
7) жергiлiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кiредi.
Тармақ 3
3. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту кіреді.
Бап 7. 7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) және жергiлiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) және жергiлiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекiту;
Тармақша 2
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы iс-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекiту;
Тармақша 3
3) жергiлікті атқарушы органдар басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 1-2
1-2) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
Тармақша 1-3
1-3) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;
Тармақша 1-4
1-4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;
Тармақша 1-5
1-5) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 1-6
1-6) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;
Тармақша 1-7
1-7)
01.01.2020 бастап 01.01.2023 дейін қолданыста болды - 10.10.2022 № 144-VII Заңымен;
Тармақша 1-8
1-8) мыналарға:
агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына;
азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу;
Тармақша 1-9
1-9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 2-1
2-1) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
2-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастыру;
2-3) нормативтік құқықтық базаны, баға, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттің саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
2-4) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тауарлық ілгерілету жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 5
5) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыру;
Тармақша 6
6) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
Тармақша 6-1
6-1) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
Тармақша 7
7) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
Тармақша 8-1
8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 9
9) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 10-1
10-1) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 11
11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12)
асыл
тұқымды жануарларды
сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
Тармақша 12-1
12-1)
қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
Тармақша 12-2
Тармақша 12-3
12-3) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
Тармақша 12-4
12-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
Тармақша 12-5
12-5) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
Тармақша 12-6
12-6) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
Тармақша 12-7
12-7) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
Тармақша 12-8
12-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
Тармақша 12-9
12-9) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 12-10
12-10) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ Занның 2-бабы 2-тармағымен;
Тармақша 12-11
12-11) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 12-12
12-12) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 12-13
12-13) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
Тармақша 12-14
12-14) тиісті жергілікті өкілді органның бекітуіне ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын ұсыну;
Тармақша 12-15
12-15) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі
іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
балық шаруашылығын, аквашаруашылықты және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
Тармақша 14
14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
Тармақша 15
15) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
Тармақша 16
16) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
Тармақша 17-1
17-1) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
Тармақша 17-2
Тармақша 17-3
17-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 17-4
17-4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 17-5
Тармақша 17-5
17-5)
31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 17-6
17-6) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 17-7
17-7)
31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 17-8
17-8)
31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 17-9
Тармақша 17-10
17-10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 17-11
17-11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту;
Тармақша 17-12
17-12) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 17-13
17-13) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 17-14
Тармақша 17-15
17-15) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 17-16
17-16) органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 17-17
Тармақша 18
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 3
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекiту;
Тармақша 2
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджетті, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы ic-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекіту;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдіктер) басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөнiндегi есептерiн тыңдау;
Тармақша 4
4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
архив ісі,
спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы жұмыскерлерге өзге де әлеуметтік көмек шараларын айқындау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 4
4. Аудандардың (облыстық маңызы бap (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 2-1
2-1) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 4
4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
Тармақша 4-1
4-1) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу, күтіп-ұстау және реконструкциялау;
Тармақша 5
5) елді мекендерде ауыл шаруашылығы
жануарларын асырау қағидаларын әзiрлеу;
Тармақша 5-1
5-1) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 6
Тармақша 6-1
6-1) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 7
7) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
Тармақша 7-1
7-1) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;
7-2) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізу;
7-3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 8-1
8-1) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
Тармақша 9
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 5
5. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретiне:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 3
3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге қатысу;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысу;
Тармақша 7
7) микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшiн табысы төмен адамдарды анықтау;
Тармақша 8
8) ауылдық елдi мекендердi абаттандыру, жарық беру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 8-1
8-1) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
Тармақша 9
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың қарауына жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Бап 8. 8-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыреті
8-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыреті
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыретiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегінде жергілiктi маңызы бар мәселелердi шешуге халықтың қатысуын қамтамасыз ету кіредi.
Тарау 3. 3-тарау. АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
3-тарау. АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
Бап 9. 9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құруға, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға, сондай-ақ өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын және аквашаруашылықты, ауыл шаруашылығы шикізаты мен тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 3-1
3-1) ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
Тармақша 4
4) мамандандырылған ұйымдар құру;
Тармақша 5
5) агроөнеркәсiптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
Тармақша 6
6) агроөнеркәсіптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
Тармақша 7
7) агроөнеркәсіптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсіптiк кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
Тармақша 9
9) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
Тармақша 11-1
Тармақша 12
12) салықтық, бюджеттiк, кедендiк-тарифтiк, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де шараларды қолдану;
Тармақша 13
13) агроөнеркәсіптік кешенде технологиялық міндеттерді мониторингтеу, болжау және технологиялар трансфертін ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қоса қаржыландыруға тарту арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды мемлекеттiк реттеудiң осы баптың 2-тармағында белгiленген iс-шаралары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.
Осы ic-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттардың жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiмен белгiленедi.
Тармақ 4
4. Агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік ынталандыру осы Заңға және «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Бап 10. 10-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту
10-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамытуды мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инфрақұрылымын құру және дамыту;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының, балық шаруашылығы мен аквашаруашылыққа арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингi;
Тармақша 3
3) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;
Тармақша 4
4) ауылдық жерлердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;
Тармақша 5
5) aуыл шаруашылығы өнiмін сатып aлу, өндiру, қайта өңдеу және өткiзу;
Тармақша 5-1
5-1) аквашаруашылық және балық өнімін өңдеу;
Тармақша 6
6) ауыл халқына микрокредит берудi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеуді ұйымдастыру жасалған шарт негізінде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері арқылы жүргiзiледi.
Бап 10-1. 10-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды
қолдау
10-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды
қолдау
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақыларын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандырушылар):
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор бекіткен сақтандыру өнімдерінің шеңберінде;
Тармақша 2
2) сақтандырудың цифрлық жүйесі арқылы жасасқан агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары субсидиялауға жатады.
Тармақ 3
3. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бюджет қаражаты бөлінеді.
Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шартқа сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың кіріс бөлігі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган шарт негізінде беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кірістер есебінен қалыптастырылады.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлігі Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомаларын, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеуге арналған шығыстарды қамтиды.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражаттың қаржы жылының соңына есептелетін қалдықтары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, келесі қаржы жылы сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға жұмсалады.
Тармақ 5
5. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың функцияларына:
Тармақша 1
1) сақтандырудың
цифрлық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оны қолдап отыру;
Тармақша 2
2) бюджет қаражатын сақтандыру сыйлықақылары бойынша субсидиялар түрінде бөлу процесін әкімшілендіру;
Тармақша 3
3) субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдерін әзірлеу, сараптама жүргізу және бекіту кіреді. Сақтандыру өнімдерін агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор немесе сақтандырушылар әзірлейді. Субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі;
Тармақша 4
4) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласының мониторингі;
Тармақша 5
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастыру кіреді.
Тармақ 6
6. Сақтандырудың
цифрлық жүйесіне қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) құқықтық және жер кадастрларының деректерімен, сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқормен, рұқсаттар және хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік салаларындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының деректерімен интеграциялану;
Тармақша 2
2) Жерді қашықтан зондтау түсірілімдерін алу және өңдеу мүмкіндігі.
Сақтандырудың
цифрлық жүйесінің функционалы:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне сақтандыру өнімдері және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар жөнінде толық ақпарат орналастырылатын бірыңғай ақпараттық ресурсты ұсыну;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сақтандыру өнімін сатып алуға өтінімдер беруі;
Тармақша 3
3) егер сақтандырудың
цифрлық жүйесінің иесі мен сақтандырушы арасында тиісті келісім жасалған болса, сақтандырушы мен сақтанушы арасында агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттарын жасасу;
Тармақша 4
4) сақтандыру сыйлықақысының субсидияланатын бөлігіне ақы төлеу үшін жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша тізілімді (деректерді) қалыптастыру;
Тармақша 5
5) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға нақты уақыт режимінде электрондық нысанда жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша тізілімді (деректерді) беру;
Тармақша 6
6) сақтандырушылардың жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары шеңберінде сақтандыру сыйлықақылары бойынша субсидияны алуға өтінімдер беруі;
Тармақша 7
7) электрондық алаңда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өздері сақтандыруды қалайтын тәуекелдері туралы ақпаратты орналастыру;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат алмасу.
Бап 11. 11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиiмдiлігі;
Тармақша 2
2) өндiрiлген өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелерді қабылдау жағдайында агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Агронеркәсіптік кешенді субсидиялау агронеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
Тармақша 1-1
1-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;
Тармақша 1-2
Тармақша 1-3
1-3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
Тармақша 1-4
1-4) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 3
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
Тармақша 3-1
3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
Тармақша 4-1
Тармақша 5
5) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін дамыту;
Тармақша 5-1
5-1) қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
Тармақша 5-2
5-2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандату;
Тармақша 5-3
Тармақша 5-4
Тармақша 6
6) органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау;
Тармақша 7
7) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
Тармақша 8
Тармақша 8-1
8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау;
Тармақша 8-2
8-2) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
Тармақша 8-3
8-3) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
Тармақша 8-4
8-4) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
Тармақша 8-5
8-5) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
Тармақша 8-6
8-6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
Тармақша 8-7
8-7) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
Тармақша 8-8
8-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығыстарын субсидиялау;
Тармақша 8-9
8-9) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
Тармақша 8-10
8-10) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау;
Тармақша 8-11
8-11) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау;
8-12) балық өнімін қайта өңдеуді субсидиялау;
Тармақша 9
9) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау:
Тармақша 1
1) субсидия алушы мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайын жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілеттік орган белгілеген нысан бойынша міндеттеме қабылдаған жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша, сондай-ақ суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау
су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 12. 12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк реттеу
12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк реттеу
Тармақ 1
1. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және
қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк peттеу:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларымен ішкi нарықты қорғау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері іске асырылады.
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 13. 13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету
13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнiмінің сапасы мен қауіпсiздігін халықаралық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен
қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша
жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды
жою;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердi және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағын қорғауға және мал мен адамға ортақ аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық iс-шараларды;
Тармақша 5
5) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, сондай-ақ олардың таралу ошақтарын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялық iс-шараларды;
Тармақша 6
6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін
жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою салдарынан агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне келтiрiлген залалды
өтеу;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін
жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеу іс-шараларын
жүзеге асырады.
Бап 13-1. 13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның функциялары:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу;
топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 13-2. 13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін
мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету
13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін
мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету
Бап 14. 14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi
техникалық және технологиялық қамтамасыз ету
14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi
техникалық және технологиялық қамтамасыз ету
Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз етудi мемлекеттiк реттеу:
Тармақша 1
1) машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желiсiн дамыту және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық және шетелдiк өндiрiсi өнiмдерiн сынақтан және мiндеттi сертификаттаудан өткiзу;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк техникалық
инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) технологиялар трансферті жөніндегі мамандандырылған ұйымның озық отандық және шетелдік технологияларды іздеуі, трансферті және ендіруі арқылы жүзеге асырылады.
Бап 14-1. 14-1-бап. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу
14-1-бап. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу
Бап 15. 15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету
15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
Тармақша 1-1
1-1) агроөнеркәсiптiк кешендi агрометеорологиялық және ғарыштық мониторинг деректерiмен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) кемiнде он жылда бiр рет ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу;
Тармақша 3
3) ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтарды, журналдарды, тақырыптық басылымдарды басып шығару;
Тармақша 4
4) цифрлық технологияларды және ақпараттық жүйелердi құруға және дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және
қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің өнiмiне жарнамалық қолдау көрсету;
Тармақша 6
6) оқытып-үйрету семинарларын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) электрондық қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті орган айқындайды.
Бап 16. 16-бап. Агроөнеркәсiптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар
16-бап. Агроөнеркәсiптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар
Мамандандырылған ұйымдарды құру тәртiбi, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Бап 16-1. 16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар
16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар
Бап 17. 17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау
17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау
Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды ғылыми және кадрмен қамтамасыз етудi мемлекеттiк қолдау:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсіптік кешен мен аграрлық ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру, олардың инфрақұрылымын жаңғырту, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды, аттестаттауды;
Тармақша 3
3) климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған әзірлемелерді қоса алғанда, өндіріске ғылыми әзірлемелерді тарату мен енгізуді;
Тармақша 4
4) өсiмдiктердiң жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдары мен түрлерiнiң тектiк қорларын сақтауды және дамытуды;
Тармақша 5
5) агроөнеркәсiптiк кешенге кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн машина-трактор паркiн құруды және технологиялық жабдықты
жаңартып отыруды;
6) ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялауды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Бап 18. 18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту
18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту
Тармақ 1
1. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік peттеу ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) ауылдық елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi және экологиялық жай-күйi бойынша сыныптау;
Тармақша 3
3) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнің және ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйінің нормативтерiн әзiрлеу;
Тармақша 4
4) мыналардың:
ауыл тұрғындарының ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтылу жай-күйінің;
ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;
Тармақша 5
5) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын құру және дамыту;
Тармақша 6
6) ауылды оңтайлы қоныстандыру;
Тармақша 7
7) ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінің, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік қызметшілерінің тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.
Тармақ 3
3. Экологиялық жағдайы қолайсыз және экономикалық әлеуетi төмен ауылдық елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарының, өздерiнiң келiсiмiмен қоныс аударған кезде Қазақстан Pecпубликасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттік қолдауға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет,
архив ісі,
спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 5
5. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жергілікті өкiлдi органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Ауылдық елдi мекендерге тартуға ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар жергілiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) шешiмi бойынша қызметтiк тұрғын үймен не қызметтiк тұрғын үй болмаған жағдайда, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жаймен қамтамасыз етіледi.
Тармақ 7
7. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленеді.
Тармақ 8
8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы беріледі және тұрғынжай сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылады.
Ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі ол келген (тіркелген) кезден бастап үш жылға дейінгі ұзақтықпен белгіленеді. Үш жылдық мерзім аяқталған соң әлеуметтік қолдау алу құқығы жойылады.
Тармақ 9
9. Осы баптың күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
Бап 19. 19-бап. Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету
19-бап. Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету ғылыми негiзделген ауыл шаруашылығы технологияларын және ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу технологияларын қолдану, ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсететiн инфрақұрылымның тиiмділігiн арттыру бәсекеге қабiлеттi өнiм шығару, бюджеттiк қаржыландыруды оңтайландыру, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту, ауылдық елдi мекендердің экономикалық әлеуетiн арттыру, ауылдық елдi мекендердің экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ауыл халқын оңтайлы орналастыру схемасын әзiрлеу мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету уәкiлетті мемлекеттік органның стандарттарды, нормативтердi, нұсқаулықтарды, әдiстемелердi, ұсынымдарды әзiрлеуi арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу
3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу
Бап 19-1. 19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары
19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік;
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік;
Тармақша 3
3) тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі азық-түлік қауіпсіздігінің өлшемдері болып табылады.
Тармақ 2
2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін өндірушілерді қолдау арқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі;
Тармақша 3
3) азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен өзара іс қимылы болып табылады.
Бап 19-2. 19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі
19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі
Тармақ 1
1. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі:
Тармақша 1
1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 4
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жергілікті атқарушы органдардың,
сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік статистика саласында басшылықты, оның ішінде нақты уақыт режимінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның деректері негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілеттік орган жүргізеді.
Тармақ 3
3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілеттік орган азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі негізінде азық-түлік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік
цифрлық ресурстарды қалыптастырады.
Бап 19-3. 19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Азық-түлік қауіпсіздігі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 4
4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі;
Тармақша 5
5) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына генетикалық түрлендiрiлген тамақ өнiмдерінің, құрамында генетикалық түрлендiрiлген организмдер бар азық-түлiк тауарларының сатып алынуын болғызбау арқылы қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастырады және пайдаланады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі нәтижелерін талдау мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттік мемлекеттік орган ұсынатын азық-түлік тауарларының өндірісі, тауар қозғалысы, ассортименті және бағалары туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Егер республикадағы азық-түлік тауарларының жылдық өндірісі физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес халықтың жылдық қажеттілігінің сексен пайызынан төмен болса, онда Қазақстан Республикасының азық-түлік тауарларының түрлері бойынша тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген деп есептеледі.
Бап 19-4. 19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия
19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия
Тармақ 1
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі комиссияны құрады және оның құрамын бекітеді. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік пен сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссияның мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуға тиіс. Комиссияның хатшысы оған мүше болып табылмайды.
Тармақ 4
4. Комиссияның құзыретіне:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындау;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субьектісін айқындау;
Тармақша 7
7) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі ұсыныстарын қарау жатады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 20. 20-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық
20-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттардың негiзінде жүзеге асырылады.
Бап 20-1. 20-1-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
20-1-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 21. 21-бап. Қорытынды ережелер
21-бап. Қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 8, 93-құжат, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 327-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; 2004 ж., N 23, 242-құжат) күшi жойылды деп танылсын.