О внесении изменений и дополнения в Закон Республики Казахстан "О военном положении" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бап 1
1-бап. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 4, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары.";
Тармақша 2
2) 6-баптың 1-тармағында: 9) тармақшадағы "заңдарында" деген сөз "заңнамалық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын; 16) тармақша алып тасталсын;
Тармақша 3
3) 9-бапта: 9) тармақша алып тасталсын; 13) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Осы баптың 3), 4), 6) тармақшаларында аталған нормативтік құқықтық актілер соғыс жағдайы күшінде болған кезеңде де, оны енгізгенге дейін де қабылдануы мүмкін.";
Тармақша 4
4) 10-бапта: 3) тармақша алып тасталсын; 4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігінің қажеттерін қаржыландыру тәртібін белгілейді," деген сөздер алып тасталсын; 6) тармақша алып тасталсын; 9) тармақша алып тасталсын;
Тармақша 5
5) 12-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.