Об упорядочении взимания сбора за право реализации товаров (работ, услуг) на рынках области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыс базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алуды тәртіпке келтіру туралы» 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. Облыс базарларында тауарларды өткізу құқысы үшін алымдар жинап алуды тәртіпке келтіру, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді мемлекеттік бюджетке дер кезінде түсіру мақсагында және «Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу құқысы үшін алымдарды төлеу мен ставқалардың Ережесін бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 Қаулысын орындау үшін:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары мен аудандарынын әкімдері Шығыс Қазақстан облысының сауда және қызмет көрсету департаментімен келісім бойынша базарлардағы сауда Ережелеріне және оларға қойылатын санитарлық талаптарға, сондай-ақ Шығыс Қазакстан облыстық Мәслихатының 1996 жылғы 30 мамырдағы IX сессиясыньщ № 9/5 шешімімен бекітілген базарларға санаттар беру тәртібіне сәйкес базарлардың санаттарьн белгілесін.
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері олардың аумақтарындағы базарларда тәртіпті қамтамасыз етсін, қалалардың, аудандардың базарларында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) еткізу құқысы үшін алымдар ставқаларын «Қазакстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу үшін алымдарды төлеу мен ставқалардың Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жьлғы 4 қыркүйектегі № 840 Қаулысы белгілеген шеңберде белгілеу құқысьн берсін, бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының сауда жөне қызмет көрсету департаментімен міндетгі түрде келісілсін.
Тармақ 3
3. Өскемен, Семей, Лениногор қалаларының меншіктік нысандарына карамастан базарларында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алу жөніндегі уәкілдік орган болып Шығыс Қазақстан облысының сауда және қызмет көрсету департаменті белгіленсін.
Тармақ 4
4. Аудандардың, Курчатов қаласының әкімдері меншіктік нысандарына қарамастан базарларда тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу үшін алымдар жинап алуды өздерінің уәкілдері немесе базарлардың әкімшілігі арқылы қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысынын, сауда және қызмет көрсету департаменті (Шәкенов М.Ш.) 1999 жылдын бірінші жартыжылдығыда Шығыс Қазақстан облысының сауда және қызмет көрсету департаментінің Зырян, Шемонайха, Аягөз, Үржар, Зайсан аудандарының базарларында тауарлар (жұмыстар, кызметтер) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алуды қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы мәселені зерттесін.
Тармақ 6
6. Уәкілдік берілген органдардың базарларда тауарлар (жұмыстар, қызметгер) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алу тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 7
7. Күрделі үйлерде орналастырылған және ауыл шаруашылығы өнімдерінеп басқа өнеркәсіп өнімдерін өткізу үшін пайдаланылатын сауда кәсіпорындарынан басқа базарлардын аумағында орналасқан барлық сауда кәсіпорындары тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алу жөніндегі жұмысқа көшірілсін.
Тармақ 8
8. Облыс Әкімінің бұрын қабылданған өкімдері мен шешімдері күшін жойды деп саналсын:
Тармақша 1
1) «Облыс аудандарының, қалаларыньң базарларында тауарлар өткізу құқысы үшін алымдар туралы» 1996 жылғы 28 мамырдағы № 1-42 ө.
Тармақша 2
2) «Облыс базарларында алымдар жинап алуды тәртіпке келтіру туралы» 1996 жылғы 4 тамыздағы № 1-117 ө.
Тармақша 3
3) «Облыс базарларында алымдар жинап алудын тәртібі туралы уақытша Ережені бекіту туралы» 1996 жылғы 26 тамыздағы №1-145 ө.
Тармақша 4
4) «Облыс базарларында тауарлар өткізу құқысы үшін алымдардан түсетін қаражаттардан 15 проценттік аударуды пайдалану тәртібі туралы Ережені бекіту туралы облыс Әкімнің 1996 жылғы 7 маусымдағы № 33 шешімін бұзу туралы» 1997 жылғы 17 ақпандағы № 232 шешімінің 2- тармағы;
Тармақша 5
5) «Сауда қызметін жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғаларға аландарын жалға берген дүкендерді, тұрмыстық үйлерді базарлар қатарына көшіру туралы» 1998 жылғы 21 шілдедегі №1-410 ө
Тармақ 9
9. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсін.
Басқа 15. Уәкілді органдардың облыс базарларында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алуының тәртібі туралы
Шығыс Қазакстан облысы әкімінің 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 630 шешіміне косымша Уәкілді органдардың облыс базарларында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алуының тәртібі туралы Е Р Е Ж Е
Тармақ 1
1. Уәкілді органдардың облыс базарларында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алудын тәртібі туралы осы Ереже «Қазақстан Республикасының базарларында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу құқысы үшін алымдар төлеу мен ставқалардың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүиектегі №840 Қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Уәкілді органдар тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу құқысы үшін алымдар жинап алуды инспекторлар-жинаушылар арқылы жүзеге асырады, олар өз міндеттерін уәкілді органдармен жасасқан келісім шарттардың негізінде атқарады.
Тармақ 3
3. Инспекторлар - жинаушылар материалдық жауапкерішлік туралы шарттарға сәйкес толық материалдық жауапкершілік атқарады.
Тармақ 4
4. Алым қалалардың, аудандардың салық органдарында тіркелген талондарға сәйкес жинап алынады және қатаң есептелетін бланқалар болып табылады.
Тармақ 5
5. Инспекторлар-жинаушылар базарларда тауарлар (жұмытстар, қызметтер) өткізу құқысы үшін алымдардан алынған ақша каражаттарын уәкілді органның кассасына күн сайын өткізеді, кейін бұл қаражаттар инкассацияланады және қалалардың, аудандардың жергілікті бюджетреріне аударылады.
Тармақ 6
6. Уәкілді органдар он күнде кемінде бір рет алынған және пайдаланылған талондар үшін салық қызметі алдында есеп береді. Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының басшысы Т.ИБРАЕВ