Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 64-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясын ұйымдастыру туралы от 05.05.2005 г. № 495 (Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясын ұйымдастыру туралы)
1. Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясы туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қостанай қаласы әкімияты қаулысының 3-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп есептелсін.
Қостанай қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 5 мамырдағы
№ 495 қаулысына
1-қосымша
Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов Қостанай қаласының әкімі,
комиссия төрағасы
Николай Иванович Дорошок «Қостанай қаласы әкімиятының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, төрағаның орынбасары
Надежда Васильевна Хазиева «Қостанай қаласы әкімиятының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас
маманы, хатшы
Ольга Михайловна Дробышева «Қостанай қаласы әкімиятының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
Людмила Сергеевна Кураева «Қостанай қаласы әкімиятының экономика
қаржы мемлекеттік мекемесінің бастығы
Асан Қорғанбекұлы Нұрғазинов Қостанай қаласы әкімінің орынбасары
Дүйсенбай Теміржанұлы Экономика, басқару, бюджетті, заңды және
Сейітқазинов құқықты орындау мәселелері жөніндегі қалалық
мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы
Нығмет Габдолұлы Суханов Қалалық мәслихаттың ревизиялық комиссияның
төрағасы
Светлана Яковлевна Трегубова Қостанай қаласы бойынша салық комитетінің
төрайымы
Әкімдіктің
2005 жылғы 5 мамырдағы
№ 495 қаулысына
2-қосымша
Қостанай қаласының бюджет комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін қаланың бюджеттік комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді.
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Комиссияның мақсаты
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты облыстық бюджеттің жобасын уақытында және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және облыстық бюджетті анықтау мен орындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия міндеттері мен функциялары
4. Комиссиясының негізгі міндеттері болып табылады:
бірыңғай ұсыныстар бойынша:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған орташа мерзімді фискалдық саясат;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының көрсеткіштерін анықтау;
алдағы үш жылдық кезеңде қаржыландыру және қаржы жылына жоспарланған бюджеттік бағдарламаларды таңдап алу үшін, орташа фискалдық саясат негізінде олардың іске асыру механизмін анықтау;
жергілікті бюджеттерде шығыстардың көбеюін немесе кірістердің азаюын қарастыратын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары;
тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетті анықтау;
қалалық бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың қорытынды бағасын қарау.
Бюджет кодексін және осы ережеде қарастырылған, басқа да өкілеттіктер.
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) комиссияның жұмыс органы әзірлеген материалдарды қарайды және белгілейді:
қала бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін;
алдағы қаржы жылына арналған қалалық бюджетке түсетін болжамды көрсеткіштерін;
қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру тәсілдері;
бюджеттік қаржы шығыстарының басым бағыттары және заңды тұлғаларды қаражаттандыру;
қалалық бюджеттің бюджеттік бағдарламалар шығыстарының лимиттерінің;
жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын алдағы үш жылдық кезеңге жоспарланған мемлекеттік, салалық бағдарламалардың кесіміндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі;
облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын алдағы үш жылдық кезеңге арналған мақсатты трансферттерді дамыту және несие үшін мемлекеттік, салалық бағдарламалардыңкесіміндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталының қалыптасуына және көбеюіне тікелей қатысуымен іске асырылатын бюджеттік инвестициялар;
жоспарланған үш жылдық кезеңде қаржыландыруды сұрайтын аумақтық, салалық бағдарламалардың тізбесі;
облыстық бюджеттен мақсатты трансферттерді дамыту және несие үшін және бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері;
2) Комиссия жұмыс органының дайындаған материалдарын қарайды және шешімдер қабылдайды:
қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орташа мерзімді жобасын мақұлдау;
фискалдық саясаттың орташа мерзімді жобасын мақұлдау:
өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің баға қорытындысы;
қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының және жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері есебінен табиғи нормаларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстары;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік тапсырысы;
алдағы қаржы жылына арналған қалалық бюджеттің жобасы;
бағдарламаларды қабылдау және өзгертулер енгізу қажеттілігі туралы жұмыс органының қорытындысы және қалалық бағдарламалардың жобалары;
тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджет кірістерінің азаюы немесе шығыстардың көбейтілуі жөніндегі әкімдіктің шешімдері, қаулыларының жобалары;
қалалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
4. Комиссияның құқықтары
6. Өздерінің міндеттеріне сәйкес комиссияның:
1) атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен өзара бірлесе іс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
2) шешімдер қабылдауға және өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуіне;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуына;
4) Комиссияның отырысына бірінші басшыларды, ал олар жоқта мемлекеттік мекеме және ұйымдардың бірінші басшыларының міндеттің атқаратын тұлғаларды комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты сұрақтар бойынша шақыртуына және тыңдауына құқы бар.
5. Комиссия қызметті және қалыптастыру тәртібі
7. Комиссияның құрамы заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталады.
8. Бюджет комиссиясының құрамына кіреді:
комиссияның төрағасы;
комиссия төрағасының орынбасары;
комиссияның хатшысы;
комиссия мүшелері.
9. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыру жөнінде жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссиямен жүзеге асырылатын қызмет үшін жауапкершілік алады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын төраға тағайындаған орынбасары орындайды.
10. Комиссияның хатшысы комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырысының хаттамаларын әзірлейді.
11. Комиссия мүшелері отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
12. Жұмысын жоспар-кестесін комиссия белгілейді. Жергілікті бюджеттің жобасын әзірлеу кезеңінде, комиссия жұмысының жоспар-кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жергілікті бюджеттер жобаларын жасау Ережелерімен анықталған мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
13. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен , сонымен бірге комиссияның мүшелерін сұрау жолымен және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы оларға берілген жағдайда қабылданады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
14. Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысы көрсетіле отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындайтын жағдайларда, комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды. Комиссияның қабылданған шешімі төраға мен хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссияның мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда отырыстың хаттамасына қоса берілетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар.
15. Комиссияның оған жүктелген міндеттердін орындау мақсатында қабылдаған шешімі міндетті түрде барлық мемлекеттік органдармен көрсетілген мерзімде қаралуға және орындалуға тиісті.
16. Комиссия жұмысшы органы «Қостанай қаласы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ болып табылады.
17. Комиссияның отырыстар арасындағы кезеңде жұмысшы орган оның қызметінің ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
18. Жұмысшы органының функциялары комиссия отырысына, комиссиямен немесе жұмысшы органымен белгіленетін мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес материалдар әзірлеу, оларды комиссия мүшелеріне жіберу, комиссия отырысының хаттамаларын әзірлеу, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға олардың құзырына кіретін мәселелер жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділерді жеткізу, сондай-ақ нормативтік-құқықтық кесімдер мен осы ережеден туындайтын басқа функциялар болып табылады.
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
19. Комиссия қызметінің тоқтатылуына қала әкімдігінің комиссия қызметінің тоқтатылуы туралы шешім қабылдауы негіз болады.
20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген, комиссия қызметінің тоқтатылуына әкеп соғатын жағдайлар туындаған кезде қала әкіміне жасалған жұмыс туралы есеп-хат жіберіледі.
Қостанай қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 5 мамырдағы
№ 495 қаулысына
3-қосымша
Күші жойылған Қостанай қаласы әкімдігі қаулыларының
тізбесі
1. Қостанай қаласы әкімиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы № 185 «Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясын құру туралы» қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1426, 2002 жылғы 21 мамырдағы № 40 «Қостанай»).
2. Қостанай қаласы әкімиятының 2003 жылғы 23 маусымдағы № 475 «Қостанай қаласы әкімиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы № 185 «Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2323, 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 74 «Қостанай»).
3. Қостанай қаласы әкімиятының 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 779 «Қостанай қаласы әкімиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы № 185 «Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2511, 2003 жылғы 21 қазандағы № 120 «Қостанай»).
4. Қостанай қаласы әкімиятының 2004 жылғы 16 тамыздағы № 1032 «Қостанай қаласы әкімиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы № 185 «Қостанай қаласының бюджеттік комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3147, 2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 105 «Қостанай»).