Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и на проезд к месту обучения в пределах региона Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесіне сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған кәсіби ;аярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыс сыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына баратын жолға арналған шығынды өтеу көнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Иванченко Л. П.) кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орнындарына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеул еттік көмек көрсету кезінде осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Бекмұхамедов Ерболат Баекеұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2005 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету көніндегі Нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 18 маусымдағы № 175 қаулысымен бекітілген Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету көніндегі Нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта қолданылған негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жергілікті уәкілетті орган - «Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме;
Тармақша 2
2) өтініш беруші-әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі-әлеуметтік көмек) жергілікті уәкілетті органымен көрсетіледі. Әлеуметтік көмек, егер жұмы ;сыз оқу бітірген күннен кейін бір айдан кешікпей өтініш жасалынса, төленеді. Жергілікті уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек алуға жергілікті уәкілетті органда ресми тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған білім беру ұйымына кәсіби даярлауға. біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар құқылы.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 4
4. Өтініш беруші жергілікті уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі
3. Қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету тур алы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) жергілікті уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) жергілікті уәкілетті органның жұмыссызға кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі;
Тармақша 5
5) жергілікті уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) жолаушылар, теміржол көлігі бойынша жолақы құжаттарының түпнұсқасы, немесе көрсетілген тасымалдау түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті тұлғамен қол қойылған және мөрмен растаған (оқу басталар алдындағы күндегі) жолақыны 1 құны туралы анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесі берген медициналық куәландырудан өткені туралы анықтамасының көшірмесі және өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты болып табылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар түпнұсқаларында және салыстыру үшін көшірмелерінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Жергілікті уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық қажетті құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге, бас тартудың себептері көрсетіліп, жазбаша хабарланады. Әлеуметтік көмекті тағайында немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге жергілікті уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажет құжаттардың болмауы, оны тағайындаудан бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. Шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек келесі мөлшерде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тұруға - айына бір айлық есептік көрсеткіш. Тұруға шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек кәсіби оқуға жіберілген тек қаладан тыс тұратын жұмыссыздарға көрсетіледі.
Тармақша 2
2) тамақтануға - айына екі айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 11
11. Шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға - осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 6)-тармақшасында көрсе ілген құжаттармен расталған жол жүрудің толық құны;
Тармақша 2
2) медициналық куәландыруға - осы Нұсқаулықтың 6-тармағындағы 7)-тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің толық құны.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тамақтануға, тұруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті өтеу оқуды аяқтағаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жергілікті уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады және қаржы органға қаржыландыруға өтінім тапсырады. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі банктер арқылы жергілікті уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.