Об утверждении правил благоустройства, санитарной очистки территории, содержания и защиты зеленых насаждений в городе Рудном Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласында аумақты абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 8-тармағына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Рудный қаласында тазалықты, аумақтарды және көшелері тазалауды жасыл көшеттерді ұстау мен қорғауды үнемі қолдау мақсатында, сонымен қатар барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан мамандырылған ұйымдардың басшыларына басшылық жасау ретінде мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласында аумақты абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың өндіріс, сауда, көлік, қала шаруашылығы, заңдылық, азаматтар құқығын қоғау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Мәслихаттың 2003 жылғы 19 шілдедегі № 262 «Рудный қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшттерін ұстау және қорғау ережелерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2390, 2003 жылғы 15 тамызда «Рудненский рабочий» газетінде № 69, 2003 жылғы 20 тамызда «Рудненский рабочий» газетінде № 70, 2003 жылғы 22 тамызда «Рудненский рабочий» газетінде № 71 болып жарияланған) шешімі күшін жойды деп саналсын.
Басқа 4. Рудный қаласында аумақты абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мәслихаттың 2005 жылғы «17» маусымдағы № 183 шешіміне қосымша Рудный қаласында аумақты абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ЕРЕЖЕЛЕРІ Рудный қаласында аумақты абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерді ұстау және қорғау ережелері (бұдан әрі мәтін бойынша – Ережелер) Рудный қаласының, оның ішінде жол қабаттарының,тротуарлардың, газондардың бұзылуымен байланысты жерге байланысты және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде аумағын және көшелерін көркейту, ұстау және оның элементтерін қорғау және пайдалану, тазалау, жасыл көшеттерін ұстау және қорғау тәртібін белгілейді. Ережелер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Қаңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. Ережелер өзіне қала аумағын абаттандыру камтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін, сонымен қатар жеке және барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін және осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілігін енгізетін нормативтік құжат болып табылады. Ережелер абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізумен, санитарлық жағдайларды қамтамасыз етумен, жер жұмыстарын жүргізуімен, абаттанлыру элементтерін ұстаумен айналысатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан мамандандырылған ұйымдардың басшыларына басшылық етуге арналған. Тазалық пен тәртіпті үнемі қолдау мақсатында кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйым ұжымдарының, тұрғындардың өз ұйымдарының және маңындағы аумақтарды жинауға, жасыл көшеттерді күтуге қатысуы міндетті болып табылады.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Қаланы абаттандыру – қала аумағында адамның қолайлы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстардың кешені. Абаттандыру элементтері – шағын сәулет нысандары, қасбеттер, газондар, көгалдандыру және басқалар.
Тармақ 2
2. Бекітілген аумақ – бөлінген аумаққа апаратын, немесе оған қызмет көрсетуге пайдаланатын, немесе қорғау зонасы болатын жер учаскесі. Қала ішіндегі бекітілген аумақтар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) беткі қабаты жақсартылған көшелер үшін көлік жүретін бөлік шетімен бекітілген қала көшелері жағындағы аумақ (Бөлу сызығының ортасына дейін) немесе беткі қабаты жақсартылмаған көшелер үшін көлік жүретін бөліктің ортасына дейін:
Тармақша 2
2) үй араларындағы аумақ (бір аулада бірнеше жерді пайдаланушы бар болғанда бекітілген аумақ шекаралары бөлінген аумақ шекараларына пропорционал, немесе тараптардың келісімдері бойынша белгіленеді, мұндай жағдайда үй арасында иесіз аумақтар болмау керек);
Тармақша 3
3) уәкілетті органның рұксаты бойынша тауар-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймалау немесе басқа мақсаттар үшін уақытша пайдаланылатын аумақ.
Тармақша 4
4) маңындагы аумақ - ғимараттың, имараттың, құрылыс алаңының қоршауларына, сауда объектілеріне, жарнама және меншікте, жалдау және иеліктегі баска объектелірдің шекараларына тікелей жабысып тұрған (периметр бойынша 25 метр шекараларында) аумақ;
Тармақша 5
5) жер асты жылу және су құбыры жүйелерінің қорғалатын зона аумағы. Бекітілген аумақтың субъектілері жеке де, заңды да тұлғалар бола алады: пәтер иеленушілер кооперативтері; ғимараттар мен имараттардың меншіктенушілері; жер уақытша немесе тұракты жерді пайдалануға берілген тұлғалар.
Тармақ 3
3. Бөлінген аумақ - уәкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған құқықтарда жерді пайдаланушыға оған тиесілі объектіні орналастыру үшін меншікке немесе пайдалануға берілген жер учаскесі.
Тармақ 4
4. Жасыл көшеттер - санитарлық-гигиеналық жағдайды және керкейту және сәулет-ландшафттық безендіру деңгейін көтеруді камтамасыз ететін қаланың жоспарлау құрылымының элементі (ағаштар, бұталар, газондар, клумбалар, саябақтар, гүлбақтар және тағы басқалар).
Тармақ 5
5. Жер жұмыстары - жол кабаттарын, тротуарларды, газондарды және кала аумағындагы қала шаруашылығының басқа да объектілерін, элементтерін бұзумен байланысты жұмыстар.
Тармақ 6
6. Жерді пайдаланушы - мақсатына және меншік нысанына қарамастан қала ішінде жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық кұрылымдар, кәсіпкерлер, жеке сектор уйлерінің иелері және басқалар).
Тармақ 7
7. Инженерлік жүйелер және имараттар – қала халқы мен кәсіпорындардың қажеттілігіне кешенді қызмет көрсетуге, қала аумағынан су беттерін жинау және бөлуге арналған қаланы көркейтудің маңызды элементтері.
Тармақ 8
8. Шағын сәулет нысандары - декоративтік және пайдаға асыру сипатында көлемдері бойынша салыстырғандағы шағын объектілер:
Тармақша 1
1) декоративтік имараттар - мүсіндер, фонтандар, декоративтік су тоғандары, бедер такталар, оймабедерлер, гүлге арналған құмыралар, жалаусаптар және басқалар;
Тармақша 2
2) пайдаға асыру сипатындағы имараттар - беседкалар, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс салғыштар, көше атаулары, үй нөмірлері жазылған маңдайшалар, жарнама, қалкандары, пошта жәшіктері және баскалар.
Тармақ 9
9. Жамылгы мата (тент) - тасымалданатын ұнтақ заттардың көлік жүретін бөлікке түсуін, ластауын, тозаңдатуын болдырмауға арналған арнайы құрал (палатка).
Тармақ 10
10. Құрылыс жүргізілмеген аумақ - жобалаудың негізгі нормаларын қолдануға шектеу болатын жер үсті және жер асты құрылыстарының барлык түрлерінің ешқайсысы жоқ аумақ.
Тармақ 11
11. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланудағы демалыс зоналары (саябақтар, гүлбақтар, жағажайлар), алаңдар, көлік аялдамалары.
Тармақ 12
12. Көше - көлік жүретін болік, тротуарлар, аялдама павильондары, жасыл көшеттер, жер асты және жер ұсті инженерлік жүйелері орналасқан қала аумағы.
Тармақ 13
13. Ғимарат - әкетілетін және қоршалатын құрылымнан тұратын, функционалдық белгіленуіне байланысты міндетті түрде жерге бекітілген алаңы бар, адамдардың тұруы мен келуі үшін, өндірістік процестерді орындау үшін, сонымен қатар материалдық құндылықтарды орналастыру үшін пайдаланылатын жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Көше санаттары - көлік қозғалысының карқынына және оларды пайдалануда және ұстауда қойылатын ерекшеліктерге байланысты кала магістральдерінің, көшелердің және жүретін жолдардың топтасуы.
Тармақ 15
15. Контейнер - қатты тұрмыс қалдықтарын жинауға арналған стандартты сыйымдылық.
Тармақ 16
16. Ірі габаритті қоқыс (бұдан әрі - ІГҚ) - өзінің тұтыну сипаттарын жоғалткан, тұтыну және шаруашылық кызмет калдыктары (тұрмыс техникасы, жиhаз және баска).
Тармақ 17
17. Көлік жүретін бөлік - көлік құралдарының тұрғын және коғамдык ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және аудан, шағынаудан, махалла ішіндегі кала кұрылысының басқа объектілсріне кіруін қамтамасыз ететін жол бөлігі.
Тармақ 18
18. Қатты тұрмыс қалдықтардың және ірі габаритті қоқысты жинау және шығару – қатты тұрсым қалдықтарын контейнерлерді арнайы автокөлікке тиеумен, контейнерлерді, контейнер алаңқайларын және оларға апаратын жолдарды тазалаумен байланысты іс-шаралар кешені; контейнерлерді қоқысты жинау орындарынан пайдаға асыру объектісіне тасымалдау.
Тармақ 19
19. Жолдарды ұстау – нәтижесінде жолдардың, жол имараттарының көлік-пайдалану жағдайы қолдау табатын, автомобиль жолдарыни пайдалану ережелерінің талаптарына жауап беретін жұмыс кешені.
Тармақ 20
20. Қатты тұрмыс калдыктары (бұдан әрі ҚТҚ) - тұтынудан калған - тұрмыс калдықтары.
Тармақ 21
21. Тротуар - жаяу жүрушілер қозғалысына арналған, көлік жүретін бөліктің жанындағы немесе олардан газондар арқылы бөлінген жол элементі.
Тармақ 22
22. Уәкілетті орган - коммуналдық шаруашылық саласындағы өкілеттігі Рудный каласының әкімдігі арқылы белгіленетін орган.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 23
23. Кәсіпорындар, мекемелер, меншік және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар абаттандыру ережелерін сақтауға, қала аумағында тиісті тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимараттар мен имараттарды бұзбай сақтауға тиісті. Аумақ учаскелері санитарлық жағдайы және сыртқы келбеті бойынша осы Ережелердің негізінде заңды және жеке тұлғалардың атына бекітіледі. Бекітілген аумақтарды тазалау қала аумағын тазалау бойынша жалпықалалық іс-шаралар күндерінде жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Көшелер мен көше қиылыстарын жинауды әр субъекті бекітілген барлық учаске, жеке сектордағы үйлер аумағы ұзына бойы, екі жақтан құрылыс болған жағдайда оның ортасына дейін - ені бойы, құрылыс бір жақтан болғанда барлык ені бойы жүргізеді.
Тармақ 25
25. Автобустардың аялдама пунктілерін жинауды аялдамалар тұрғын уй кұрылысына карсы орналасса, коммуналдық қызмет жүргізеді. Өнеркәсіп зонасында орналасқан аялдамаларды бекітілген кәсіпорындар мен ұйымдар жинайды.
Тармақ 26
26. Қатты тұрмыс калдықтарын мамандандырылған ұйымдар заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде арнайы жабдықталған полигонға шығарады. Шарттын болмауы мамандандырылған ұйым қызметінен бас тартұга негіз болып табылмайды. Бұндай жағдайда төлем белгіленген нормалардан шыға отырып алынады.
Тармақ 27
27. Әкімшілік және өндірістік гимараттарда, сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, көпшілік мекемелерде, тұргын үй құрылысы аумағында автомобиль көлігін қою орындары жабдықталуы керек. Көлік құралдарын газондарға, гүлбақтарға және басқа да жасыл көшетті орындарға, тұрғын үйлерді жалпы пайдаланудағы орындарға,дүкендердің, дәріханалардың, базарлардың және қызметтік ғимараттардың жерлеріне кіргізуге және қоюға тыйым салынады. Аулаларға көлікпен кіру арнайы бөлінген тұрақтарға көлікті қоя отырып, арнайы жайластырылған жолдар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Кәсіпорындардың, базалардың, қоймалардың, салынып жатқан объектілердің басшылары көлік бұрылу үшін көлік келетін жолдары, алаңқайларды дұрыс ұстауды қамтамасыз етеді. Көлік жүретін жолдарда беткі қабат болуы керек және аумақ ішінен шаң және ласты шығармау керек.
Тармақ 29
29. Тұрғын махалалар ішінде және пайдалануға жерлерде көлік құралдарын жууға және жөндеуге рұқсат етілмейді. Су бөлетін колонкаларда, өзен және су тоғаны жағаларында, көпшілік демалатын орындарда және тұрғын үй подъездерінде көлік құралдарын жууға рұқсат етілмейді.
Тарау 3. 3. Шағын сәулет нысандарын орналастыру және ұстау тәртібі
3. Шағын сәулет нысандарын орналастыру және ұстау тәртібі
Тармақ 30
30. Қала аумағында шағын сәулет нысандарын салу және орналастыруға қала әкімі аппаратының қызметтерімен келісілгеннен кейін ғана рұксат беріледі. Орналастырылған шағын сәулет нысандары дұрыс жағдайда ұсталуы тиіс. Шағын сәулет нысандарының конструктивті шешімі олардың мықтылығын, пайдалануда кауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Тармақ 31
31. Заңды тұлғалар және жеке үй иелері, иелігінде ғимараттар мен имараттар бар немесе оларға кызмет корсететін жеке пәтер иеленушілер кооперативтері осы ғимараттар мен имараттардағы көше көрсеткіштері және нөмір белгілерін дұрыс ұстауы қажет.
Тармақ 32
32. Барлык меншік нысанындағы заңды тұлғалардың кіре берісінде заңды тұлғаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы бар маңдайшасы болуы және олардың тиісті жағдайын қамтамасыз ету керек.
Тарау 4. 4. Инженерлік жүйелерді, имараттар мен коммуникацияларды ұстау, жер жұмыстарын орындау тәртібі
4. Инженерлік жүйелерді, имараттар мен коммуникацияларды ұстау, жер жұмыстарын орындау тәртібі
Тармақ 33
33. Иелігінде инженерлік коммунакациялар бар заңды және жеке тұлғалар қаланы көркейтуді бұзуға әкеп соғуы мүмкін инженерлік жүйелер мен имараттардың техникалық жағдайын үнемі бақылау керек, атап айтқанда: аумақты му басуын жібермеу, бөлінген және қоғалатын зоналардың санитарлық жағдайын бақылау, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындары, нөсер кәріздерінің торлары қатты жабылуын және дұрыс ұсталуын бақылау, жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақпен жабылуын бақылау керек.
Тармақ 34
34. Беткі қабатты қатты аумақтарды толық жөндеу және қалпына келтіру жүргізілген жағдайда инженерлік жүйе құдықтарының белгілерін люктерін талап етілетін паратрге жеткізу жөндеуді тапсырушының есебінен жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Жер жұмыстарын орындаумен, жол қабаттарын, тротуарларды, көшелерді, алаңдарды, газондарды және жалпы пайдаланудағы басқа орындарды ашумен байланысты инженерлік коммуникациялар мен жүйелерді жөндеу қолданыстағы қаңнамаға сәйкес және осы Ережелердің негізінде қаланы абаттандыруды, жолдарды, тротуарларды, жасыл көшеттерді сақтаға бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Инженерлік жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарын кезексіз жүргізуді талап ететін апаттар болғанда жол қабаттарын ашу, көшелерді, алаңдарды, газондарды және пайдаланудағы басқа орындарды қазу рұқсат ресімделмей, бірақ оған уәкілетті органды хабардар ете отырып, сегіз сағат бойы және рұқсат ресімделеніп жүргізуге болады. Тез арада жоюды талап етпейтін апараттарды жою үшін жұмыстарды жүргізуге рұқсат жалпы негіздерде алынады.
Тармақ 37
37. Жер жұмыстарының қажеттілігіне негіздеме болатын ұсынылған құжаттар талданғаннан кейін жұмыстарды рұқсат орындаушыға беріледі. Ондай құжаттар мыналар болып табылады: руқсат беруге өтінім; жұмыс жүргізілгеннен кейін мерзімдерін көрсете отырып учаскені қалпына келтіру жөніндегі кепілдік міндеттеме; жұмыс жүргізу кестесі; қажет болған жағдайда жасыл көшеттерді алып тастауға өтінім. Егер жер жұмыстары жылдың суық кезінде жүргізілген болса, рұқсат алушы бұзылған учаскені рұқсат берілген мерзімде қалпына келтіруге және оны толық қалпына келтіргенге дейін тиісті жағдайда ұстауға міндет алады. Мәселе бұзылған учаске толық қалпына келтіргеннен кейін, мемлекеттік мекеменің тиісті қызметтері қол қойған акт жағдайда бақылаудан алынады.
Тармақ 38
38. Жер жұмыстарына рұқсат алушы жұмыс басталғанға дейін келесі іс-шараларды орындауға міндетті: Қазылған шекараларға қоршаулар және белгіленген түрдегі ескерту белгілерін орналастыру; жаяу жүрушілер жүретін жерлерде өту жолдарын орналастыру және қазылған учаскеге түнгі уақытта жарық беруді қамтамасыз ету; нөсер кәрізі үздіксіз жұмыс істеу үшін шаралар қолдану; егер жасыл көшеттер механизмдер жұмыс істейтін зонаға түссе, олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, жасыл көшеттерді қалқандармен қоршау; көлік жүретін жолдарды және жаяу жүрушілер жүретін жолдары жауып тастаған кезде айналып өтетін жолдарды дайындау және оларды тиісті белгілермен белгілеу.
Тармақ 39
39. Беті алынған асфальт және қайта себуге жарамайтын топырақ жұмыс орнына шығарылады, Жасыл көшеттерді құммен немесе құрылыс материалдарымен, жер асты имаратты құдықтарының қақпақтарын, суағар торларын, бетелген жерлерді және басқа да абаттандыру элементтерін жабуға тыйым салынады.
Тармақ 40
40. Жер асты жүйелері мен имараттарын бұзғаны үшін, сонымен қатар жасыл көшеттерді және абаттандыру элементтерін зақымдағаны және жойғаны үшін жауапкершілікке рұқсатты алушы (орындаушы) тартылады. Әр жағдайда зақым келтіргені үшін мүдделі тұлғалардың өкілдері қатысуымен акт құрылады, онда зақымдау себебі, оған кінәлілер, зақымды жою бойынша шаралар және оны қалпына келтіру бойынша жұмысты орындау мерзімдері көрсетіледі, сонымен қатар кінәлінің есебінен жұмысты қаржыландыру көзі шешіледі.
Тармақ 41
41. Көшелердің көлік жүретін бөліктің барлық ені бойы жүргізіледі. Инженерлік жүйелерді тротуарлар бойы салу кезінде беткі қабатты қалпына келтіру тротуарлардың барлық ені бойы жүзеге асырылады. Қалпына келтіру жұмыстары үшін рұқсат алушы жауапты, ол учаске бақылаудан алынған сәттен бастап үш жыл егер ол қажетті болса, қазу учаскесін қайтадан қалпына келтіруі тиіс.
Тармақ 42
42. Жер асты коммуникацияларын төсейтін жерлерде шөкпелер, беткі қабаттың ескі қабатты бұзылғандығы пайда болғанда, осы коммуникацияларды пайдаланушы кәсіпорындар және азаматтар беткі қабаттарды, оның ішінде қатты беткі қабаттарды қалпына келтіруді жүргізуге міндетті.
Тармақ 43
43. Қала шаруашылығының бұзылған және зақымданған объектілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізген жағдайда қалалық коммуналдық қызметтердің күшімен барлық шығыстар жер жұмыстарына рұқсат алушының есебінен қайтарылады.
Тармақ 44
44. Көшелер мен жолдардан беткі және топырақ суларын бөлуге арналған каналдарды, құбырларды құрғатқыштарды тазалауды, нөсер кәрізінің коллекторларын, дауын сіңіргіш құдықтарды тазалауды балансында осы имараттар бар қаланың коммуналдық қызметтері жүргізеді. Аулаларда осы жұмыстарды пәтер иеленушілер кооперативті, басқа жерлерде – бекітілген кәсіпорындар орындайды.
Тарау 5. 5. Қысқы уақытта аумақты тазалау ерекшеліктері
5. Қысқы уақытта аумақты тазалау ерекшеліктері
Тармақ 45
45. Қаланың көлік жүретін бөлігін және көлік баратын жолдарын қыста тазалау осы Ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 46
46. Қысқы уақытта жолдар, бақша орындықтары, қоқыс салғыштар, басқа элементтер және шағын сәулет нысандары, сонымен қатар олардың алдындағы және бүйілеріндегі кеңістік, олардың жанындағы жол қардан және мұздан тазартылуы керек.
Тармақ 47
47. Инженерлік жүйелердегі апараттардың нәтижесінде пайда болған тротуарлар мен жолдардың көлік жүретін бөлігіндегі мқзды жүйе иелері болып табылатын кәсіпорындар ояды және жинайды.
Тармақ 48
48. Қар үйінділерін мына жерлерде жасауға болмайды: барлық жолдар, көшелер қиылыстарында және бір деңгейде көлік жүретін жерлерде және темір жолдарға жақын жерлерде; көлік қоршауларымен жабдықталған немесе биік бордюрлі жол учаскелерінде; тротуарларда.
Тармақ 49
49. Қарды тротуарларға және газондарға тасуға болмайды.
Тармақ 50
50. Қар шығарудың технологиялық операциясы екі сатыда жүзеге асырылады: Қалалық жолаушылар көлігі аялдамаларынан, жаяу жүрушілер жүретін жолдардан, көпірлерден және жолдардан, халық көп жиналатын жерлерден (ірі универмагтар, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар және т.б.), аурухана аумағына көлік кіретін жерлерден және басқа да әлеуметтік маңызды объектілерден қарды бірінші кезекте (таңдаулы түрде) шығару; Қарды түбегейлі (толық) шығару қарды бірінші кезекте шығару аяқталу бойынша уәкілетті орган бекіткен кезекке сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 51
51. Қарды тазалау қар түсісімен басталуы және оны жойғанға дейін үздіксіз жалғасуы керек. Көлік жүретін жолдар мен өтетін жерлерді жауып тастауға, газондарға қар мен мұз жинауға, автобус аялдамалары аумағын, көлік жүретін жол бөлігін, тротуарларды қоспағанда қарды барлық көшелер мен алаңдарға қарды үйып жинауга тыйым салынады.
Тармақ 52
52. Шатырлардан қарды тазалау және ернеулердегі қатқан мұздарды алу жүйілі түрде, тұрғын мен жалдаушылардың, тұрғын үйлерге қызмет көрсететін пәтер иеленушілер кооперативтерінің күшімен жүргізіледі. Мұндай жағдайда жаяу жүрушілермен бақытсыз оқиғаларды және әуе жүйелерін , шамдарды және жасыл көшеттерді зақымдауды болдырмау үшін сақтандыру шараларын міндетті түрде сақтау керек. Шатыр тазартылғаннан кейін қар шығарылуы тиіс.
Тармақ 53
53. Көшелердің көлік жүретін бөлігін, алаңдарды, көпірлерді, көше қиылыстарын, көтерілетін және түсетін жерлерді құммен себуді жоспарланған тәртіпте коммуналдық кәсіпорындардың мамандырылған қызметтері жүргізеді. Аула ішіндегі жаяу жүрушілер жолдарын құммен себуді, қажет болған жағдайда, пәтер иеленушілер кооперативтерінің жүргізуін немесе мамандырылған ұйымдармен шартқа отыру арқылы жүргізу ұсынылады. Үй іші аумақтарында қарды жинағанда еріген судың өтуін қарастыру керек.
Тармақ 54
54. Жерді пайдаланушылар бөлінген немесе бекітілген аумақтарда көктайғаққа қарсы іс-шаралар қарастырулары керек (қар мен мұзды ою, тайғақ жерлерге интернетті материалдар себу).
Тармақ 55
55. 15 қарашадан 15 сәуірге дейінгі кезең қысқы кезең болып табылады және барлық тазалау жұмыстары көшелерде түнгі уақытта жүргізілуі керек.
Тарау 6. 6. Жасыл көшеттерді ұстау тәртібі
6. Жасыл көшеттерді ұстау тәртібі
Тармақ 56
56. Жасыл көшеттер жалпы халық игілігі, сауықтырудың маңызды факторы және қала көркі болып табылады және оларды қорғау және ұстау – әр кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, азаматтың міндеті. Мәдени-сауықтыру мақсатында орман саябақ зоналарын және басқа жасыл көшеттерді пайдалануға барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, орман ортасын және табиғи ландшафтарды ескере отырып рұқсат етіледі.
Тармақ 57
57. Гүлбақтарды, желекжолдарды, саябақтарды, газондарды және басқа да жасыл көшет объектілерін ағымдағы жөндеу мамандырылған кәсіпорынға, сонымен қатар бекітілген аумақтардағы заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі. Жерді пайдаланушылар бекітілген аумақтардағы жасыл көшеттерді қорғаулы және қайта өндеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 58
58. Құрылысқа, жер асты коммунакициялары мен инженерлік жүйелердің төсемдеріне кедергі болатын жасыл көшеттерді алып тастау немесе отырғызу қала әкімінің аппаратында бекітілген жысыл көшеттерді алып таустауға арналған акт болған жағдайда жіберіледі. Жасыл көшеттердің отырғызуға және алып кетуге жарамдылығын құрамында әкім аппаратының, мамандырылған кәсіпорындардың өкілдері бар комиссия құрылысқа тапсырыс берушінің өтініші бойынша жүргізеді.
Тармақ 59
59. Жасыл көшеттерді алып кету және отырғызу құрылысшының күшімен жүргізіледі. Алып кетілетін жасыл көшеттерді жаңа көшеттермен айырбастау құрылысты немесе ғимаратты, имаратты, коммуникацияны жөндеу орындаушыға жүктеледі немесе оны құрылысшымен жасалған шарт бойынша мамандырылған кәсіпорын жүзеге асырады.
Тармақ 60
60. Жұмыс жүргізу кезінде заңды және жеке тұлғалар мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл көшеттерді зақымданудан қоршау жасауға;
Тармақша 2
2) қала жолдарын , тротуарларды, көлік жүретін жолдардыасфальттауды күшейту кезінде әрі қарай газон шөптерін еге және темір тор орналастыра отырып, диаметрі кемінде бір метр қазық орнататын шұңқыр қалдыруға;
Тармақша 3
3) жолдарды, тротуарларды қалпына келтіру және салу кезінде және сол сияқты жасыл көшеттерді орналастыру зонасында вертикалды белгілердің төмендеу немесе жоғарылау кезінде 5 саниметрден асуын жібермеу. Себу немесе тамыр үйесін жалаңаштау басқа жол болған жағдайда жобаларда жасыл көшеттердің дұрыс өсу жағдайын сақтап қалуды қарастыру;
Тармақша 4
4) көлік келетін жолдарды салынып жатқан объектілерге төсеу кезінде көшеттердің орналасуын міндетті түрде ескеріп, жасыл көшеттердегі қоршауларды бұзбау керек.
Тармақ 61
61. Жасыл көшеттері бар аумақтарда төмендегілерге тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын , жерді, ағаштарды, қатты тұрмыс қалдықтарын жинауға, газондарды, гүлзарларды, қазыққа арналған шұңқырларды ластауға;
Тармақша 2
2) газондарда жүруге, ағаштарды, бұталарды сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақым келтіруге;
Тармақша 3
3) ағаштарды, бұталарды өз бетімен кесуге;
Тармақша 4
4) қала әкімі аппараты қызметінің келісімінсіз қоршау жасауға;
Тармақша 5
5) гүлдерді жұлуға, жемістерді жұлуға, мал бағуға, жануарларды қыдыртуға, топырақ, құм алуға;
Тармақша 6
6) құрал-саймандарды (орындықтарды, қоқыс салғыштарды, қоршауларды, газон торларын және тағы басқаларды) білдіруге – жасыл көшеттерді, арбаларды орналастыруға;
Тармақша 7
7) от жағуға, ағаштарға, электр сымдарын, тікенек сымдарды, алтыбақандарды, киім жаюға арналған жіптерді бекітуге, қолтаңба қоюға, газондарға автокөлік қоюға;
Тармақша 8
8) жасыл көшеттерге зиян әсер етуді болдырмайтын жабдықпен қамтамасыз етілмеген жаңа және қалпына келтірілген объектілерді пайдалануға енгізуге.
Тармақ 62
62. Тіршілікке қауіп төндіретін және апат жағдайын туындататын ағаштар мен бұталарды алып кетуді мемлекеттік мамандырылған кәсіпорын белгіленген тәртіпте келісілген жоспар бойынша шұғыл тәртіпте жүргізеді.
Тарау 7. 7. Жерді пайдаланушылардың міндеттері
7. Жерді пайдаланушылардың міндеттері
Тармақ 63
63. Жерду пайдаланушылар мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) бөлінген және бекітілген аумақты, инженер жүйелерін және олардың элементтерін (құдықтарды, люктерді, торларды, тіреуіштерді, насос, шағын стансаларды және тағы басқаларды) санитарлық нормалар белгіленген тиісті санитарлық жағдайда қолдауға;
Тармақша 2
2) қалдықтарды жинау және сақтау үшін беткі қабаты қатты алаңқайлар ұстауға;
Тармақша 3
3) сұйық қалдықтарды жинау үшін (кәріз болмаған жағдайда) санитарлық нормаларға сәйкес келетін қазылған ойықтар ұстауға;
Тармақша 4
4) қалдықтарды шығаруды арнайы полигонда (қала қоқысында) қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) қажет болғанда өз аумағында дезинфекция, дератизация жүргізуге.
Тармақ 64
64. Жерді пайдаланушыларға төмендегілер тыйым салынады:
Тармақша 1
1) бөлінген аумақта жабдықты, ыдысты, өнімді, құрылыс материалдарын және тағы басқаларды жинауға;
Тармақша 2
2) қоқысты, жапырақты, ыдысты, өндіріс қалдықтарын жағуға, кәсіпорындар мен жеке иеліктегі үйлердің ішкі аумақтарын қосқанда қала аумағында от жағуға;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға зиян келтіретін тазалау әдістерін қолдануға.
Тарау 8. 8. Қала полигонында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және пайдаға жарату
8. Қала полигонында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және пайдаға жарату
Тармақ 65
65. Өзінің (юөлінген, бекітілген, үй іші) аумағында контейнер алаңдары бар кәсіпорындар, ұйымдар, басқа шаруашылық субъектілері мына іс-шараларды жүзеге асырулары керек: контейнер алаңдары мен олардың жанындағы аумақтаррды тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету; қатты тұрмыс қалдықтарын, ірі қалдықтарды шығаруға уақытында шарттар, смета жасау; тұрмыс қоқысын контейнерлерде жағуға болмайды; жабдықталған автокөліктің жұмысы және халықтың пайдалануы үшін қалыпты жағдай жасау үшін қысқы уақытта контейнер алаңдарына баратын жолды подъездерді қардан тазалауды қамтамасыз ету; контейнер алаңдары, оларға баратын жолдар және көлік баратын жолдарының беті қатты жабылуы керек; контейнер алаңдары қоқыс жақын маңдағы аумақтарға таратылмас болдырмау үшін тұтас қоршаумен қоршаулы керек; оларға уақөытында жөндеу және әрі қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлерді алмастыруды жүргізу; қоқыс қабылдау камераларын, алаңдарды және контейнер түріндегі қуыстарды масаға қарсы дезинфекциялауды және дезинсекциялауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану.
Тармақ 66
66. Контейнерлерді орналастыруға арналған алаңдар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халық демалатын орындардан кемінде 20 метр қашықтықта болуы керек. Алаңдардың көлемі қажетті клнтейнер санын орнастыруға есептелуі керек.
Тармақ 67
67. Қалдықтарды уақытша сақтау орындарын орналастыруды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, пәтер иеленушілер кооперативтерімен келісу керек.
Тармақ 68
68. Контейнерлерден қоқыс шығаратын көлікке тиеу кезінде шашылған қоқысты жинауды ҚТҚ шығаруды жүзеге асыратын ұйымның жұмыскерлері жүргізеді.
Тармақ 69
69. Ққыс құбырына сұйық тұрмыс қалдықтарын және ірі қоқысты лақтыруға тыйым салынады.
Тармақ 70
70. Қоқыс қабылдау камерасы құлыпқа жабылу керек, қоқыс қабылдау камерасына бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады.
Тармақ 71
71. Қоқыс құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 72
72. Пайдаланушы ұйым мыналарды қамтамасыз етуге міндетті: қоқыс құбырының және қоқыс қабылдау камерасының жарамдылығын; шусыз жұмысты, ол үшін баспалдақ клеткаларындағы қоқыс құбырының тиеу клапандарының қақпақтары герметикалық болуы керек, резенке төсемдер қамтамасыз етілген тығыз жетегі болуы керек; қоқыс қабылдау камераларына және оқпанға ай сайын профилактикалық дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу (дезинфекция, дезинсекция және дератизация).
Тармақ 73
73. Қатты тұрмыс қалдықтарын пайдаға асыру Рудный қаласының қоқысын көму және пайдаға асыру жөніндегі қалалық полигонда жүргізіледі.
Тармақ 74
74. ҚТҚ полигнын орналастыру және ұстау Елдімекен орындары аумағын ұстаудың санитарлық ережелеріне, басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 75
75. Қатты тұрмыс қалдықтары полигонын ұстауға жауапкершілікті осы Ережелердің талаптарына сәйкес пайдаланушы, мамандырылған ұйым атқарады.
Тармақ 76
76. Санкцияланбаған түрде қоқыс тастау, қалдықтарды жағу туындаған жағдайдағы кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Санкәияланбаған қоқыс тастауға жауапты тұлғалар анықтау мүмкіндік болмаған жағдайда қалдықтарды жою және жерді қалпына келтіру уәкілетті органдар белгілеген мерзімдерде аумақ иесінің қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Тармақ 77
77. Вокзалдарда, базарларда, саябақтарда, демалыс зоналарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және халық жиналатын басқа да жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіретін жерлерде; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда қоқыс салғыштар бір-бірінен 10-нан 100 метрге дейінгі қашықтықта орналастырылды. Қалалық жолаушылар көлігі аялдамаларында және сауда объектілеріне кіретін жерлерде екі қоқыс салғыштан орналастырылады.
Тармақ 78
78. Қоқыс салғышты орналастыру және тазалауды аумақты пайдаланушы кәсіпорын-мердігерлер мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес және иелігінде және пайдалануында аумақтар бар шаруашылық субъектулері жүргізеді. Қоқыс салғыштарды тазалау олардың толған шамасына қарай жүргізіледі.
Тармақ 79
79. Қалалық жолаушылар көлігі аялдамаларында орналасқан қоқыс салғыштарды аялдамаларды тазалауды жүзеге асыратын кәсіпорындар тазартады және дезинфекциялайды, ал сауда объектілерінің жанында орналасқан қоқыс салғыштарды тазалауды сауда кәсіпорындары жүргізеді.
Тарау 9. 9. Ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін ұстау
9. Ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін ұстау
Тармақ 80
80. Барлық сыртқы көркейту элементтері, оның ішінде ғимараттардың қасбеттерін өндеу қала аумағын салу тәртібін анықтайтын ережелерге сәйкес орындалуы керек. Сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының қасбеттері жарықтандырылуы керек.
Тармақ 81
81. Иелігінде ғимараттар мен имараттар бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен имараттардың меншіктенушілері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және бөлек элементтерді (балкондарды, лоджияларды, суағар тұрбаларды және басқаларды! Жаңғырту, жөндеу және сырлау бойынша жұмыстарды уақытында жүргізуді қамтамасыз ету керек, сонымен қатар қасбеттерде орналасқан ақпараттық маңдайшыларды, естелік тақталарды таза және дұрыс қалпында сақталуын қолдау керек.
Тармақ 82
82. Ғимараттардың, жайлардың және имараттардың жалдаушылары жалдау шартының талаптарының сәйкес ғимараттарды және имараттарды жөндеу, жаңғыру және қалпына бойынша міндеттер атқарады.
Тармақ 83
83. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен имараттарды жөндеу , жаңғыру және қалпына келтіру Сәулет, қала құрылысы департаментімен келісе отырып, қорғау міндеттемелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтәк актілері белгіленген нормативтерге және ережелерге сай жүргізіледі.
Тармақ 84
84. Қала көшелеріне шығып тұратын ғимараттар мен иараттардың қасбеттері және олардың бөлек элементтері жалпы пайдаланудағы аумақты сыртқы көркейту элементтеріне жатады және қазіргі эстетикалық талғамдарға сай келуі керек. Рудный қаласының уәкілетті органы ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін жөндеу және жаңғырту бойынша іс-шараларды жыл сайын қабылданатын бюджеттік бағдарламаның негізінде жүзеге асырады. Ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін жөндеу және жаңғырту бағдарламасы Рудный қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 85
85. Ғимараттар мен имараттарды сырлау тек коллерлік паспорттар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 86
86. Мыналарға тыйым салынады: - сәулет бөлшектерін алдын ала қалпына келтірмей ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін сырлауға; - табиғи немесе жасанды таспен әшекейлендірілген, декоративті түрлі түсті терразит немесе тас түріндегі сылақпен қасбеттерді сырлауға.
Тарау 10. 10. Қала аумағын көркейту, санитарлық ұстау, тазалауды ұйымдастыру жағдайын бақылау бойынша уәкілетті органның және мемлекеттік органдардың міндеттері
10. Қала аумағын көркейту, санитарлық ұстау, тазалауды ұйымдастыру жағдайын бақылау бойынша уәкілетті органның және мемлекеттік органдардың міндеттері
Тармақ 87
87. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ережелердің сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау органдары, ішкі істер, сәулет-құрылыс және көліктік бақылау, өртке қарсы және санитарлық қадағалау органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 3.01.007.97 бекіткен қолданыстағы «Елдімекен аумақтарын ұстаудың санитарлық ережелеріне» сай жүзеге асырады.
Тармақ 88
88. Функционалдық міндеттемелерге сәйкес комиссиялық жүру мен тексеру жүргізген жағдайда көркейту, үйлестіру жағдайына мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарын жалпы бақылауды уәкілетті орган жүргізеді.
Тарау 11. 11. Осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
11. Осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 89
89. Осы ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық юұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану бұзушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың келтірген материалдық зиянды өтеу және жіберген бұзушылықтарды жою міндеттерінен босатпайды.
Тармақ 90
90. Осы ережелердің орындалуына бақылау жасау қолданыстағы заңнамаға сәйкес осған уәкілетті органдар әркім өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.