Об утверждении инструкции оказания социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификацию и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, возмещению затрат по медицинскому освидетельствованию и на проезд к месту обучения в пределах региона Қолданыста
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне және Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 22 сәуірдегі № 89 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы» мемлекеттік тіркеу № 1493 қаулысына, Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 10 ақпандағы № 26 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы» Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 22 сәуірдегі № 89 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу № 1493» қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 ақпандағы № 58 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ережесін бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 92 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 211 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.
Басқа 6. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және кайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің НҰСҚАУЛЫҒЫ
Әкімдіктің
2005 жылғы 20 маусымдағы
№ 294 қаулысымен бекітілген
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және кайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің НҰСҚАУЛЫҒЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аумақтық уәкілетті органы;
Тармақша 2
2) өтініш беруші әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі әлеуметтік көмек) жергілікті уәкілетті органмен көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейін бір айдан кешікпей өтініш жасаса, төленеді.
Аймақтық уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініштерін қарайды және оны тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек алуға аймақтық уәкілетті органда ресми тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған білім беру ұйымына кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың құқығы бар.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 4
4. Өтініш беруші аймақтық уәкілетті органға жазбаша өтінішті береді және оны алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына мен растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті алады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі
3. Қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ресми тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) аймақтық уәкілетті органның кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі.
Жолдамада жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты, білім беру ұйымының және алатын мамандықтың атауы толық көрсетіледі.
Жолдама тиісті бланкте ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы, жеке қолы және оның ажыратуы, берілген уақыты көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталады;
Тармақша 5
5) жергілікті уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) темір жолмен, жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары, немесе тасымалдаудың көрсетілген түрлерін жүзеге асырушы ұйымның жол жүру бағасы туралы (оқу басталар алдындағы күндегі) уәкілетті тұлға қол қойып, мөрмен растаған анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесінің медициналық куәландырудан өткені туралы анықтамасының көшірмесі және өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін олардың көшірмелері аймақтық уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Аймақтық уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешімді өтініш беруші өтінішпен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді. Бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады.
Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешімге аймақтық уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың жоқтығы оны тағайындаудан бас тартуға әкеп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. Шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек мынадай мөлшерде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тұруға айына бір айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) тамақтануға айына екі айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыруға осы нұсқаулықтың 6-тармағының 7-тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің толық бағасы;
Тармақша 2
2) аймақ шегіндегі (облыстың, ауданның) оқу орнына баратын жолға осы нұсқаулықтың 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің толық бағасы.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Тамақтануға және тұруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу оқу аяқталғаннан кейін ай сайын оқу орны беретін оқуға катысу табелінің негізінде жүргізіледі.
Медициналық куәландыру және аймақ шегіндегі (облыстың, ауданның) оқу орнына баруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу осы нұсқаулықтың 3-тарауының 6-тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырған мезгілден кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Аймақтық уәкілетті орган есептеуді жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін құрастырады және жергілікті уәкілетті органға қаржыландыруға жиынтық өтінім тапсырады. Жергілікті уәкілетті орган қаржыландыруға жиынтық өтінімді «Меңдіқара ауданның экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырады.
Әлеуметтік көмекті төлеу органның тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамамен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдарға берген тізімдері бойынша жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы жетпегенде оқып жатқан жұмыссыздарға әлеуметтік көмек тіркелген өтініштің хронологиялық тәртібімен төленеді.