О введении обязательной продажи выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг) Күшін жойған
Басқа 0
Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сатуды енгізу туралы
Ішкі валюта рыногында қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ елдің төлем балансының нашарлауын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысымен бекітілген "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы" нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді 50 процент мөлшерінде міндетті түрде сату осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап енгізілсін.
Тармақ 2
2. Ішкі валюта рыногында міндетті түрде сатылуға тиісті шетел валютасының ұсынылған тізімі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.) осы қаулыны Ұлттық Банктің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпарат бөлімі (Байменов Х.Қ.) осы қаулыны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының ішкі рыногында уәкілетті банктер арқылы міндетті түрде сатылуға тиісті валюталардың
Тізімі
"Тауар (жұмыс, қызмет)
экспортынан шетел валютасымен
түскен түсімді міндетті түрде
сатуды енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 28 наурыздағы
N 55 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі рыногында уәкілетті банктер арқылы міндетті түрде сатылуға тиісті валюталардың
Тізімі
Австрия шиллингi
Ағылшын стерлинг фунты
Бельгия франкi
Голланд гульденi
АҚШ доллары
Еуро (Еуропалық одақтың бiрыңғай валютасы)
Ирланд фунтi
Испан песетi
Итальян лирi
Немiс маркасы
Португал эскудосы
Фин маркасы
Француз франкi
Швейцар франкi
Жапон йенi