Об оказании социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку Күшін жойған
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекегіік басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37- баптарына сәйкес, “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының, 7-бабы 4) тармақшасының, 12 және 19-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының негізінде және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу мақсатында Рудный қаласының әкімдіғі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілғен жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С.Б. Бөрібаеваға жүктелсін.
Басқа 3. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық
Рудный қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 28 маусымдағы
№ 409 қаулысына
қосымша
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық
Тармақ 1
1. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тамақтануға, медициналық куәландыруға арналған шығындарды ішінара өтеу жөнінде әлеуметтік көмекті (әрі қарай - әлеуметтік көмек) қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай - уәкілетті орган) көрсетеді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейін бір ай ішінде өтініш жасаса, төленеді.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арызын қарайды және әлеуметтік көмекті тағайындау, немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алуға уәкілетті өрганда ресми тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған білім беру ұйымына кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар құқылы.
Тармақ 5
5. Арыз беруші уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 6
6. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындауға арналған құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша арыз:
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжатгың көшірмесі;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) аймақтық уәкілетті органның жұмыссызға кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі.
Жолдамада жұмыссыздың аты-жөні, білім беру ұйымының және алатын мамандықтың атауы толық көрсетіледі. Жолдама тиісті бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады, берілген уақыты жазылады. Жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталады.
Тармақша 5
5) жергілікті уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) емдеу мекемесінің медициналық куәландырудан өткені туралы анықтамасының көшірмесі және өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты.
Тармақша 7
7) тамақтану үшін жеке шығындарын өтеуге үміт еткен тұлғалар үшін:
отбасының құрамы туралы мәліметтер;
әлеуметтік көмекке өтініш еткен тоқсанның алдындағы тоқсанға, кәмелетке жеткен бірге тұратын отбасы мүшелерінің кірістері туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) жолаушы көлігі бойынша жүру құжаттары (таксиден басқа).
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері уәкілетті органға салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарға тамақтануға шығындарды ішінара өтеуге әлеуметтік көмек арыз берген тоқсанның алдындағы көрсетілген отбасындағы орта жиынтық кірісі өмір сүрудің ең аз мөлшерінен төмен болса көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді арыз беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді, ол туралы арыз иесіне хабарланады. Бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша хабарланады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның бастығы қол қояды.
Тармақ 12
12. Қажет құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмектің мөлшері төмендегіні құрайды:
Тармақша 1
1) тұруға - сәйкестік жылға заңнамамен орнатылған айына бір айлық есеп көрсеткіші;
Тармақша 2
2) тамақтануға - сәйкестік жылға заңнамамен орнатылған айына екі айлық есеп көрсеткіші;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыруға - осы Нұсқаулықтың 7-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің бағасы;
Тармақша 4
4) оқу жеріне жол жүруге - осы Нүсқаулықтың 7-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің бағасы.
Тармақ 14
14. Тұруға және оқу жеріне жол жүруге шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек Қостанай облысы бойынша өзінің тұрғылықты жерінен әкімшілік-аймақтық бірлік шегінен кәсіптік оқуға жіберілғен жұмыссыздарға көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті (қалалық) бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, есептеп, қаржыландыру органына қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.
Әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операңиялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар, заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған ұйымдар арқылы ақша түрінде жүзеге асырылады.