О мерах по дальнейшему развитию телефонной связи в Павлодарской области Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар облысында телефон байланысын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 24.10.2004 № 25 шешімімен.
Телекоммуникациялар жүйесін одан әрі дамыту және облыста тұрақты телефон байланысын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс индустрия, көлік және телекоммуникациялар департаменті (Н.Б. Рыспанов) облыстық телекоммуникациялар дирекциясымен (Р. О. Гребнер) бірлесе отырып облыс аумағындағы телефон байланысының жайына талдау жасасын, облыстық барлық елді мекендерімен байланыстың осы түрін дамытудың толықтырылған Бағдарламасын дайындасын және оны 1999 жылғы наурыздың 1-не дейін ұсынатын болсын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
облыс бойынша қаржы қармасымен (С.Ө. Есімханов) бірлесе отырып бюджеттік салалар мекемелері байланыс қызметтерінің 1999 жылға арналған көлемін анықтап, оларды аудандық, қалалық және облыстық бюджеттердің қаражаттары есебіне қамтамасыз ететін болсын;
тұрғын ұй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментімен (Ю.Н. Шкреба) бірлесе отырып байланыс мекемелерін электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Облыстың ішкі істер басқармасы (Е.Р. Белғожанов) облыстық телекоммуникациялар дирекциясының келісімімен ұрлықтың алдын алу және облыс аумағындағы телекоммуникациялар объектілері желілері мен жабдықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қосымша біріккен іс-шараларды әзірлеп, жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі бірінші орынбасарының бөліміне (М.Ш. Әлинов) жүктелсін.