О некоторых вопросах регистрации населения Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап азаматтарды тiркеу кiтаптары қолданысқа енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн. Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шілдедегi N 761 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 № 1420 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 шілдедегi N 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде: 33-тармақта: екiншi абзацта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Азаматтарды тiркеу кiтабы жеке тұлғаның тұрақты тiркелу орнын және онымен бiрге отбасы мүшелерiнің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн растайтын құжат болып табылады және заңнамада белгiленген жағдайларда мүдделi органдарға көрсетiледi"; төртiншi абзацта "Тұратын жерi" деген сөздердiң алдынан "Жеке тұлғаны" деген сөздермен, "тiркеуден шығаруды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ онымен бiрге отбасы мүшелерінің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн" деген сөздермен толықтырылсын; 35-тармақта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.17. N 777 қаулысымен.
Тармақ 5
5.
Тармақ 6
6.