О порядке и условиях содержания лиц в специальных учреждениях, специальных помещениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества Қолданыста
Басқа 0
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды
қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде,
арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
📌 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Ескерту. Заң кіріспемен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы заңның міндеттері
1-бап. Осы заңның міндеттері
📌 Ескерту. 1-бап алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 1-1. 1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен
қағидаттары
1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен
қағидаттары
Тармақ 1
1. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету және мұндай адамдардың соларда ұсталуының заңдылығын қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
Адамдарды арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұстау қылмыстық жазаларды, қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын, әкімшілік жазаны орындау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады және арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тән азабын немесе рухани азап шектіру мақсатындағы әрекеттермен ұштаспауға тиіс.
Тармақ 2
2. Адамдарды арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын айқындау, олардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі;
Тармақша 3
3) ізгілік;
Тармақша 4
4) жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу.
📌 Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;
Тармақша 2
2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны;
Тармақша 2-1
2-1) арнаулы үй-жай – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында заңда белгіленген мерзімге жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқа мерзімге шектеуге арналған үй-жай;
Тармақша 3
3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам;
Тармақша 4
4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам;
Тармақша 5
5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай;
Тармақша 5-1
5-1) гауптвахта – әскери полиция органдарының жанынан жабдықталған, мынадай:
әкімшілік қамаққа алынған;
қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған, сондай-ақ өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған, сотталушы;
қамаққа алуға сотталған;
бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметшілерді – соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін және оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін қоғамнан заңды негізде уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы үй-жай;
Тармақша 6
6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу – ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде:
Тармақша 7
белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды;
Тармақша 8
заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытша оқшаулауды білдіретін, құқық бұзушылықтардың жеке профилактика шарасы;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 18.04.2017 № № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 8
8) қабылдау-бөлу орны – ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, олардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқықтық бұзушылықтар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды
қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;
Тармақша 9
9) камера - қабылдау-бөлу орнына, арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй-жай;
Тармақша 10
10) күзетпен ұстау – сот санкциясымен адамдарды уақытша ұстау изоляторында, тергеу изоляторында немесе гауптвахтада Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау;
Тармақша 10-1
10-1) тәртіптік изолятор – күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір адамды ұстауға арналған камера;
Тармақша 11
11) тергеу изоляторы – мыналарды:
өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды;
қамауға алуға сотталғандарды;
бас бостандығынан айыруға сотталғандарды;
бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғандарды не жіберілгендерді;
мекемелерден Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес келген сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;
Тармақша 11-1
11-1) уақытша оқшаулау үй-жайы – күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камера;
11-2) уақытша ұсталғандарға арналған үй-жай – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілерді заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп ұстауға арналған арнайы бейімделген үй-жай;
Тармақша 12
12) уақытша ұстау изоляторы – қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме.
📌 Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.09 № 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2-1. 2-1-бап. Қазақстан Республикасының адамдарды қоғамнан
уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы
мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі
мен шарттары туралы заңнамасы
2-1-бап. Қазақстан Республикасының адамдарды қоғамнан
уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы
мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі
мен шарттары туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
📌 Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде,
арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау мақсаттары
3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде,
арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау мақсаттары
📌 Ескерту. 3-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 4. 4-бап. Арнаулы мекемелерде, арнаулы
үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау қағидаттары
4-бап. Арнаулы мекемелерде, арнаулы
үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау қағидаттары
📌 Ескерту. 4-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 5. 5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері
5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері
Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері:
Тармақша 1
1) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алынғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстап алу хаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған күдіктіні өмір сүру және тәрбиелену жағдайы бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін болмаған жағдайларда, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 540-бабында көзделген тәртіппен заңға сәйкес бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы мүмкін;
Тармақша 3
3)
әкімшілік қамаққа алынған немесе қамаққа алуға сотталған
адамдарды уақытша ұстау изоляторларына, арнаулы қабылдау орындарына
және қабылдау-бөлу орындарына
орналастыру
сот актісінің
негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 3-1
3-1) заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнына орналастыру ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Мұндай адамдардың жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі;
Тармақша 4
4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19.12.2020
№ 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5-1. 5-1-бап. Адамды арнаулы үй-жайға отырғызу негізі
5-1-бап. Адамды арнаулы үй-жайға отырғызу негізі
Адамды арнаулы үй-жайға отырғызу уәкілетті лауазымды адам толтырған, әкімшілік ұстап алу туралы хаттама негізінде жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 5-2. 5-2-бап. Әскери қызметшілерді гауптвахталарға және уақытша
ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабу негіздері
5-2-бап. Әскери қызметшілерді гауптвахталарға және уақытша
ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабу негіздері
Тармақ 1
1. Әскери қызметшілерді гауптвахталарға жабу негіздері:
Тармақша 1
1) әкімшілік қамаққа алынғандарды жабу судьяның қамаққа алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды жабу тергеуші не анықтаушы жасаған ұстау хаттамасы бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендерді, айыпталушыларды, сотталушыларды жабу судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) қамаққа алуға сотталғандарды жабу сот үкімі мен оны орындау туралы өкімнің негізінде жүзеге асырылады.
Бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметшілер айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін және оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін сот үкімі негізінде гауптвахталарда ұсталуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Әскери қызметшілерді уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабу әскери полиция органдарының уәкілетті лауазымды адамы жасаған әкімшілік ұстап алу туралы хаттама негізінде жүзеге асырылады.
Шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан гауптвахтаға немесе уақытша ұстау изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекшінің жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабуға жол беріледі.
📌 Ескерту. Заң 5-2-баппен толықтырылды – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 6. 6-бап. Арнаулы мекемелерде, арнаулы
үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталушы адамдардың
құқықтық жағдайы
6-бап. Арнаулы мекемелерде, арнаулы
үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталушы адамдардың
құқықтық жағдайы
📌 Ескерту. 6-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталушы адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген шектеулермен, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
Тармақ 2
2. Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұсталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
📌 Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу
7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу
📌 Ескерту. 7-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Арнаулы мекемелердің және арнаулы үй-жайлардың
құқықтық мәртебесі
8-бап. Арнаулы мекемелердің және арнаулы үй-жайлардың
құқықтық мәртебесі
Тармақ 1
1. Тергеу изоляторлары заңды тұлға құқықтарына ие болады.
Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Тармақ 2
2. Уақытша ұстау изоляторлары өздерінің ведомстволық тиесілігіне қарай тиісінше Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Тармақ 3
3. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Төтенше жағдай енгізілген кезде санитариялық талаптарға сай келетін және одан өз еркімен кетіп қалу мүмкіндігін болғызбайтын, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе әкімшілік қамаққа алынған адамдарды ұстау үшін ыңғайластырылған өзге де үй-жайлар жергілікті жер комендантының шешімімен қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Арнаулы үй-жайлар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімімен полиция органдарының кезекші бөлімдері жанынан құрылады.
Тармақ 5
5. Арнаулы мекемелер мен арнаулы үй-жайларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.29 № 25, 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 8-1. 8-1-бап. Гауптвахталар
8-1-бап. Гауптвахталар
Тармақ 1
1. Гауптвахталар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары жанынан жабдықталады және олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Тармақ 2
2. Гауптвахталарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді олардың ведомстволық тиесілігіне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдайды.
Тармақ 3
3. Гауптвахталар қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысында айқындалады.
📌 Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 9. 9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары
9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары
📌 Ескерту. 9-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 9-1. 9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары
9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары
📌 Ескерту. 9-1-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 9-2. 9-2-бап. Арнаулы үй-жайлар
9-2-бап. Арнаулы үй-жайлар
📌 Ескерту. 9-2-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 9-3. 9-3-бап. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар
9-3-бап. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар
Тармақ 1
1. Гауптвахталар ішінде уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар жабдықталады, оларға гауптвахта қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуы қолданылады.
Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысында айқындалады.
Тармақ 2
2. Гарнизондарда гауптвахталар болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекшінің жанынан уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар құрылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекшінің жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру тәртібін және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
📌 Ескерту. Заң 9-3-баппен толықтырылды – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10. 10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану
10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар басқа қылмыстың жасалуына сезікті болған немесе айыпталған жағдайда, олар осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жатқан басқа сотталғандардан бөлек ұсталуы мүкін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушылар уақытша ұстау изоляторларына жеткізілгенге дейін әкімшілік ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда ұсталуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер және айыпталушылар, заңнамада көзделген негіздер бойынша сараптама тағайындау қажет болған жағдайда, сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсету жағдайында осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық мекемелерге орналастырылады.
Тармақ 4
4. Сезікті және айыпталушы әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша гауптвахталарда ұсталуы мүмкін.
📌 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері
11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері
Тармақ 1
1. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамындағы адамдар, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жатады.
Тармақ 2
2. Теңіз кемелерінің капитандары, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, сондай-ақ олар уәкілдік берген адамдар күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқару кезеңінде күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне осы заңда берілген міндеттерді атқарады және құқықтарды пайдаланады.
Тармақ 3
3. Осы Заңда күзетте ұстау орындары әкімшілігінің басшылары болып:
Тармақша 1
1) тергеу изоляторларының бастықтары;
Тармақша 2
2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бастықтары;
Тармақша 3
3) уақытша ұстау изоляторларының бастықтары;
Тармақша 4
4) қарауында уақытша ұстау изоляторлары бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi аумақтық бөлімшелерінің бастықтары;
Тармақша 5
5) қарауында гауптвахталар бар әскери полиция органдарының бастықтары ұғынылады.
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің мүгедектігі бар адамдармен жұмыс
істеу үшін арнаулы даярлығы, білімі және дағдылары болуға тиіс.
📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.07.10 № 338, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.29 № 25, 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі
12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі
Тармақ 1
1. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторлары орналасқан елді мекендерден тыс жерлерде тергеу іс-әрекеттерін, соттың істі қарауды жүргізуі үшін аталған іс-әрекеттер мен сот процесін орындау уақытына оларды күн сайын жеткізу мүмкін болмайтын қажетті жағдайларда уақытша ұстау изоляторларына ауыстырылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауға тиіс.
Тармақ 2
2. Мұндай ауыстыруға прокурордың, судьяның қаулысы, сондай-ақ тергеушінің немесе анықтаушының прокурор, оның орынбасары санкция берген қаулысы негіздеме болып табылады.
📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 13. 13-бап. Күзетте ұстау мерзімі
13-бап. Күзетте ұстау мерзімі
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен белгіленеді.
Бап 14. 14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим
14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим
Тармақ 1
1. Күзетте ұстау орындарында сезіктілер мен айыпталушылар құқықтарының сақталуын, олардың өз міндеттерін атқаруын, оларды оқшаулауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін режим белгіленеді.
Тармақ 2
2. Режимді қамтамасыз ету күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне, сондай-ақ қызметкерлеріне жүктеледі, олар қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгілегендей жауап береді.
Бап 15. 15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп
15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп
Тармақ 1
1. Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына
күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды
күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіптеме қағидаларын (бұдан әрі – Ішкі тәртіптеме қағидалары) бекітеді.
Ішкі тәртіп ережелерімен:
Тармақша 1
1)
күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды
қабылдап алу және камералар бойынша орналастыру;
Тармақша 2
2) жеке тінтуді, саусақтарының таңбасын алуды, суретке түсіруді, сондай-ақ
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
заттарын тексеруді жүргізу;
Тармақша 3
3)
күдіктілерден, айыпталушылардан және сотталушылардан
сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін алып қою;
Тармақша 4
4)
күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
тамақ өнімдерін, сондай-ақ ең қажетті нәрселер мен басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алу;
Тармақша 6
6)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар алу және жіберу;
Тармақша 7
7)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
жеделхаттар, хаттар, ақша аударымдарын алу және жіберу;
Тармақша 8
8)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау;
Тармақша 9
9)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
діни жоралар жасауы;
Тармақша 10
10) айыпталушыларды еңбекке тарту;
Тармақша 11
11)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы;
Тармақша 12
12)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;
Тармақша 13
13)
күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды
медициналық-санитариялық қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
күн сайын серуенге шығарылуы;
Тармақша 15
15)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың осы Заңның 17-бабында аталған адамдармен жолығысуын өткізу;
Тармақша 16
16)
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
тергеу әрекеттері мен сот мәжілістеріне қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) күзетте ұстау орындары әкімшілігі басшысының және ол уәкілдік берген адамдардың
күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды
жеке қабылдауы;
Тармақша 18
18) күзетте ұстау орындарында қайтыс болған
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
мәйіттерін беру;
Тармақша 19
19)
күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;
Тармақша 20
20)
күдіктілер, айыпталушыларды және сотталушыларды күзеттен босату тәртiбi белгiленедi.
Тармақ 2
2. Ішкі тәртіп ережелерінде сол сияқты
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың
күзетте ұстау орындарындағы мінез-құлық ережелері, тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және сезіктілер мен айыпталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының тізбесі мен мөлшері белгіленеді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің тізбесі көрсетіледі.
📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.29 № 25; 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 2. 2-тарау. Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау
2-тарау. Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау
📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары
16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында болған кезеңде:
Тармақша 1
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұсталу режимі, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) күзетте ұстау орындарында жеке басының қауіпсіздігіне;
Тармақша 3
3) күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысына және күзетте ұстау орындарындағы қызметті бақылайтын адамдарға аталған адамдар оның аумағында болған уақыттарда өтініш жасауға;
Тармақша 4
4) қорғаушысымен жолығысуларға;
Тармақша 5
5) туыстарымен және осы Заңның 17-бабында аталған өзге де адамдармен жолығысуларға;
Тармақша 6
6) құқыққа қарсы мақсатта пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтері бар құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысты не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне байланысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға;
Тармақша 7
7) өздерінің күзетте ұсталуының заңдылығы мен негізділігі және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы мәселелер бойынша ұсыныстармен, арыздармен, соның ішінде сотқа жүгінуге;
Тармақша 8
8) хат жазысуға және жазу құралдарын пайдалануға;
Тармақша 9
9) тегін тамақ алуға, материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз етілуге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерін іс жүргізуге және өзге де іс-әрекеттерге тартуға тыйым салынатын түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
Тармақша 11
11) күн сайын ұзақтығы бір сағаттан кем емес серуендеуге;
Тармақша 12
12) тізбесі мен саны Ішкі тәртіп қағидаларында айқындалатын заттар мен нәрселерді пайдалануға;
Тармақша 13
13) күзетте ұстау орындарындағы кітапханадан алынған не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен сатып алынған әдебиетті және мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ стол үсті ойындарын пайдалануға;
Тармақша 14
14) Ішкі тәртіп ережелері және басқа сезіктілер мен айыпталушылар құқықтары сақталуы шартымен сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында діни жоралар жасауға, өзінде діни әдебиет, ғибадат заттарын ұстауға;
Тармақша 15
15) өзінің білімін көтерумен шұғылдануға және арнайы әдебиетті пайдалануға;
Тармақша 16
16) сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар алуға;
Тармақша 17
17) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің тарапынан сыпайы арақатынасқа;
Тармақша 18
18) азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға;
Тармақша 19
19) заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың сондай-ақ:
Тармақша 1
1) ақша аударымдарын алуға және жөнелтуге;
Тармақша 2
2) некеге отыруға және оны бұзуға, егер олар заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өзге де отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысуға;
Тармақша 3
3) тергеу орнындағы дүкеннен (дүңгіршектен) не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алуға;
Тармақша 4
4) газеттер мен журналдарға жазылуға және оларды алуға;
Тармақша 5
5) әкімшіліктен қажет болған жағдайда күзетте ұстау орындарында киіп жүруге рұқсат етілген маусымдық киім-кешек алуға құқығы бар.
Тармақ 2-1
2-1. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар болып
табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін
меңгерген мамандардың көрсететін қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Күзетте ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға тиісті жағдайлар болған кезде еңбек етуге мүмкіндік беріледі.
Тармақ 4
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың жоғарыда аталған құқықтардан басқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген құқықтары бар.
📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар
17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар
Тармақ 1
1. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ұстап алынған кезінен бастап қорғаушымен оңаша және құпия кездесулер беріледі. Кездесулердің саны мен ұзақтығы шектелмейді.
Мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша – қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен;
Тармақша 2
2) қорғаушы болып тағайындалғаны туралы қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының тиісті шешімін көрсетуі бойынша - қорғаушылар болып табылатын кәсіптік одақтардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен;
Тармақша 3
3) соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай-ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша – қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге де адамдармен;
Тармақша 4
4) қылмыстық процесті жүргізетін органның шешімін көрсетуі бойынша – шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің ресми өкілімен кездесуге рұқсат беріледі.
Тармақ 2
2. Қылмыстық процесті жүргізетін адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың туыстарымен және өзге де адамдармен – айына екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандардың үш реттен аспайтын, әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін болатын кездесуіне рұқсат берілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не мәліметтерді беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесу мерзімінен бұрын үзіледі.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Жұқпалы ауруы бар (ВИЧ/ЖҚТБ (СПИД) және туберкулез) науқастарға жолығысулар саны мен ұзақтығы медициналық қызметкермен (дәрігермен) алдын-ала әңгімелесіп, ауруды жұқтыру мүмкіндігі туралы жазбаша хабарланғаннан кейін белгілеген тәртіппен беріледі.
📌 Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 230-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 18. 18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сезіктінің немесе айыпталушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген не басқа сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басына қарсы қылмыс жасалу қаупі туындаған кезде күзетте ұстау орындарының қызметкерлері осындай қауіп төнген сезіктінің немесе айыпталушының жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.
Бап 19. 19-бап. Хат жазысу
19-бап. Хат жазысу
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға туыстары мен өзге де адамдардан айына екі хат немесе жеделхат алуға және жөнелтуге рұқсат етіледі. Хат- хабарларды жөнелту және алу сезіктілер мен айыпталушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сезіктілер мен айыпталушылардың хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші және цензура өткізуге тиіс адамның немесе органның рұқсаты бойынша күзетпен ұстау орнының әкімшілігі арқылы ғана жүзеге асырылады, бұған осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды.
Тармақ 3
3. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді қамтитын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар хаттар адресатқа жіберілмейді, күдіктілер мен айыпталушыларға табыс етілмейді және іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан адамға немесе органға беріледі.
Тармақ 4
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталушы адамдармен хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сезікті мен айыпталушының атына келіп түскен хаттарды тапсыруды, сондай-ақ оның хаттарын адресаттарға жөнелтуді, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, хат келіп түскен немесе оны сезікті және айыпталушы тапсырған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей, күзетте ұстау орнының әкімшілігі жүргізеді. Хатты мемлекеттік тілге немесе ресми қолданылатын орыс тіліне аудару қажет болған жағдайда оны тапсыру мерзімі аудару үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Жақын туысының қайтыс болғандығы немесе ауыр науқастығы туралы мәліметтер сезіктіге немесе айыпталушыға ол мәліметтер алынғаннан кейін дереу хабарланады.
Тармақ 7
7. Сезіктінің немесе айыпталушының атына ол күзетте ұстау орнынан кеткеннен кейін келіп түскен хаттар алынғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей оның кеткен жері бойынша жөнелтіледі.
📌 Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау
20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушылардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жолдаған ұсыныстары, арыздары мен шағымдары күзетте ұстау орнының әкімшілігі арқылы жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және оның өкілдеріне, прокурорға, сотқа, сондай-ақ арнаулы мекемелер мен үй-жайлар, гауптвахталар қарамағында болатын орталық мемлекеттік органдарға (олардың ведомстволары мен органдарына) жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар цензурадан өткізілмейді және адресатқа желімдеп жабылған түрінде дереу жіберіледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды күзетте ұстау орындарының әкімшілігі олар берілген кезден бастап бір тәуліктен кешіктірмей қарап, жөнелтуге тиіс.
Тармақ 4
4. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтері бар, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға қатысты осы Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады.
Тармақ 5
5. Соттың, анықтаушының, анықтау органы бастығының, тергеушінің немесе прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дереу жіберіледі.
Тармақ 6
6. Ұсыныстарға, арыздар мен шағымдарға жауаптар сезіктілер мен айыпталушыларға қолы қойғызыла отырып хабарланады және жеке істеріне тігіледі.
Тармақ 7
7. Өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты ұсыныстар, арыздар мен шағымдар жасағаны үшін сезіктілер мен айыпталушыларды кез келген нысанда қудалауға жол берілмейді. Күзетте ұстау орындарының мұндай қудалауға кінәлі лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу
21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу
Сезіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен айқындалатын нормалар бойынша денсаулығы мен күш-қуатын сақтау үшін жеткілікті тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сезіктілер мен айыпталушыларға осы Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынғандарын қоспағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысып тамақ өнімдерін, ең қажетті заттарды, сондай-ақ басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алуға құқық беріледі.
📌 Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 22. 22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларға гигиенаның, санитарияның және өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келетін жағдайлар жасауға міндетті.
Тармақ 2
2. Сезіктілер мен айыпталушылар бір адамға шаққанда кемінде екі жарым шаршы метр санитариялық алаң нормасы негізге алынатын үй-жайларда ұсталуға тиіс.
Тармақ 3
3. Сезіктілер мен айыпталушыларға жеке жатын орын, төсек-орын мен ас ішу құралдары берілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Барлық камералар радиохабар құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс. Камераларға күзетпен ұстау орнының кітапханасынан әдебиет пен мерзімді баспасөз басылымдарын беруге рұқсат етіледі.
Бап 23. 23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі белгіленген санитариялық- гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы талаптардың сақталуын, сезіктілер мен айыпталушылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерде ұстау мен оларға қызмет көрсетуге осы мекемелердің персоналын тарту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігі айқындайды.
Тармақ 2-1
2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық қызмет көрсету үшін үй-жайлар береді және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Сезіктілер мен айыпталушылар дене жарақатын алған жағдайда куәландыруды күзетте ұстау орындарының медициналық қызметкерлері кешіктірмей жүргізеді. Медициналық куәландырудың нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітіледі және зардап шегушіге хабарланады. Медициналық куәландыруды күзетте ұстау орнының әкімшілігі басшысының не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның шешімі бойынша медициналық
ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
Тармақ 4
4. Сезікті немесе айыпталушы ауыр науқастанған не қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі оның жақын туыстарына және осы факт бойынша тексеру жүргізетін прокурорға хабарлайды. Қайтыс болған адамның мәйіті патология-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ заңдарда көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі. Қайтыс болып, мәйіті сұралмаған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сезіктінің немесе айыпталушының қайтыс болуы мүмкін ауыр науқасы байқалған жағдайда медициналық қорытынды болса, тергеу изоляторы әкімшілігінің прокурорға және істі жүргізуші органның алдына бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселе қоюға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Тергеу изоляторында немесе уақытша ұстау изоляторында ұсталушы шетелдік қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дереу хабарлайды. Сонымен бірге бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша түрде хабарлайды.
📌 Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25; 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 24. 24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу
24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға салмағы почта ережелерінде көзделген нормалардан аспайтын сәлемдемелер мен сәлем-сауқатты мөлшерін шектемей алып тұруға рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Сезіктілер мен айыпталушыларға күзетте ұстау орындарына келіп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына қосылады. Сезіктілер мен айыпталушылар күзетте ұстау орындары әкімшілігінің рұқсатымен өз қаражатынан туыстарына және өзге де адамдарға ақша аударымдарын жөнелте алады.
Тармақ 3
3. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі дәрігердің қорытындысы бойынша
дәрілік заттармен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайларда сезіктілер мен айыпталушылар үшін оларды қабылдай алады.
Тармақ 4
4. Сезіктілер мен айыпталушыларға адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыс қаруы ретінде пайдаланылуы мүмкін не күзетте ұстаудың мақсатына кедергі келтіруге арналған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беруге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін тексеруден жасырып қалу немесе сезіктілер мен айыпкерлерге беру, сондай-ақ белгіленген ережелерге қарамастан оларға кез келген нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беру заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
📌 Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 25. 25-бап. Қосымша ақылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
25-бап. Қосымша ақылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Тергеу изоляторларында күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар мүмкіндігіне қарай, қосымша ақылы тұрмыстық және медициналық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ақылы тұрмыстық қызметтерді тергеу изоляторының әкімшілігі көрсетеді, олардың тізбесі мен көрсетілу тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.
Тармақ 3
3. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ақылы медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдар көрсетеді.
📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25; 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 26. 26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту
26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту
Тармақ 1
1. Тиісті жағдайлар болған кезде айыпталушылар, өздерінің тілегі бойынша, белгіленген тәртіппен тергеу изоляторлары аумағында еңбекке тартылады.
Тармақ 2
2. Айыпталушылардың жалақысы заңда көзделген ұстап қалулардан кейін олардың жеке шоттарына аударылады.
Тармақ 3
3. Айыпталушыларды еңбекке тарту алдын ала тергеу мен анықтауға кедергі келтірмеуге тиіс.
Бап 27. 27-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету
27-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Күзетте ұстау орындарының әкімшілігі тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындарына қабылдауды және оларды жіберілген жеріне жөнелту үшін айдауылға беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысудан босату заңдарда көзделген негіздерде жүзеге асырылады.
Бап 28. 28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық- құқықтық мәмілелерге қатысуы
28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық- құқықтық мәмілелерге қатысуы
Сезіктілер мен айыпталушылардың, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен және Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген ретпен, өздерінің өкілдері арқылы немесе тікелей азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға құқығы бар.
Бап 29. 29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері
29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Сезікті және айыпталушы әйелдер үш жасқа дейінгі балаларын өздерімен бірге ұстай алады.
Тармақ 2
2. Күзетпен ұстау орындарында жүкті әйелдер және өзімен бірге балалары бар әйелдер үшін жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен айқындалатын тамақтандырудың және затпен қамтамасыз етудің көтеріңкі нормалары белгіленеді.
Тармақ 3
3. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге күн сайын ұзақтығы үш сағатқа дейінгі серуен беріледі.
Тармақ 4
4. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге жазалау шарасы ретінде тәртіптік изоляторға отырғызуды қолдануға болмайды.
Тармақ 5
5. Қажет болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі заңда белгіленген тәртіппен баланы туыстарына немесе өзге де адамдарға не балалар мекемесіне уақытша беру туралы өтініш жасауы мүмкін.
📌 Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 30. 30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері
30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен тамақтандырудың көтеріңкі нормалары белгіленеді.
Тармақ 2
2. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайынғы серуендерінің ұзақтығы екі сағаттан кем емес болып белгіленеді. Серуендеу кезінде кәмелетке толмағандарға дене жаттығулары мен спорт ойындары үшін мүмкіндік беріледі.
Тармақ 3
3. Жағдай болған кезде кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға кинофильмдер көрсетіледі, олар үшін телехабарлар көру ұйымдастырылады, спортпен шұғылдану және басқа да демалыстар үшін үй-жайлар, сондай-ақ ашық ауада спорт алаңдары жабдықталады.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға оқулықтар мен мектеп-жазу құралдарын сатып алуға және алуға, сондай-ақ оларды осы Заңының 24-бабында көзделген нормалардан асатын сәлем-сауқаттар мен сәлемдемелер арқылы алуға рұқсат етіледі.
📌 Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 3. 3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу
Бап 31. 31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары
31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушылар жалпы немесе осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарына сәйкес бір кісілік камераларда ұсталады.
Тармақ 2
2. Күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераға бір тәуліктен астам мерзімге орналастыруға жол беріледі. Сезіктілер мен айыпталушыларды бір кісілік камераларға орналастыруға мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзгедей мүмкіндігі болмаған кезде;
Тармақша 2
2) сезіктінің немесе айыпталушының не басқа да сезіктілердің немесе айыпталушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
Тармақша 3
3) сезіктінің немесе айыпталушының жеке ұстау туралы жазбаша арызы болған кезде;
Тармақша 4
4) сезіктілер мен айыпталушылардың түнгі уақытта бір кісілік камераларға орналастыру кезінде, егер күндіз олар жалпы камераларда ұсталса, прокурордың санкциясы талап етілмейді.
Тармақ 3
3. Сезіктілер мен айыпталушылардың басқа камераларда немесе күзетте ұстау орындарының өзге де үй-жайларында ұсталатын сезіктілермен және айыпталушылармен сөйлесуіне, оларға қандай да болсын нәрселер беруіне және хат жазысуына жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың бостандықта жүрген адамдармен сөйлесуі, қандай да болсын нәрселер беруі және хат жазысуы осы заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары сезіктілер мен айыпталушыларды олар күзетте ұсталатын жерлерден тыс жерлерге ауыстырылған кезде сақталуға тиіс.
Бап 32. 32-бап. Камераларда бөлек орналастыру
32-бап. Камераларда бөлек орналастыру
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды камераларға орналастыру олардың жеке басы мен психологиялық сыйысымдылығы ескеріле отырып жүргізіледі. Темекі тартатындар мүмкіндігіне қарай темекі тартпайтындардан бөлек орналастырылады.
Тармақ 2
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ сотталғандарды камераға орналастырған кезде мынадай талаптардың сақталуы міндетті:
Тармақша 1
1) мыналар:
еркектер мен әйелдер;
кәмелетке толмағандар ұсталатын камерада құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қылмыстық жауаптылыққа алғаш рет тартылған оң мінезделетін ересектерді ұстау қажет болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандар мен ересектер;
алғаш рет қылмыстық жауапқа тартылушы адамдар мен бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар;
өздеріне қатысты үкімдер заңды күшіне енген сотталғандардан сезіктілер, айыпталушылар;
бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше істер бойынша сезіктілер мен айыпталушылар бөлек ұсталады;
Тармақша 2
2) мыналар:
өте ауыр және ауыр қылмыстар жасалуына сезіктілер мен айыпталушылар;
қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде сотталғандар;
басқа сезіктілерден, айыпталушылардан бөлек ұстауға жағдай болған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
судьялар, адвокаттар,
әділет органдарының жұмыскерлері, ішкі істер, прокуратура, салық, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік кіріс органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің, кеден органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің, Ұлттық ұланының, Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар;
күзетте ұстау орны әкімшілігінің не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша өмірі мен денсаулығына басқа сезіктілер мен айыпталушылардың тарапынан қауіп төнген сезіктілер мен айыпталушылар;
жұқпалы аурулармен ауыратындар немесе айрықша медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер басқа сезіктілер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады.
📌 Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2021
№ 89-VII (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі);
12.06.2026 №
311-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 33. 33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және оларды қадағалау
33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және оларды қадағалау
Тармақ 1
1. Қамауда және қадағалауда ұстау орындарындағы күдіктілер мен айыпталушылар осы орындардың аумақтарында айдауылдың не болмаса қамауда ұстау орындары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүріп-тұрады. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында дыбыс және бейне техникалар пайдаланылуы мүмкін.
Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
Тармақ 2
2. Сезіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу және суретке түсіру жүргізіледі. Олар орналастырылатын үй-жайлар тінтіліп, ал олардың заттары, сәлем-сауқаттары мен сәлемдемелері тексеріледі.
Тармақ 3
3. Күзетте ұстау орындарында табылған және иесі анықталмаған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алып қойылады, ол туралы хаттама жасалып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды өткізу құзыретіне кіретін уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 4
4. Тексеру кезінде ерікті түрде тапсырылған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алып қойылады және Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес сезікті немесе айыпталушы босатылғанға дейін күзетте ұстау орындарында пайдалану және билік ету құқығынсыз сақталады. Күзетте ұсталған адамдар сотталған және бас бостандығынан айыру орындарына жіберілген жағдайда жоғарыда аталған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар тізімдеме бойынша қылмыстық жазалауды атқарушы мекемеге беріледі.
Тармақ 5
5. Сезіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселер, заттар мен тамақ өнімдері күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне сақтауға беріледі не соттың шешімі бойынша жойылады.
Тармақ 6
6. Күзетпен ұстау орындарының қызметкерлері адамдардың күзетпен ұстау орындарының аумағына кірген және шыққан кездегі заттары мен киімдерін жете тексеруді, сондай-ақ кірген және шыққан көлік құралдарын жете тексеруді, күдіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін алып қоюды жүргізеді.
Тармақ 7
7. Күзетпен ұстау орындарында қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу іс-қимылдары жүргізіледі.
📌 Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 34. 34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету
34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету
Тергеу изоляторларына тікелей жапсарлас жатқан және шекарасын жергілікті атқарушы орган белгілеген аумақтарда қылмыстық-атқару жүйесi органдарының ұсынуы бойынша режимдік талаптар орнатылуы мүмкін.
📌 Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25 Заңымен.
Бап 35. 35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері
35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушылар:
Тармақша 1
1) осы Заңмен және Ішкі тәртіп ережелерімен белгіленген күзетте ұстау тәртібін сақтауға;
Тармақша 2
2) күзетте ұстау орындары әкімшілігінің заңды талаптарын орындауға;
Тармақша 3
3) гигиена мен санитария талаптарын сақтауға;
Тармақша 4
4) күн сайынғы серуенге шығуға (серуеннен босатуды күзетте ұстау орны медициналық қызметкерінің қорытындысы бойынша күзетте ұстау орнының бастығы жүзеге асырады);
Тармақша 5
5) өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға;
Тармақша 6
6) күзетте ұстау орындарының мүлкіне ұқыпты қарауға;
Тармақша 7
7) кезектілік тәртібімен камераларды және басқа да бөлмелерді тазалауға;
Тармақша 8
8) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің, сезіктілер мен айыпталушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың абыройын қорлайтын іс-әрекеттер жасамауға;
Тармақша 9
9) күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне, сондай-ақ күзетте ұстау тәртібін қамтамасыз ететін өзге де адамдарға олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге;
Тармақша 10
10) өзінің өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасамауға міндетті.
Тармақ 2
2. Сезіктілер мен айыпталушыларға осы Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін өзінде ұстауға, сондай-ақ оларды сақтауға және пайдалануға тыйым салынады.
Бап 36. 36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі
36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға міндеттерін үлгілі орындағаны, күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін сақтағаны үшін мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) бұрын белгіленген жазаны мерзімінен бұрын алу;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға спортпен шұғылдануға арналған үй-жайларға қосымша баруға, сондай-ақ бос уақытын өткізудің басқа да нысандарына рұқсат беру.
Тармақ 2
2. Көтермелеуді күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары қолданады.
Бап 37. 37-бап. Жазалау шаралары
37-бап. Жазалау шаралары
Белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгіс;
Тармақша 3
3) он бес тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға жабу;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушыларды жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылуы мүмкін.
📌 Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 38. 38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі
38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазаны күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары қолданады. Бір тәртіп бұзғандығы үшін кінәлі адамға бір жазадан артық жаза қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Жаза тәртіп бұзуды жасаудың мән-жайлары және сезікті мен айыпталушының мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады. Жаза тәртіп бұзушылық белгілі болған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тәртіп бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - ол аяқталған күннен бастап, бірақ тәртіп бұзушылық жасалған күннен бір айдан кешіктірілмей қолданылуы мүмкін. Жаза, әдетте, дереу, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған жағдайда - ол белгіленген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
Тармақ 3
3. Жаза қолданылғанға дейін сезіктіден немесе айыпталушыдан жазбаша түсініктеме алынады, ал түсініктеме беруден бас тартылған жағдайда ол туралы тиісті акт жасалады.
Тармақ 4
4. Сөгіс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша нысанда, басқа жазалар - жазбаша нысанда қолданылады.
Тармақ 5
5. Сезіктілер мен айыпталушылардың жазаға жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар. Шағым беру жазаның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Бап 39. 39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау
39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау
Тармақ 1
1. Күдіктілер мен айыпталушылар:
Тармақша 1
1) басқа күдіктілер мен айыпталушыларға қысым көрсеткені және оларды қорлағаны;
Тармақша 2
2) күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны;
Тармақша 3
3) оқшаулау қағидаларын бірнеше рет бұзғаны;
Тармақша 4
4) алкогольдік ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны және ішкені;
Тармақша 5
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны;
Тармақша 6
6) құмар ойындарға қатысқаны үшін тәртіптік изоляторға, ал кәмелетке толмағандар уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу түріндегі жаза сөгіс түрінде екі және одан да көп рет жаза қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға да қолданылады.
Тармақ 3
3. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қаулысы және күдіктіні немесе айыпталушыны тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау мүмкіндігі туралы медициналық қызметкердің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Күдіктілер мен айыпталушылар тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында жеке жатын орнымен және төсек-орындармен белгіленген сағаттарда ұйықтайтын уақытқа ғана қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға:
Тармақша 1
1) қорғаушымен жолығудан басқа, хат жазысуға, жолығуларға;
Тармақша 2
2) тамақ өнімдері мен ең қажетті нәрселерді сатып алуға;
Тармақша 3
3) хаттар, сауқаттар және сәлемдемелер алуға;
Тармақша 4
4) үстел үсті ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журналдарды және өзге де әдебиетті пайдалануға тыйым салынады.
Сауқаттар мен сәлемдемелер күдіктілер мен айыпталушыларға олардың тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзімі аяқталғаннан кейін табыс етіледі.
Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты осы бапта көзделмеген өзге де шектеулерге жол берілмейді.
Олардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жіберуі осы Заңның 20-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызу түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыруға, күдіктіні немесе айыпталушыны медициналық көрсетілімдерді ескере отырып мерзімінен бұрын босатуға құқығы бар. Егер жазаны орындауды ұзарту мерзімі медициналық көрсетілімдер бойынша жазаны қолданған күннен бастап бір айдан асып кетсе, онда күдікті немесе айыпталушы жазадан босатылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Емізулі балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер және кәмелетке толмағандар тәртіптік изоляторға жабылмайды.
📌 Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 40. 40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі
40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушылар күзетте ұсталған уақытында мемлекетке материалдық залал келтіргені үшін:
Тармақша 1
1) еңбек міндеттерін атқару кезінде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртіп пен мөлшерде;
Тармақша 2
2) өзге де іс-әрекеттерімен залал келтіргенде - заңдарда көзделген тәртіп пен мөлшерде материалдық жағынан жауапты болады.
Тармақ 2
2. Сезікті немесе айыпталушы мемлекетке келтірген материалдық залалдың мөлшері күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының қаулысымен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қаулы сезіктіге немесе айыпталушыға қолы қойғызыла отырып жарияланады және оған жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады.
Тармақ 4
4. Материалдық залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен өндіріліп алынады.
Тармақ 5
5. Келтірілген материалдық залал үшін дұрыс өндіріліп алынбаған сомалар сезіктіге немесе айыпталушыға қайтарылуға тиіс және оның жеке шотына салынады.
Тармақ 6
6. Сезіктінің немесе айыпталушының өтініш бойынша ол келтірген материалдық залалды оның туыстары немесе өзге де адамдар олардың келісімімен өтеуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Сотталған адам жазалауды орындаушы мекемеге жіберілген жағдайда өтелмеген материалдық залалды аталған мекеменің әкімшілігі сотталған адамның жеке шотына түскен қаражаттан өндіріп алады.
Тармақ 8
8. Сезікті немесе айыпталушы күзетте ұстаудан босатылған жағдайда олар өтемеген материалдық залал соттың шешімімен өндіріліп алынуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің кінәсінен сезіктіге немесе айыпталушыға келтірілген материалдық залал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріліп алынады.
📌 Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253 Заңымен.
Бап 41. 41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар
41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар
Тармақ 1
1. Сезіктінің немесе айыпталушының тамақ ішуден бас тарту фактісі анықталған жағдайда күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары оның себептерін анықтауға және ол туралы қылмыстық істі жүргізуші адамға немесе органға, сондай-ақ күзетте ұстау орындарында заңдардың қолданылуына қадағалау жасауды жүзеге асыратын прокурорға хабарлауға міндетті.
Тармақ 2
2. Тамақ ішуден бас тартқан сезікті немесе айыпталушы мүмкіндігінше басқа сезіктілер мен айыпталушылардан жеке ұсталады және ол медициналық қызметкердің бақылауында болады.
Тармақ 3
3. Егер өміріне қауіп төнсе, тамақ ішуден бас тартқан сезіктінің немесе айыпталушының денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар, оның ішінде мәжбүрлеу сипатындағы шаралар оны бақылаушы медициналық қызметкердің жазбаша қорытындысы негізінде медициналық айқындамалар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сезіктінің немесе айыпталушының тамақ ішуден бас тартуы оны басқа күзетте ұстау орнына этаппен немесе айдауылмен апаруға, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттері мен сот отырыстарына қатысуына кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайда этаппен немесе айдауылмен апаруға медициналық қызметкер ілесіп барады.
Бап 42. 42-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды қолданудың жалпы негіздері
42-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды қолданудың жалпы негіздері
Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері не құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін тартылған ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесiнiң өзге де қызметкерлері дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана қолданады. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері арнаулы даярлықтан, сондай-ақ дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-әрекеттерге жарамдылығына оқтын-оқтын тексеруден өтіп отыруға міндетті.
📌 Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25 Заңымен.
Бап 43. 43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану
43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану
Күзетте ұстау орындарында сезіктіге немесе айыпталушыға қатысты дене күші, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдері, егер күш қолданылмайтын әдістер құқық бұзушылықты тоқтатуды не заңды талаптардың орындалуын қамтамасыз етпесе, ол жасаған құқық бұзушылықтың немесе оның күзетте ұстау орны қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсы әрекетінің жолын кесу үшін қолданылуы мүмкін.
Бап 44. 44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану
44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану
Тармақ 1
1. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қарулы мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне және өзге де адамдарға шабуылын тойтару үшін;
Тармақша 2
2) жаппай тәртіпсіздіктің немесе күзетте ұстаудың белгіленген режимін топтасып бұзушылықтың жолын кесу үшін;
Тармақша 3
3) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін тартылған ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесiнiң өзге де қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаушылық көрсеткен сезіктінің немесе айыпталушының заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу үшін;
Тармақша 4
4) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесілі үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлік құралдарына, жер учаскелеріне шабуылды тойтару үшін, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшін;
Тармақша 5
5) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарынан немесе айдауылдан қашу әрекетінің жолын кесу үшін;
Тармақша 6
6) сезіктінің немесе айыпталушының айналасындағыларға немесе өзіне зиян келтіру әрекетінің жолын кесу үшін;
Тармақша 7
7) қашқан не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарған сезіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды ұстау және айдауылмен алып жүру үшін қолданылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Арнаулы құралдар ретінде:
Тармақша 1
1) осы баптың 1-тармағының 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қол кісендері, күзетте ұстау орындарының қызметкерлері қол кісендері болмаған кезде қолда бар байлап-матау құралдарын пайдалануға құқылы;
Тармақша 2
2) осы баптың 1-тармағының 1)-6),7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - резина таяқтар;
Тармақша 3
3) осы баптың 1-тармағының 1)-4), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - газ қаруы мен көзден жас ағызатын заттар;
Тармақша 4
4) осы баптың 1-тармағының 1)4), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда - алаңдатушы әсері бар жарық-дыбыс құрылғылары;
Тармақша 5
5) осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда - үй-жайларды ашуға, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғылар;
Тармақша 6
6) осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда - су атқыштар, бронды машиналар мен басқа да арнаулы және көлік құралдары;
Тармақша 7
7) осы баптың 1-тармағының 1)-6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қызметтік жануарлар қолданылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Әйелдер, мүгедектігі анық байқалатын адамдар айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, оларға арнаулы құралдарды, газ қаруын және жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.
📌 Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25 Заңымен.
Бап 45. 45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану
45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану
Тармақ 1
1. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қару мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) сезіктілер мен айыпталушылардың, өзге де адамдардың күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуылынан қорғану үшін;
Тармақша 2
2) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне, өзге де адамдарға қару иелену мақсатымен жасаған шабуылын тойтару үшін;
Тармақша 3
3) кепілге алынған адамдарды, басып алынған үйлерді, ғимараттарды, үй-жайларды және көлік құралдарын босату үшін;
Тармақша 4
4) күзетте ұстау орындарының үйіне, ғимаратына, үй-жайына және көлік құралдарына топтасып немесе қарулы шабуыл жасауды тойтару үшін;
Тармақша 5
5) қарулы қарсылық көрсеткен, сондай-ақ күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды ұстау үшін;
Тармақша 6
6) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орнынан немесе айдауылдан қашу әрекетінің жолын кесу үшін;
Тармақша 7
7) күзетте ұстау орны қызметкерінің қаруды тапсыру туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшін;
Тармақша 8
8) сезіктілер мен айыпталушыларды күш қолданып босату әрекеттерінің жолын кесу үшін;
Тармақша 9
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшін;
Тармақша 10
10) дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін;
Тармақша 11
11) өзге де қажетті қорғану және өте қажеттілік жағдайларында қолданылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге алған, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемесін басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қару және арнаулы құралдар қолданылған әрбір жағдай туралы прокурорға дереу хабарланады.
Бап 46. 46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі
46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі
Тармақ 1
1.
Күзетпен ұстау орындары орналасқан ауданда табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше, ерекше жағдай және соғыс жағдайы енгізілген кезде, күдіктілер мен айыпталушылардың жаппай тәртіпсіздігі немесе бағынбаушылығы жағдайларында не болмаса қамауда ұстау орнына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупі болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс министрінің шешімі бойынша тиісті қамауда ұстау орындарында отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ерекше жағдай режимі енгізіледі.
Ерекше жағдайлар режимін енгізу мақсаттарына көрсетілген мерзімдерде қол жеткізілмеген жағдайда, оның қолданылу уақытын көрсетілген лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке дейін ұзартады.
Тармақ 2
2. Ерекше жағдайлар режимін енгізу кезінде:
Тармақша 1
1) күзетпен ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды күзету, өткізу режимі және қадағалау күшейтіледі;
Тармақша 2
2) мыналар:
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың қатысуымен өткізілетін барлық іс-шаралар;
сауқаттар мен сәлемдемелер қабылдау;
қорғаушымен кездесу;
осы Заңның 17-бабында санамаланған туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу;
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысу үшін шығуы;
күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстыру шектелуі немесе тоқтатыла тұруы мүмкін;
Тармақша 3
3) мынадай:
күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде жеке қаражатынан төленетін телефон арқылы сөйлесу;
күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен осы Заңның 17-бабында көзделген тәртіппен мекемеде бар телекоммуникация құралдарын қолдана отырып кездесулер ұйымдастырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Күдіктілер мен айыпталушылардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Қорғаныс министріне, Бас прокурорына, аумағында қамауда ұстау орны орналасқан ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарына дереу хабарлай отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды дербес енгізе алады.
Тармақ 4
4. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдай режимін оны енгізген орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам жояды.
📌 Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.16 № 244, 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау
3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау
📌 Ескерту. Заң 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46-1. 46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу
46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу
Тармақ 1
1. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау ішкі істер органдары қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Егер қабылдауға бөлінген мерзім ішінде жеке басы анықталмаса, ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін тәртіппен іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Адамның тұрғылықты жерін және (немесе) жеке басын анықтау мүмкін болмаған кезде ішкі істер органдары сотқа мұндай адамға қатысты жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыны ол ұсталған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде жібереді.
Сот санкциясы алынғаннан кейін қаулы белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қолхат ала отырып дереу хабарланады. Сот жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыны санкциялаудан бас тартқан жағдайда, мұндай адам қабылдау-бөлу орнынан дереу босатылады.
Тармақ 3
3. Жанында балалары бар, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды ұстаған кезде сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тұрып жатқан жерін анықтау жөніндегі шараларды қолданады.
Тармақ 4
4. Шетелдіктерді қабылдау-бөлу орындарына орналастырған кезде ұстауды жүзеге асырған мемлекеттік орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне дереу хабарлайды.
Тармақ 5
5. Қабылдау-бөлу орнына жеткізілген және орналастырылған әр адам жеке тексеріледі, медициналық куәландырудан, санитариялық өңдеуден өткізіледі, дактилоскопияланады және суретке түсіріледі.
Тармақ 6
6. Жеке тексеру, медициналық куәландыру, санитариялық өңдеу, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
Бап 46-2. 46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеру
46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеру
Тармақ 1
1. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам жеке басын анықтау мақсатында тексеріледі.
Тармақ 2
2. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамнан жауап алу ол қабылдау-бөлу орнында болған тәулік ішінде жүргізіледі. Жауап алудың нәтижелері жауап алынушының және жауап алуды жүргізген қызметкердің қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді.
Бап 46-3. 46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері
46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері
Тармақ 1
1. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнына ішкі істер органының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге орналастырылады.
Тармақ 2
2. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнынан осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен бұрын, мынадай:
Тармақша 1
1) жеке басы анықталған;
Тармақша 2
2) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға қатыстылығы анықталған;
Тармақша 3
3) адамның кәмелетке толмағандығы анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына
жіберілген;
Тармақша 4
4) реадмиссия тәртібімен берілген жағдайларда босатылады.
Тармақ 3
3. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде қабылдау-бөлу орнының бастығы немесе оның орынбасары қаулы шығарады, онда жеке басын анықтау бойынша тексеру нәтижелері баяндалады. Босатылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурор, сот және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы жазбаша түрде хабардар етіледі.
Қабылдау-бөлу орнынан босатылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға одан сақтауға алып қойылған, сақталуы заңсыз болып табылатын нәрселер мен заттарды қоспағанда, құжаттары, ақшасы және заттары қолхат ала отырып қайтарылады.
Тармақ 4
4. Қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға одан әрі орналасатын жеріне жету уақытына қабылдау-бөлу орнында ұстау үшін көзделген тамақтану нормалары бойынша құрғақ азық-түлік және босатылғаны туралы анықтама беріледі.
📌 Ескерту. 46-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46-4. 46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі
46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі
Тармақ 1
1. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді. Қабылдау-бөлу орнында ұстау, үй-жайды жабдықтау шарттары, күн тәртібі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
Тармақ 2
2. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар күзетте ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Егер ұсталған адаммен бірге балалары болса, олар сот шешімімен бөлек камераға бірге орналастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен айқындалатын тамақтану нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек ұсталады.
Тармақ 4
4. Қабылдау-бөлу орнында ұсталушы адамдарға "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.
📌 Ескерту. 46-4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46-5. 46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері
46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың:
Тармақша 1
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, қабылдау-бөлу орнында ұсталу режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) қабылдау-бөлу орнында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
Тармақша 3
3) ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша оларға материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетілуіне;
Тармақша 4
4) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
Тармақша 5
5) күніне кемінде екі сағат күнделікті серуенге;
Тармақша 6
6) ішкі тәртіп қағидаларының және қабылдау-бөлу орнында ұсталушы басқа да адамдардың құқықтарының сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;
Тармақша 7
7) қабылдау-бөлу орнының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерін ұстаудың заңдылығы мен негізділігі, сондай-ақ өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдар ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын бұзған адамдарға теріс қылығының сипатына немесе ауырлығына байланысты мынадай ықпал ету
шаралары:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) қабылдау-бөлу орнының үй-жайларын жинау бойынша кезектен тыс наряд қолданылады.
Ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді қабылдау-бөлу орнының бастығы қабылдайды және дәлелді қаулымен ресімделеді.
Тарау 3-2. 3-2-тарау. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орындарында, қабылдау-бөлу орындарында, уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұстау
3-2-тарау. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орындарында, қабылдау-бөлу орындарында, уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұстау
📌 Ескерту. 3-2-тараудың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Ескерту. Заң 3-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46-6. 46-6-бап. Арнаулы қабылдау орындарына,
қабылдау-бөлу орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және тіркеу
46-6-бап. Арнаулы қабылдау орындарына,
қабылдау-бөлу орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және тіркеу
📌 Ескерту.
46-6-баптың тақырыбына
өзгерістер енгізілді - ҚР 19.12.2020
№ 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы қабылдау орнына,
қабылдау-бөлу орнына,
уақытша ұстау изоляторына түскен кезде:
Тармақша 1
1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекемделген
не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған
қамауға алу туралы қаулысының;
Тармақша 1-1
1-1) ішкі істер органының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысының;
Тармақша 2
2) арнаулы қабылдау орнында,
қабылдау-бөлу орнында,
уақытша ұстау изоляторында сақтауға тыйым салынған, алып қойылған заттарымен жеке жете тексеру хаттамасының;
Тармақша 3
3) әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттарының болуы тексеріледі.
Тармақ 2
2. Арнаулы қабылдау орнына,
қабылдау-бөлу орнына,
уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, фотоға түсіруді жүргізу, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің өздері өкілдік ететін мемлекеттің азаматы болып табылатын шетелдікке келу тәртібі, сондай-ақ алып қойылуға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдардың арнаулы қабылдау орнына,
қабылдау-бөлу орнына,
уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының,
қабылдау-бөлу орнының,
уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына – тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге өкілдігіне де хабарлайды.
Тармақ 4
4.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың сотқа, прокуратура органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жазған өтініштері
мен ұсыныстары
қаралмайды және олар берілген уақытынан бастап жиырма төрт сағат ішінде мекенжайы бойынша жіберіледі.
Тармақ 5
5. Арнаулы қабылдау орны болмаған немесе онда орындар болмаған не арнаулы қабылдау орнының шалғайлығынан немесе тиісті қатынас жолдарының болмауынан оған жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды
қабылдау-бөлу орнында немесе
уақытша ұстау изоляторында ұстауға жол беріледі.
Уақытша ұстау изоляторында әкімшілік қамауға алынған адамдар және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдар бөлек ұсталады.
Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған кезде әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар бөлек ұсталады.
Қабылдау-бөлу орнында әкімшілік қамауға алынған адамдар және белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар бөлек ұсталады.
📌 Ескерту. 46-6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19.12.2020
№ 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46-7. 46-7-бап. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режимі
46-7-бап. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режимі
📌 Ескерту. 46-7-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР
19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады. Әр камерада арнаулы қабылдау орнындағы,
қабылдау-бөлу орнындағы,
уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидалары ілінеді.
Тармақ 2
2. Арнаулы қабылдау орындарында,
қабылдау-бөлу орындарында,
уақытша ұстау изоляторларында тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және онда ұсталушы адамдардың мекеменің шегінен тыс жерлерге өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнаулы құралдар қолданылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Арнаулы қабылдау орындарында,
қабылдау-бөлу орындарында,
уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тамақпен күзетпен ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторында отырғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдерін күн сайын ведомость бойынша кезекші береді.
Тармақ 4
4. Арнаулы қабылдау орындарына,
қабылдау-бөлу орындарына,
уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған ерлер әйелдерден бөлек орналастырылады.
Тармақ 5
5. Туберкулездің жұқпалы түрімен, венерологиялық және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратындар
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
басқа адамдардан, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан оқшауландырылады.
Тармақ 6
6. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахталарда ұсталады.
Әскери қызметшілердің гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
📌 Ескерту. 46-7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 19.12.2020
№ 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46-8. 46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында, қабылдау-бөлу орындарында,
уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұсталатын
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері
46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында, қабылдау-бөлу орындарында,
уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұсталатын
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері
📌 Ескерту. 46-8-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 19.12.2020№ 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1. Арнаулы қабылдау орындарында,
қабылдау-бөлу орындарында,
уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
Тармақша 1
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы қабылдау орнында,
қабылдау-бөлу орнында,
уақытша ұстау изоляторында ұстау режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) арнаулы қабылдау орнында,
қабылдау-бөлу орнында,
уақытша ұстау изоляторында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
Тармақша 3
3) арнаулы қабылдау орнындағы Ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтер алуға;
Тармақша 4
4) хаттар, сауқаттар, бандерольдер мен сәлемдемелер алуға;
Тармақша 5
5) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
Тармақша 6
6) күніне кемінде екі сағат күн сайын серуендеуге;
Тармақша 7
7) арнаулы қабылдау орнында,
қабылдау-бөлу орнында,
уақытша ұстау изоляторында Ішкі тәртіп қағидаларын және басқа да адамдардың құқықтарын сақтаған жағдайда – діни жораларды орындауға;
Тармақша 8
8) арнаулы қабылдау орнының,
қабылдау-бөлу орнының,
уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініш жасауға құқығы бар.
2. Арнаулы қабылдау орындарына, қабылдау-бөлу орындарына,
уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған
әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы қабылдау орнындағы,
қабылдау-бөлу орнындағы,
уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Әкімшілік қамаққа алынған
және қамаққа алуға сотталған, гауптвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге әскери қызметшілердің гауптвахтада әкімшілік қамақты өтеу тәртібіне сәйкес осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылады.
📌 Ескерту. 46-8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 46-9. 46-9-бап. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, қабылдау-бөлу орнынан, уақытша ұстау изоляторынан, гауптвахтадан босату
46-9-бап. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, қабылдау-бөлу орнынан, уақытша ұстау изоляторынан, гауптвахтадан босату
📌 Ескерту. 46-9-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 19.12.2020№ 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған
адамдар арнаулы қабылдау орнынан,
қабылдау-бөлу орнынан,
уақытша ұстау изоляторынан, гауптвахтадан судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамауға алу мерзімін өтегеннен кейін босатылады.
Тармақ 1-1
1-1. Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар шығарып жіберу туралы сот үкімін, шешімін, қаулысын орындау үшін не жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу мерзімі өткеннен кейін арнаулы қабылдау орнынан босатылады.
Тармақ 2
2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхат алына отырып қайтарылады.
Тармақ 3
3.
Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар атыс қаруын немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және
есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді
заңсыз сақтаған кезде шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.
Тармақ 4
4. Босатылған адамға оның арнаулы қабылдау орнында,
қабылдау-бөлу орнында,
уақытша ұстау изоляторында, гауптвахтада болғаны туралы анықтама беріледі.
📌 Ескерту. 46-9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3-3. 3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі
3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі
📌 Ескерту. Заң 3-3-тараумен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 3-3-тараудағы "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл", "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің", "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл", "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің", "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46-10. 46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер мен үй-жайларда, сондай-ақ осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі – алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.
Тармақ 3
3.
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
Тармақ 4
4.
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
Тармақ 5
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Бап 46-11. 46-11-бап. Үйлестіру кеңесі
46-11-бап. Үйлестіру кеңесі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.
Тармақ 2
2.
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;
алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 46-12. 46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
Тармақша 2
2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
Тармақша 4
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері;
Тармақша 5
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
Тармақ 2
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
📌 Ескерту. 46-12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46-13. 46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
Тармақша 1
1) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай мекемелер мен ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
Тармақша 3
3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;
Тармақша 5
5) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;
Тармақша 6
6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.
Бап 46-14. 46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.
Тармақ 4
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.
Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.
Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 46-15. 46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) осы Заңның ережелері бұзылған;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
Тармақша 3
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
Тармақша 6
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
Бап 46-16. 46-16-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
46-16-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;
Тармақша 2
2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;
Тармақша 3
3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін айқындайды.
Бап 46-17. 46-17-бап. Алдын ала болу тәртібі
46-17-бап. Алдын ала болу тәртібі
Тармақ 1
1. Алдын ала болуды
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
Тармақ 2
2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің басшысы
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
Бап 46-18. 46-18-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
46-18-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
Тармақ 1
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:
уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі.
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса береді.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
Бап 46-19. 46-19-бап. Құпиялылық
46-19-бап. Құпиялылық
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 46-20. 46-20-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
46-20-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына өздерінің заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде
Қазақстан
Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Тарау 3-4. 3-4-тарау. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды
арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау
3-4-тарау. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды
арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау
📌 Ескерту. 3-4-тараудың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Заң 3-4-тараумен толықтырылды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46-21. 46-21-бап. Әкімшілік ұстауға алынған
адамдарды арнаулы үй-жайларға
қабылдау және тіркеу
46-21-бап. Әкімшілік ұстауға алынған
адамдарды арнаулы үй-жайларға
қабылдау және тіркеу
Тармақ 1
1. Арнаулы үй-жайларға отырғызылатын адамдарды қабылдау және тіркеу, жеке қарап тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабылатын әскери қызметшілерді қабылдау және тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды (қажет болған кезде дактилоскопиялауды және фотосуретке түсіруді) жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттардың тізбесі уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Әкімшілік ұстауға алынған адамдардың арнаулы үй-жайларға жабылғаны туралы олардың тұрғылықты жері бойынша жақын туыстарына, әкімшілік ұстауға алынған әскери қызметшілердің уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабылғаны туралы әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығына (бастықтарына) дереу хабарланады.
Шетелдікті арнаулы үй-жайға отырғызған кезде әкімшілік ұстап алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне дереу хабарлайды.
📌 Ескерту. 46-21-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46-22. 46-22-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау режимі
46-22-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау режимі
📌 Ескерту. 46-22-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді. Ұстау жағдайлары, үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар арнаулы үй-жайдың үлгілік ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады.
Тармақ 2
2. Ұстауға алынған, арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдар күзетпен ұсталатындар мен арнаулы қабылдау орындарындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдері күн сайын ведомость бойынша беріледі.
Тармақ 3
3. Арнаулы үй-жайларға орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек орналастырылады.
Тармақ 4
4. Өздеріне қатысты ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
Тармақ 5
5. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратындарды ұстауға алынған басқа да адамдармен бірге ұстауға болмайды.
Тармақ 6
6. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда әскери қызметшілерді ұстау режимі уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.
📌 Ескерту. 46-22-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46-23. 46-23-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталатын,
ұстауға алынған адамдардың
құқықтары мен міндеттері
46-23-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталатын,
ұстауға алынған адамдардың
құқықтары мен міндеттері
📌 Ескерту. 46-23-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Ұстауға алынған адамдар:
Тармақша 1
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы үй-жайда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда ұстау режимі туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) арнаулы үй-жайда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
Тармақша 3
3) материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетуді алуға;
Тармақша 4
4) полиция, әскери полиция органдарының басшысына, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Арнаулы үй-жайларға, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға орналастырылған адамдар тиісінше полиция органының, әскери полиция органының басшысы бекітетін арнаулы үй-жайдың, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдың ішкі тәртіптеме қағидаларын орындауға міндетті.
📌 Ескерту. 46-23-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46-24. 46-24-бап. Ұстауға алынған адамдарды
арнаулы үй-жайдан, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан босату
46-24-бап. Ұстауға алынған адамдарды
арнаулы үй-жайдан, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан босату
📌 Ескерту. 46-24-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Ұстауға алынған адамдар ұсталуына негіз болған мән-жайлар жойылған кезде не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұстап алу мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.
Тармақ 2
2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхатпен қайтарылады.
Тармақ 3
3. Ұстауға алынған адамдар атыс немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде шешімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.
Тармақ 4
4. Босату кезінде адамға оның арнаулы үй-жайда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайда болғаны туралы анықтама беріледі.
📌 Ескерту. 46-24-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 47. 47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері
47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатуға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші, анықтаушы, прокурор немесе судья шығарған қаулы, сондай-ақ сот қаулысы;
Тармақша 2
2) күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының немесе прокурордың Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген күзетте ұстау мерзімінің бітуіне байланысты аталған сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы қаулысы негіздеме болады.
Бап 48. 48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі
48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі
Тармақ 1
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысын алғаннан кейін, не соттың дәлелді қаулысы бойынша күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы босатады.
Тармақ 2
2. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы сезіктіні немесе айыпталушыны күзетте ұстау мерзімі біткенге дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға не адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.
Тармақ 3
3. Егер заңмен белгіленген бұлтартпау шарасы ретінде ұстау немесе күзетпен ұстау мерзімі біткеннен кейін сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не оны бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы оның өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
Тармақ 4
4. Осы баптың үшінші тармағының талаптарын орындамаған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленгеніндей жауапты болады.
Тармақ 5
5. Күзетте ұстаудан босатылған сезіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақтаулы ақшасы, сондай-ақ оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі; ұстаудың және бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері, орны мен уақыты; босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі күзетте ұстаудан босатқан сезікті немесе айыпталушы қажет болған жағдайда тұрғылықты жеріне темір жол, автомобиль немесе су көлігімен жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусымға байланысты киіммен қамтамасыз етіледі.
📌 Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 49. 49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде,
арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау
тәртібі мен шарттарын қадағалау
49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде,
арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау
тәртібі мен шарттарын қадағалау
📌 Ескерту. 49-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 50. 50-бап. Қоғамдық бақылау
50-бап. Қоғамдық бақылау
Тармақ 1
1. Қоғамдық бірлестіктер арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұсталу шарттары, медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі, еңбегін, бос уақыты мен оқуын ұйымдастыру бөлігінде құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда оларға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Арнаулы мекемелерді қоғамдық байқау комиссияларының қызметі нысанында қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 33, 34, 35, 37 және 38-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Алып тасталды – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметіне, қылмыстық-процестік қызметке және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге араласуға жол берілмейді.
📌 Ескерту. Заң 50-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 51. 51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері
51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Қоғамдық бақылау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері:
Тармақша 1
1) қоғамдық бақылау комиссиясының кемінде екі мүшесінің құрамында орталық атқарушы органдар айқындайтын тәртіппен арнаулы мекемелерге кедергісіз баруға;
Тармақша 2
2) арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың келісімі болған кезде олармен әңгімелесуге, сондай-ақ олардың
құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініштер
қабылдауға;
Тармақша 3
3) арнаулы мекеме әкімшілігіне және (немесе) прокуратура органдарына арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша өтініштермен жүгінуге құқылы.
Тармақ 2
2. Арнаулы мекемелерде ерекше шарт режимі енгізілген кезеңде қоғамдық бақылау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөніндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
Тармақ 3
3. Өз өкілеттіктерін орындау кезінде қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері арнаулы мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті. Қоғамдық бақылау іс-шараларын өткізу іс жүргізушілік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге тиіс.
📌 Ескерту. Заң 51-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.