О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 27 шiлдедегi
N 778 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы
N 4153 Жарлығын орындау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1240 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 407-құжат).
Тармақ 2
2. "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасында көрсетiлген шараларды iске асыру жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 сәуiрдегi N 423 қаулысы .
Тармақ 3
3. "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 13, 141-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегi N 982 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 399-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 сәуiрдегi
N 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 204-құжат).