О специальном государственном пособии в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды
- ҚР 20.04.2023 № 224-VII (01.07.2023
бастап қолданысқа енгізіледі) Кодексімен.
Ескерту. Бүкiл мәтін бойынша: "16 жасқа" деген сөздер тиiсiнше "он алты жасқа" деген сөздермен, "І", "II, "III" деген цифрлар тиiсiнше "бiрiншi", "екiншi", "үшiншi" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2004.12.31 № 28 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) – жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлем;
Тармақша 1-1
1-1) күтімді жүзеге асыратын адам – бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 2
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 3
3) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
Тармақша 5
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
📌 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат
2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бап 3. 3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
Тармақ 3
3. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен төлеуді білдіреді.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген бірнеше негіздемелер бойынша бір мезгілде жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3-1. 3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
Орталық атқарушы орган:
Тармақша 1
1) жәрдемақылар тағайындау, төлеу тәртібін және оларды тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды;
Тармақша 1-1
1-1) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын,
ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 1-2
1-2) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын,
басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 1-3
1-3) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын,
ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 1-4
1-4) наградталған кезде жәрдемақы тағайындалатын, Ұлы Отан соғысы жылдарында
тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған бұрынғы
КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді;
Тармақша 2
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 3
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметін тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 1-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3-2. 3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
Тармақша 1
1) уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдауды және жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) алушыларға жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толтыруды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жәрдемақылар төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
Тармақша 6
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады және жәрдемақылар төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді орталық атқарушы органға жібереді;
Тармақша 7
7) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган мен орталық атқарушы органға береді.
📌 Ескерту. 1-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 4. 4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар
4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 1-1
1-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
Тармақша 1-2
1-2) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;
Тармақша 1-3
1-3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
2) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы,
контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі
бар адамдарға теңестірілген адамдар;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
Тармақша 3
3) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі
ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия
алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің,
арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери
қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс
болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары,
қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің
отбасылары; Чернобыль
АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа
да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар
адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі
апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да
радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты
болған азаматтардың отбасылары;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға
шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға
шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екінші
рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі
және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан
болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының,
партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе
«Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге
тұрмаған зайыбы (жұбайы);
Тармақша 4-1
4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар;
Тармақша 4-2
4-2) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар;
Тармақша 4-3
4-3) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
Тармақша 6
6) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;
Тармақша 7
7) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының
12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі
бойынша айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда,
жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы
төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар,
сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы
алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы
мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 8
8) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын
жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 8-1
8-1) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын
жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші,
үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 11
11) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады.
Тармақ 2
2. Күтімді жүзеге асыратын адамның жәрдемақы алуға құқығы бар.
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 № 482 (2000.01.01 бастап күшіне енеді), 2000.12.21 № 130, 2004.12.31 № 28 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.07.04 № 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 2. 2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі
2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі
Бап 5. 5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі
5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі
Тармақ 1
1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады.
Тармақ 2
2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін:
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне де өтініш жасауға құқылы.
Тармақ 2-1
2-1. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәлiметтердi қамтитын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс стажын растайтын құжат болып табылады.
Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс істеген фактісін растайтын құжаттары жоқ болса, жұмыс өтілін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнайы комиссиялар белгілейді.
Тармақ 2-2
2-2. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркеген күннен бастап, ал осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 2-3
2-3. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам өтініш жасаған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Алынып тасталды - ҚР 2001.01.19 N 145 (01.01.2001 бастап күшіне енеді) Заңымен.
Тармақ 4
4. Алынып тасталды - ҚР 2001.01.19 N 145 (01.01.2001 бастап күшіне енеді) Заңымен.
Тармақ 5
5. Жәрдемақы мөлшерін қайта қарау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Алынып тасталды - ҚР 2001.01.19 N 145 (01.01.2001 бастап күшіне енеді) Заңымен.
Тармақ 7
7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
Тармақ 8
8. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелерде жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерде сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы бірінші топтағы мүгедектігі
бар адамды хабардар етеді.
Ақпараттық жүйелер бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екенін белгіленген тәртіппен растаған кезде бірінші топтағы мүгедектігі
бар адамның жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау күні болып есептеледі.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.01.19 N 145 (01.01.2001 бастап күшіне енеді); 31.12.2004 № 28 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі
6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Жәрдемақы төлеу тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
Тармақ 2
2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы – қайтыс болған айына қоса, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда кеткен айына қоса төленедi.
Бірінші топтағы мүгедек қайтыс болған жағдайда күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам немесе күтімді жүзеге асыратын адам басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда, кеткен айды қоса алғанда төленеді.
Тармақ 3
3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап, заңдарда мүгедектіктің тиісті тобы үшін белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер
мүгедектігі
бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан
мүгедектігі
бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде
мүгедектігі
бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде
мүгедектігі
бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
Тармақ 5
5. Жәрдемақы алуға құқылы екі және одан да көп адам бiрге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленедi.
Тармақ 6
6. Отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
Тармақ 7
7. Бірінші топтағы мүгедекке
мүгедектігі
бар адамға күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
Тармақ 8
8. Бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.
📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 19.01.2001 № 145 (01.01.2001 бастап күшіне енеді), 21.03.2002 № 308 (01.01.2002 бастап күшіне енеді); 04.07.2006 № 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Жәрдемақы мөлшері
7-бап. Жәрдемақы мөлшері
Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді.
Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
Жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2-1
2-1) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия
алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне – 4,48 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 6
6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары
жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз
кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс
болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына;
бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру
кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан
ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль
АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа
да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі
бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль
АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа
да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне
байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға
шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға
шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның зайыбына
(жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер
(құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар
адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның,
астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы
Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың зайыбына (жұбайына) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 8
8) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға- 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 9
9) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 10
10) алып тасталды – ҚР 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-1
10-1) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 10-2
10-2) алып тасталды – ҚР 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 11
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға – 2,13 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 12
12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі
бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі
бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі
бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектігі
бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 15
15) Байқоңыр қаласында тұратын жеті жасқа дейінгі
мүгедектігі
бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 16
16) Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі
мүгедектігі
бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда:
бірінші және екінші топтағыларға – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағыларға – 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 19
19) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 21
21) күтімді жүзеге асыратын адамға – 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.
📌 Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 № 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
📌 Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.
Тармақ 2
2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады.
Тармақ 5
5. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай:
Тармақша 1
1) ол кәмелетке толмаған;
Тармақша 2
2) ол заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
Тармақша 3
3) ол психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепте тұрған;
Тармақша 4
4) бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адам толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде болған жағдайда тағайындалмайды.
Тармақ 6
6. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы төлеуді тоқтату үшін мыналар:
Тармақша 1
1) бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;
Тармақша 2
2) бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;
Тармақша 3
3) бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кетуі;
Тармақша 4
4)
мүгедектігі
бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;
Тармақша 5
5) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.
Тармақ 7
7. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініш осы Заңның 5-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 N 482 (01.01.2000 бастап күшіне енеді), 2001.01.19 N 145 (01.01.2001 бастап күшіне енеді), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 8-1. 8-1-бап. Жәрдемақыға құқықтың сақталуы
8-1-бап. Жәрдемақыға құқықтың сақталуы
1. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес жәрдемақы алу құқығын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтап қалады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Тармақ 2
2. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала кезінен бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адамның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көзделген жәрдемақы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде тағайындалады.
📌 Ескерту. 3-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
9-бап. Осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.