О признании утратившими силу некоторых решений Совета Министров Казахской ССР, Кабинета Министров Казахской ССР, Кабинета Министров Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң, Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң, Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2005 жылғы 3 тамыздағы
N 809 қаулысына
қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. "Еңбек жағдайларының мемлекеттік сараптамасы туралы" КСР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 13 тамыздағы N 812 қаулысын iске асыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Советiнің 1990 жылғы 3 желтоқсандағы N 475 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., N 4, 24-құжат)
Тармақ 2
2. "Қазақ КСР, Алматы облысы және қаласы еңбек жағдайларының мемлекеттiк сараптамасы туралы және Қазақ КСР, Алматы облысы және қаласы еңбек жағдайларының мемлекеттік сараптама органдары тартатын ғылыми қызметкерлер мен мамандарға еңбекақы төлеу тәртiбiн белгiлеу туралы ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 шiлдедегi N 409 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., N 17, 110-құжат).
Тармақ 3
3. "Денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң кейбiр категорияларына пенсия белгілеу үшiн еңбек стажына орындалу уақыты бiр жарым мөлшерде зейнетақы тағайындау үшiн есептелетiн жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қыркүйектегi N 549 қаулысы.
Тармақ 4
4. "Шопандардың, шопандар көмекшілерiнiң, жылқышылардың, түйешілердiң, малшылардың (бақташылардың) жеңiлдiк шартпен тағайындалатын пенсия алуына право беретiн Қазақ КСР шөл дала және Қазақ КСР сусыз жартылай шөл дала аудандарының биiк таулы жайылымдар орналасқан Қазақ КСР территорияларының, Қазақ КСР-iнiң шөлдi аймақтарының және Қазақ КСР-iнiң шөлейт сусыз аймақтарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қыркүйектегi N 552 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., N 22, 159-құжат).
Тармақ 5
5. "Еңбек сiңiрген жылдары үшiн пенсиясын алуға правосы бар театр және басқа да театр ойын-сауық кәсiпорындары мен коллективтерi артистерiнiң кейбiр категорияларының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қыркүйектегі N 553 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., N 22, 160-құжат).
Тармақ 6
6. "Пенсия тағайындау үшiн толық маусым iстеген жұмысы бiр жылғы жұмыс стажына есептелетiн маусымдық жұмыстар мен маусымдық өнеркәсiп салаларының тiзiмiн бекiту жөнiнде" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қыркүйектегi N 554 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., N 22, 161-құжат).
Тармақ 7
7. "Қазақ КСР-інде азаматтарды пенсиямен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР Заңы бойынша пенсиялық жеңiлдiктер көзделген жұмыс және тұру аймақтарының уақытша тiзбесi туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 15 қарашадағы N 708 қаулысы.
Тармақ 8
8. "Зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын растаудың тәртiбi туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 қарашадағы
N 721 қаулысы.
Тармақ 9
9. "Қысқартылған КСРО Көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң басшы қызметкерлер мен мамандардың білiктілiгiн арттыру институтының Қарағанды филиалын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 ақпандағы N 106 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 5, 91-құжат).
Тармақ 10
10. "Қарағандыкөмiр" өндiрiстік бiрлестігiнiң жұмысшыларына осы жұмыстарда кемiнде 20 жыл iстегенде жасына қарамастан зейнетақы алуға құқық беретін жұмыстар мен мамандықтардың тiзiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 мамырдағы N 450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 20, 326-құжат).
Тармақ 11
11. "Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қыркүйектегi N 552 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 шілдедегi N 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 30, 453-құжат).
Тармақ 12
12. "Зейнетақының есебi мен зейнетақының мөлшерi үшiн орташа айлық табыстың сомасын анықтауды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 қарашадағы N 1001 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 47, 692-құжат).
Тармақ 13
13. "Жасына қарай жеңiлдік шарттарымен тағайындалатын зейнетақылар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 26 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 1, 19-құжат).
Тармақ 14
14. "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік жағынан қорғау министрлігінің жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 маусымдағы N 565 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 26, 320-құжат).
Тармақ 15
15. "Зейнеткерлердің материалдық тұрмыс жағдайын одан әрi қолдау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 902 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 39, 448-құжат).
Тармақ 16
16. "1995 жылдың 1 қазанынан бастап зейнетақыларды өсiру және қайта есептеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 қыркүйектегi N 1277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 31, 384-құжат).
Тармақ 17
17. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 ақпандағы N 106 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 наурыздағы N 332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 12, 95-құжат).
Тармақ 18
18. "Еңбек сiңiрген жылдары үшiн және жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы тағайындауға құқық беретiн мамандықтардың, лауазымдар мен жұмыс түрлерiнiң Тiзбелерi мен Тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 қыркүйектегi N 1316 қаулысы .