Об утверждении правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующие материалы эротического характера Қолданыста
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік баспа басылымдарды бөлшектеп сату ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының аймағында эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік баспа басылымдарын бөлшектеп сатуға қосымша берілетін ережелер (бұдан әрі ережелер) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ережелердің орындалуын бақылау «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Ермағамбетовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң өз күшіне енеді.
Басқа 5. Целиноград ауданының аймағында эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік баспа басылымдарын бөлшектеп сату ережелері
Қосымша
Целиноград аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 21.07 № 154 «Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарының бөлшектеп сату ережелерін бекіту туралы» қаулысымен Бекітілді
Целиноград ауданының аймағында эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік баспа басылымдарын бөлшектеп сату ережелері
Целиноград ауданының аймағында эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік баспа басылымдарын бөлшектеп сатуға қосымша берілетін ережелер (бұдан әрі - ережелер) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы 14 бабы 2 тармағының негізінде әзірленді және меншік түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалары үшін Целиноград ауданының аймағында орындалуы міндетті болып табылады.
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын, мерзімдік баспа басылымдарын бөлшектеп сатылуы тек осы Ереженің 2 тармағындағы 2, 3, 4 тармақшаларына қайшы келмейтін арнайы берілген стационарлық тұрғын үй - жайларда көрінетін қағазбен жапсырылған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған мерзімдік баспаларды төмендегі жағдайда сатуға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) 18- жасқа толмағандарға;
Тармақша 2
2) балалар және оқу орындарында және сондай ақ соларға жақын орналасқан 300 метр радиус жерінде;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, білім және денсаулық сақтау мекемелерде, сондай ақ сәулет және тарихи ескерткіштердің жанында;
Тармақша 4
4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, сондай ақ халықтың бұқаралық демалу орнындарында.
Тармақ 3
3. Осы ережелер эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын, солардың ішіне жақын және алыс шетелдерден әкелінетін барлық мерзімдік баспа басылымдарына таратылады.
Тармақ 4
4. Эротикалық мазмұндағы өнімді егер сол мақсаттарға арналмаған орындарда сатуды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 339 бабына сәйкес жауапкершілікке таратылады.