Об Агентстве Республики Казахстан по государственным закупкам Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 87 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6
Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі
туралы ереже;
Тармақша 2
2)
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1999 жылғы
19 қаңтардағы N 35
қаулысының 1-ші тармағы күшін жойды деп
танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сатып алу жөніндегі агенттігі туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
26 наурыздағы
N 304 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сатып алу жөніндегі агенттігі туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі- Агенттік) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу процесін Yкiмет құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген нысандағы бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Агенттіктің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса,
мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы
бар.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
Тармақ 4
4. Агенттік өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасының Барлық аумағында міндетті күші бар
бұйрықтар шығарады.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
Тармақ 5
5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының
Yкiметi бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
Тармақ 6
6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
473000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 37.
Тармақ 7
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N
1093 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен
жүзеге асырылады.
Агенттікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынас жасауға тыйым
салынады.
Егер Агенттікке, заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық
бюджеттің кірісіне жіберіледі.
📌 ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.14. N 234
қаулысымен.
Тарау 2. 2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері
және құқықтары
2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері
және құқықтары
Тармақ 10
10. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды:
1) мемлекеттік сатып алу процестерін үйлестіру және оның
мониторингі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және өз құзыретінің шегінде оларды қабылдау;
Тармақша 2-1
2-1) мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебінен сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдарын қолдану мәселелері бойынша сол заемдар туралы келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 3
3) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік материалдарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды, жұмыстарды
және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібіне
бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) жүргізілген мемлекеттік сатып алулар туралы есептің тәртібін
белгілеу;
Тармақша 6
6) тапсырысшыларға мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәселелері бойынша
әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) республикалық және жергілікті бюджеттер бекіткен көрсеткіштердің
негізінде тапсырысшылар қалыптастырған сатып алынатын тауарлардың,
жұмыстардың және қызмет көрсетулердің номенклатурасы мен көлемдеріне
талдау жасау;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік сатып алу бюллетенін шығаруды ұйымдастыру;
Тармақша 8-1
8-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы
заңдарын қолданудың тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 9
9) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.02.14. N 234 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Агенттіктің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік сатып алу процестерін үйлестіру және оның мониторингі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарын сақтауына бақылау жасау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алу процестерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 12
12. Агенттіктің қойылған міндеттерді шешу және функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен мекемелерден жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы, оның ішінде мемлекеттік сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған сатып алу туралы есептерді, ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) өз құзіретінің шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдауға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуы мен оның жүргізілуіне бақылау жасауға;
Тармақша 3-1
3-1) мемлекеттік сатып алудың рәсімдері бұзылған жағдайда
конкурстардың нәтижелерін қайта қарауға немесе қайтадан конкурстар
өткізуге бастама жасауға;
Тармақша 4
4) ұсынылған есептік деректердің дұрыстығын тексеруге;
Тармақша 5
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын ақысыз
негізде, ал мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мамандарды ақылы
негізде сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін тартуға;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде шетелдік мемлекеттердің ұйымдарымен және
халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.02.14. N 234 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Агенттіктің мүлкі
3. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 13
13. Агенттіктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен
қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны
Агенттіктің баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 15
15. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 16
16. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен оқшаулауға немесе
оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке
билік ету құқы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Агенттік төрағасының орынбасары төраға болмаған жағдайда оның міндетін атқарады.
Тармақ 18
18. Агенттіктің төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
Тармақ 19
19. Агенттіктің төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өз орынбасары мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының
міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен:
Агенттіктің қызметкерлерін көтермелеу жөнінде және оларға материалдық
көмек көрсету жөнінде шешім қабылдайды;
Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 5
5) Агенттiктiң құрылымын және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері
туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.02.14. N 234 қаулысымен.
Тармақ 20
20. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi
орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын
Агенттiктiң төрағасы бекітеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
қаулысымен.
Тарау 5. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.