Некоторые вопросы государственного учреждения "Республиканская школа "Жас ұлан" имени генерала Нурмагамбетова С.К." Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі" мемлекеттiк мекемесiнiң кейбiр мәселелерi "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Генерал С.Қ Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебi" мемлекеттік мекемесiнiң жарғысын әзiрлесiн және бекiтсiн.
Тармақ 2
2. "Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебi" мемлекеттік мекемесi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 647 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 220-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.