Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты и организации уборки территории населенных пунктов Теректинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы №111 «Қазақстан Республика азаматтарының денсаулығын сақтау», 2002 жылғы 4 желтоқсандағы №361 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы», 1997 жылғы 15 шілдедегі №160 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдарының негізінде, 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып Теректі аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Теректі ауданның елді мекендер аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазару, тазалықты сақтау және жинау жұмыстарын ұйымдастыру Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жоғары айтылған Ережелерді бұзуғандарға Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 бабының нормасына сәйкес айыппұл азаматтарға 20 дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға 50-ге дейінгі, заңды тұлғаларға 300 дейінгі айлық есептік көрсеткіш әкеп соғатыны қарастырылған.
Тармақ 3
3. Осы ережелер берілген заң тәртібімен іске асырылады.
Басқа 4. Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелері.
Бекітілді 2005 жылғы 5 шілдедегі №20-3 Теректі Мәслихаттың шешімімен Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелері.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер 1997 жылғы 19 мамырдағы №111 «Қазақстан Республика азаматтарының денсаулықтарын сақтау туралы», 2002 жылғы 4 желтоқсандағы №361 «Халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы туралы», 1997 жылғы 15 шілдедегі №160 «Қоршаған ортаны сақтау туралы» Заңдарының негізінде әзірленген.
Тармақ 2
2. Ережелер мыналарды анықтайды:
Тармақша 1
1) жалпы пайдалану орындарын тазарту мен күту;
Тармақша 2
2) иеліктегі үйлерді тазарту мен күтіп ұстау;
Тармақша 3
3) елді мекен аумақтарында шағын сәулеттік нышандарды орнату мен күту тәртіптері;
Тармақша 4
4) инженерлік құрылыстарды және коммуникацияларды күту мен тазарту тәртіптері;
Тармақша 5
5) елді мекен аумақтарын күту мен ұйымдастыру бойынша шаралар;
Тармақша 6
6) осы Ережелермен тыйым салынған әрекеттер;
Тармақша 7
7) осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік;
Тарау 1. 1. Жалпы пайдалану орындарын тазарту мен күту
1. Жалпы пайдалану орындарын тазарту мен күту
Тармақ 3
3. Осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының заңнама актілерінің талаптарына сәйкес саябақ аймақтары, демалыс орындар, көпшілік серуендейтін орындар мен басқа да жалпы пайдаланатын орындар күтіп ұсталуы қажет.
Тармақ 4
4. Барлық көшелерде, бақтарда, бекеттерде, базарларда, басқа да орындарда қоқыс жәшіктер жеткілікті санда болуы тиіс.
Тармақ 5
5. Иеленушілер өздерінің иеліктегі үйлерінің кіру және шығатын жерлерінде және кеңселерінде, сату орындарында, шатырлар дүңгіршектер, павильон, тынымбақтар, бульвар, саябақтар қасында қоқыс жәшіктерін орнатады. Шәшіктер жөндеулі және таза күйде күтіп ұсталуы, қоқысқа толған кезде тазартылып, жылына 2 реттен кем емес сырлануы қажет.
Тармақ 6
6. Дүңгіршектердің, шатырлардың, шағын сауда павильондарының және дүкендердің қастарында жәшіктер мен тауар қорларын үю, және осы мақсатпен іргелес жатқан аумақтарды пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Көшелерде тез арада бұзылмайтын азық-түліктерді көкөністер мен жемістерді сатуға арналған жазғы алаңдар, ларектер, дүңгіршектер, орналастыру үшін санитарлық-эпидемиялық станциясымен келісімі болуы керек және 30 м. радиусында аумақтарды тазарту жұмысын сауда мекемелері және объект иеленушілері жасайды.
Тармақ 8
8. Жасыл желектер ведомстволық қарауы мен меншік түріне қарамастан қол сұқпаушылық қорын құрайды және заңмен қатаң қорғалады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормасына сәйкес заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақтарында жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс;
Тармақша 1
1) агротехникалық шаралардың толық кешенін өткізу атап айтқанда: суару, өсімдіктерді шырпу, қураған бұтақтарды кесу, қураған авариялық ағаштарды жинау, ағаштың түбіріндегі балақ шыбықтарын кесу, тыңайтқыштарды енгізу, жас ағаштар түбірінің шеңберін орнату, дезинфекциялау, жарақаттарды майлау, сондай-ақ арамшөптерді жою бойынша механикалық өндеу (сора, арамсаяу, жусан, ойраншөп ж.б.);
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылық зиянкестерімен және ауруларымен, карантиндық арамшөптермен күресті өз күштерімен немесе өсімдіктерді қорғау станциялармен келісім бойынша жүйелі түрде өткізу;
Тармақша 3
3) Жапырақ түскен уақытта түскен жапырақтарды уақытында жинау және арнайы бөлінген учаскеге немесе қордалау даласына шығарып тастау; тұрғын құрылыс аумақтарында, тынымбақтарда жапырақтарды өртеуге қатаң тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Иеліктегі үйлерді тазарту мен күтіп ұстау
2. Иеліктегі үйлерді тазарту мен күтіп ұстау
Тармақ 10
10. Иелікті үйлер объектілері бойынша:
Тармақша 1
1) иелікті үйлердің тұрмыстық қалдықтары ведомствалық қарауына және меншік түрі формасына қарамастан жоспар бойынша ешқандай тапсырмасыз осы мақсатқа арналған арнайы көлікпен үнемі шығарылып тұруы тиіс;
Тармақ 11
11. Тұрмыстық қалдықтарды жинау:
Тармақша 1
1) аулалық жәшіктерде қалдықтарды уақытша сақтау кезінде шіру мен бұзылу мүмкіндіктерін болдырмау;
Тармақша 2
2) қалдықтардың уақытша сақтау орындарын, әсіресе тұрғын үйлер аумағында аудандық сәулетшімен және аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау станциясымен келісілуі қажет; аулалық әжетханалардан, қалдықтарды уақытша сақтау орындарын бекітілген қашықтықта орналастру мүмкіндігін аудандағы құрылыс жағдайына байланысты сақтауға болмайтын ерекше жағдайларда, бұл қашықтық ауданның бас сәулетшісі, санитарлық дәрігері қатынасумен комиссияланып белгіленеді және комиссия актілерін жергілікті басқару органдары бекітеді; жеке иелікті үйлер аумақтарында қоқыс жәшіктерін, аулалық әжетханалардың және жуындыға арналған шұңқырлардың орындары үй иелерінің өздерімен айқындалуы қажет, қашықтығы 8-9 метрге дейін қысқартылуы мүмкін.
Тармақша 3
3) аулалық канализацияландырылмаған және қоғамдық әжетханалар тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңдар мен халық демалатын орындардан қашықтығы 20 м-ге дейін және 100 метрден аспауы қажет;
Тармақша 4
4) иелікті үйлердің аумақтарында аулалық әжетханалардың иелікті үйлерден қашықтығы үй иелерінің өздерімен айқындалады және 6-10 м-ге дейін қысқартылуы мүмкін; жанжалды жағдайларда аулалық әжетханалардың орналасуы қоғам өкілдерімен, жергілікті басқару органдарының комиссиясымен айқындалады. Сумен қамту орталықтандырылмаған жағдайларда аулалық әжетханалар құдықтардан 50 метрден кем емес қашықтыққа алыстату қажет;
Тармақша 5
5) аулалық әжетхананың жер үсті бөлігі және шұңқыры болуы тиіс, және де жер үсті бөлігін бір-біріне жымдастырылған заттардан құрастырылады (ағаштан, кірпіштен және б.); шұңқыр көрінбейтін болуы тиіс, оның көлемі әжетхананы пайдаланатын халық сандарымен есептеледі; шұңқыр тереңдігі жер асты суының деңгейіне байланысты болады, бірақ 3 метрден аспауы керек; шұңқырды жер үстінен 0,35 м биік толтыруға болмайды;
Тармақша 6
6) шұңқыр толуына байланысты, жылына бір реттен кем емес тазартылуы қажет;
Тармақша 7
7) аулалық. әжетханалар таза кутіп ұсталуы оны жинастыру жұмыстары күн сайын жасалуы қажет және аптасына бір реттен кем емес ыстық сумен уытсыздандыру құралдарымен жуылуы тиіс; жуынды құятын шұңқырдың жер үсті бөлігі және аулалық әжетханалар кемірушілер мен жәндектер енбейтіндей болуы тиіс; құрғақ хлорлы әкті қолдануға тыйым салынады (тамақ объектілері мен медициналық профилактикалық - емдеу мекемелерінен басқа); шыбындарға қарсы дезинсекцияны энтомологиялық көрсеткіш бойынша өткізіледі.
Тарау 3. 3. Елді мекендер аумақтарында шағын сәулеттік нышандарын орнату мен күтіп ұстау тәртібі
3. Елді мекендер аумақтарында шағын сәулеттік нышандарын орнату мен күтіп ұстау тәртібі
Тармақ 12
12. Сыртқы абаттандырудың барлық элементтері соның ішінде фасадтарды өңдеу, аумақтардың құрылыс тәртібін анықтайтын ережелерге сәйкес орындалуы тиіс.
Тармақ 13
13. Қоршауларды, шарбақтарды, тынымбақтарды, дүңгіршектерді, шатырларды, павильондарды, жарнама тақтайшаларды, орналастыру әр түрлі көрнекті және басқа да құралдарды ресімдеу, саябақ орындықтарын орнату сәулет органдарының келісімі бекітілген тәртіппен рұқсат етіледі. Барлық сәулеттілік нышандары жақсы күйде күтіп ұсталуы және жылына 1 реттен кем емес сырлануы қажет.
Тармақ 14
14. Көше жарықтандыру шамдары, жарықты жарнама, жарықты тақтайшалар, подъездердің шамдары қараңғы түскенде жағылуы және тәуліктің жарық түскен кезінде сөндірілуі тиіс.
Тармақ 15
15. Тұрғын үйлердің, қызметтік, өндірістік және басқа да ғимараттар мен құрылыстар иелері көшелердің атауы жазылған тақтайшалары мен нөмір таңбаларын, сонымен қатар мемлекеттік және орыс тілінде жазылған тақтайшаларды жақсы күйде күтіп ұстау тиіс.
Тарау 4. 4. Инженерлік құрылыстар мен коммуникациялардың күтіп ұстауы мен тазарту тәртібі
4. Инженерлік құрылыстар мен коммуникациялардың күтіп ұстауы мен тазарту тәртібі
Тармақ 16
16. Қарауында жер асты желілері бар иелер су қүю желілері құрылысы бойынша жұмыс жасау тәртібі туралы ережелеріне сәйкес газ люктараның канализациялық, су жолдарының, жаңбыр және басқа да құдықтардың, қақпақтарын жер төсемінің деңгейінде болуын үнемі жарамды қалпында күтіп ұстаулары үнемі қадағалауға міндетті.
Тармақ 17
17. Жобалық ұйымдар ғимарат пен жер асты коммуникация жобасын әзірлеу барысында тәртібін әзірлеу міндетті.
Тармақша 1
1) құрылыс учаскелеріндегі ағаштар мен бұталарды максималды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, құрылыс сметасында қалпына келтіру құнын қарастыру;
Тармақша 2
2) қайта отырғызу-жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыстардың қосымша құны;
Тармақша 3
3) тұрғын және өндірістік объектілері құрылысына берілген жерлерде жабайы ағаштардың жойылған санын есепке ала отырып не уәкілетті органның нұсқауы бойынша уәкілетті органмен айқындалған жерге ағаштардың жойылған санын (отырғызу) қалпын келтіру.
Тармақ 18
18. Арналардың құбырлары мен кәріздерінің тазартылуы мен жинауы, жер асты және жер үсті суларын көшелерден, жолдардан жинауға арналған, жаңбыр канализациясының коллекторларын жаңбырқабылдағыш құдықтардың тазартылуы керекті жағдайда жасалады және қоқыстар сол сәтте шығарылып тасылады.
Тармақ 19
19. Көлік құралдарының иелері және жеке автокөлік жүргізушілер көлік құралдарын таза ұстап күтуге міндетті.
Тармақша 1
1) автокөлікті жуу тек осы мақсатқа арналған орындарда рұқсат етіледі;
Тармақша 2
2) төгілетін және басқа да көшелерді ластауы мүмкін жүктер, көшелерді ластау мүмкіндігін жоққа шығару үшін мұқият жабылуы қажет.
Тарау 5. 5. Елді мекен аумақтарын ұйымдастыру мен күтіп ұстау бойынша шаралар
5. Елді мекен аумақтарын ұйымдастыру мен күтіп ұстау бойынша шаралар
Тармақ 20
20. Аудандық санитарлық-эпидемиялық қадағалау бөлімінің мамандары экологиялық қызметінің мамандарын қатынастырып, келесі мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс:
Тармақша 1
1) елді мекенде санитарлық тазалауды ұйымдастыру бойынша жергілікті уәкілетті органдар басқармасының жоба шешімдерін әзірлеуіне қатысу;
Тармақша 2
2) қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтар полигондарың санитарлық тазалау сметасын орналасу мен жобалауы бойынша істерін қарастыру және мақұлдау;
Тармақша 3
3) елді мекендердің санитарлық жағдайына байланысты халықтың науқастылығын зерттеу және талдау;
Тармақша 4
4) эпидемиялық жағдайға байланысты аумақтардың тазалауы мен жинауын тексеру рейдтеріне қатысу.
Тармақ 21
21. Аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары:
Тармақша 1
1) Тіркелген учаскінің аумағындағы санитарлық күйін үнемі қадағалап отыруға;
Тармақша 2
2) Санитарлық тәртіпті бұзған тұлғаларды анықтау және берілген тәртіппен тиісті органдарға материалдарды тапсыруға міндетті.
Тарау 6. 6. Осы Ережелермен тыйым салынған әрекеттер.
6. Осы Ережелермен тыйым салынған әрекеттер.
Тармақ 22
22. Елді мекендер аумақтарында:
Тармақша 1
1) аудандық санэпидемстанциясының келісімісіз тұрмыстық қалдықтар жинауға арналған алаңдарын орнатуға;
Тармақша 2
2) көшелерде, тратуарларда, үйлерге іргелес жатқан аумақтарда қи, күлді, құрылыс заттарын, отын, шөп, темір, техникалық құралдарын және басқа да заттарды үюге;
Тармақша 3
3) жолдың жүретін бөлігін және жаяужолдарын, тоғандарын, жағажай аумақтарын, құрылыстан бос аумақтарды және жасыл желек аумақтарын, сондай-ақ басқа да жалпы пайдаланатын орындарда қоқыстың барлық түрлерімен (темекі қалдықтарымен, шынылармен, қағазбен) және тұрмыстық қалдықтарымен ластауға;
Тармақша 4
4) көлік құралдарын жуу, кір жуу, өзендердің санитарлық аумақтарында, суаттарда, колонкаларға, құдықтарға, ұңғыларға жақын жерлерде жануарларды жууға;
Тармақша 5
5) көшелерде, бақтарда, саябақтарда, стадиондарда, мектеп учаскелерінде және басқа жалпы пайдаланатын орындарда жануарларды, құстарды бағуға;
Тармақша 6
6) шынжыр табанды көліктің асфальтты көшелермен жүруге;
Тармақша 7
7) жалпы пайдаланатын жасыл желектер аумақтарын көкөністер және басқа ауыл шаруашылық өнімдердін егу үшін қолдануға;
Тармақша 8
8) сұйық және төгілетін жүктерді қорабтары жөнделмеген автокөліктерде, жабдықталмаған көліктерде тасымалдауға;
Тармақша 9
9) жол және топырақ жұмыстарын өткізу барасында жасап жатқан құрылыстарды (жол төсегішті, қоршауды, құдық люктарын, су кұйылатын електі, жайма орларды, геодезиялық таңбалар және т.б.) жасыл желектерді бұзу, сондай-ақ оларды топырақпен үйіп тастауға;
Тармақша 10
10) өндіріс ұйымдар аумақтарында, көшелер мен газондарда, тұрғын кварталдарда, жеке учаскелерде қоқысты, жапырақтарды өртеуге.
Тармақша 11
11) белгілен бегенжерлерде өз бетімен хабарландырулар афишаларды, хабарлама қағаздарын жапсыруға тыйым салынады.
Тармақ 23
23. Жасыл желек аумақтарында:
Тармақша 1
1) газондарда жүру, отырғызғыларды сындыруға, кесуге;
Тармақша 2
2) жол тазарту мақсатымен тұзды және басқа да жасыл зиян келтіретін заттарды қолдануға;
Тармақша 3
3) арнаулы көліктерден басқа автомашиналармен, мотоциклдармен велосипедтермен және басқа көлік құралдарымен жүруге;
Тармақша 4
4) от жағу, басқа да өртке қарсы ережелерді бұзуға;
Тармақша 5
5) электросымдарды, сымдарды, әткеншектерді орнату үшін ағаштарды пайдалануға;
Тармақша 6
6) экология органдарының келісімісіз ағаштар мен бұталар егістерін өз еркімен жоюға;
Тармақша 7
7) қоршауды өз еркімен орнатуға тыйым салынады.
Тарау 7. 7. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
7. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 24
24. Жеке және заңды тұлғалар осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексімен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.