Об утверждении правил содержания и выгула сельскохозяйственных животных, собак и кошек в Теректинском районе Күшін жойған
Басқа 0
Теректі ауданының тұрғын мекендерінде ауыл Шаруашылық жануарлары, иттер мен мысықтар Ұстаудың және серуенге шығару Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 1 тармағы және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзышылықтар туралы» Кодексінің 310, 311 баптарына сәйкес Теректі аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Теректі аудандағы ауыл шаруашылық жануарлары, иттер мен мысықтар ұстаудың және серуенге шығару Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл мен аграрлық саясатты дамыту, экология, жер пайдалану және технологиялық үрдістер мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 3. Теректі ауданның тұрғын мекендерінде ауыл шаруашылық жануарлары, иттер мен мысықтар ұстаудың және серуенге шығару Ережелерін бекіту туралы
Бекітілді
2005 жылғы 5 шілдедегі № 20-4
Теректі Мәслихаттың шешімімен
Теректі ауданның тұрғын мекендерінде ауыл шаруашылық жануарлары, иттер мен мысықтар ұстаудың және серуенге шығару Ережелерін бекіту туралы
Осы ветеринарлық-санитарлық Ережелер жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті және Теректі ауданы аумағында күші бар болып табылады.
Тармақ 1
1. Теректі ауданының барлық елді мекендерінде осы Ережелерді орындау арқылы үй жануарлары мен құстардың ұсталуы рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Теректі ауданы аймағында қажетті ветеринарлық-санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында мынадай негізгі ережелер орнатылсын:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылық жануарлары мен құстар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан 15 метр қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған бөлмелерде ұсталуы қажет;
Тармақша 2
2) малдың ұсталып тұрған орны залалсыздандыру мен зарарсыздандыру шаралары арқылы тазартылып, үнемі жаңа сөндірілген әкпен ақталып тұруы тиіс;
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық Ережелеріне сәйкес үй жануарларын серуендетуге арналған арнайы жабдықталған вольерлер және жануарлардың экстременттерін сақтайтын орын болуға тиіс;
Тармақша 4
4) жеке иелеріне, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, шаруашылық қожалықтарына жататын ауыл шаруашылық жануарларына міндетті әр жыл сайын көктем және күзге кездерінде алдын-ала ветеринарлық өңдеуден өткізілу қажет;
Тармақша 5
5) саябақтарда, көшелерде, даңғылдарда және де басқа қоғамдық орындардың аймағында ауыл шаруашылық жануарларын бос жіберуге рұқсат етілмейді (шабан қарамаған жағдайда).
Тармақ 3
3. Мал ауруының алдын алу мақсатында мал иелеріне қойылатын міндеттер:
Тармақша 1
1) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық төлқұжат ресімдеуге қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
Тармақша 4
4) бірінші жануар көнеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветериялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға.
Тармақ 4
4. Жануарлардың, иттер мен мысықтардың құтырма ауруын болдырмау мақсатында олардың иелері міндетті:
Тармақша 1
1) жыл сайын наурыз-мамыр айларында өз мекен-жайында орналасқан ветеринарлық мемлекеттік мекемелерінде қайта тіркеудең өту және тіркеу куәлігі мен нөмірлік белгілерін алу. Тіркелмеген иттерді ұстауға рұқсат етілмейді.
Тармақша 2
2) санитарлық және гигиеналық Ережелерді сақтаған жағдайда бір жанұя тұратын бөлек пәтерлерде мысық пен иттерді ұстауға рұқсат етіледі. Көп қабатты үйлерде бір алаңда тұратын жеке пәтерлер тұрғындарының келісімі қажет;
Тармақша 3
3) иттерді мықты байлауда ұстау қажет, олардың қашып кету мүмкіндігін болдыртпайтын жабық аулаларда жіберуге болады, иттердің мұрындығы және қысқа байлауда болған жағдайда аула мен көшелерге шығаруға болады;
Тармақша 4
4) үйдегі және ауладағы жалпы адамдар пайдаланатын жерлерді, пәтерлерді, үй баспалдақтарын мысық пен иттерге ластатуға рұқсат етпеу. Болған жағдайда қожайындары тез арада экстременттерін жинап алулары керек.
Тармақша 5
5) мысық пен иттерді сырқаттанған жағдайда ветеринарлық емдеу мекемесіне қарату, жануарлар өліп қалған жағдайда олардың өліктерін, тіркеу куәлігін, нөмірлік белгілерін ветеринарлық емдеу мекемесіне тапсыру.
Тармақша 6
6) ветеринарлық қызметкерлердің талабы бойынша иттерді алдын ала егілтіп, диагностикалық зерттеуден өткізу қажет.
Адамдарды зақымдаған иттерді, мысықтарды 10 күн ішінде ветеринарлық мамандардың бақылауымен ветеринарлық тексерістен өткізу үшін ветеринарлық емдеу мекемесіне дереу жеткізу.
Тармақ 5
5. Мысық пен иттердің иелеріне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) иттер мен мысықтарды қоғамдық орындарда ұстауға;
Тармақша 2
2) жануарларды қадағалаусыз қалдыруға және өлтіруге;
Тармақша 3
3) құтырмаға қарсы нгілмеген күзет иттерін байлаусыз ұстауға және күзет нысандарында пайдалануға;
Тармақша 4
4) иттердің, мысықтардың өліктерін жерге көмім тастауға немесе лақтыруға.
Тармақ 6
6. Көшелерде, базарларда, темір жол стансаларында, аулаларда, жағажайларда иесіз жүрген иттер мен мысықтар тұкымына, иелігіне қарамастан иесіз деп саналып, орнатылған тәртіп пен алдын ала сақтандыру шараларын сақтау арқылы ұсталып, атылуға тиіс.
Тармақ 7
7. Иесіз иттер мен мысықтарды аулау арнайы бригадамен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Адамдарды немесе жануарларды тістеген жағдайда иттердің иелері немесе зақымданған тұлғалар тиесілі шараларды қолдану үшін денсаулық сақтау органдарына және ветеринарлық қадағалау басқармасына дереу хабар берулері қажет.
Тармақ 9
9. Иттердің иелері міндетті:
Тармақша 1
1) иттердің уақытында тіркелуін қадағалау. Тіркеуден бас тартқан иттердің иелері туралы аудандық ішкі істер бөлімінің және ветеринарлық қадағалау басқармасының органдарына хабар беру.
Тармақша 2
2) жануарлардың кіру мүмкіндігін болдырмау үшін жертөлелерді, шатыр астын және басқа да үй-жайларды жабық ұстау қажет.
Тармақ 10
10. Жануарлардың иелері осы Ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық мемлекеттік аудандық аймақтық басқармасы, Теректі аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының бастығы, коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі осы Ережелермен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.