Вопросы Агентства Республики Казахстан по статистике Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәселелері
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.31. N 1460 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі туралы ереже;
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3 абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне Төрағаның үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуына рұқсат етілсін.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.16. N 912 қаулысымен .
Тармақ 3
3.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен .
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 907 қаулысындағы 1-6-тармақтардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 33, 294-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 30 наурыздағы
N 325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Yкімет құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк статистика саласында басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және басқа да арнайы атқару және шешiм шығару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Агенттік азаматтық-құқықтық қатыстарға өз атынан кіреді.
Егер Агенттікке заңдарға сәйкес өкілдік берілетін болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Агенттік өз құзыретінің шегіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші болады.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Агенттіктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
480008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125.
Тармақ 7
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттікке, Агенттіктің бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары
2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары
Тармақ 10
10. Агенттік заңдарға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) заңды және жеке тұлғалардың жиынтық статистикалық ақпарат қолы жетімді болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында статистиканы жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) салалық статистикалық байқаулар бағдарламаларын бекітудің негізінде статистикалық қызметпен шұғылданатын орталық атқарушы органдардың статистикалық қызметін үйлестіреді;
Тармақша 5
5) ел мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы деректердің ақпараттық-статистикалық базасының жинақталуын, оны жүргізуді және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік статистикалық регистрді, сондай-ақ жалпы статистикалық жіктегіштер мен техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтау жүйесін жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) салалық статистикалық байқаулардың бағдарламасын келіседі және бекітеді, халық санағын жүргізеді, ұйымдарда конъюнктуралық сұрау салуларды, халықтың күнкөріс деңгейін зерделеу жөніндегі сұрау салуларды және басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) статистикалық есеп беру нысандарын, байқаулар мен сұрау салу анкеталарын әзірлейді және бекітеді, оларды ұсынудың тәртібін белгілейді;
Тармақша 9
9) статистикалық ақпаратты қолданылып жүрген шарттар бойынша міндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады, сондай-ақ шетелдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүргізеді;
Тармақша 10
10) статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды басып шығарады және таратады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік және коммерциялық құпиялардың сақталуын, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) статистикалық ақпарат жүйесінің дамуы мен жұмыс істеуінің, оның республиканың және халықаралық ұйымдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылының аса маңызды проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік біліктілігін көтеруді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Агенттіктің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттің саясатты жүргізу және мемлекеттік статистикаға басшылық жасау;
Тармақша 2
2) ғылыми методология мен халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесінің жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, анықтығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) елімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму процестерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау болып табылады.
Тармақ 12
12. Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалардан кәміл мемлекеттік статистикалық есеп берулерді статистикалық жұмыстардың жоспарында белгіленген мерзімдерде және көлемдерде тегін алуға;
Тармақша 2
2) заңдарда белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардан статистикалық қорыту және талдау үшін олардың экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметі туралы кәміл ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) ұйымдардың лауазымды тұлғаларын мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізуге тартуға;
Тармақша 4
4) өз құзыретінің шегінде шетелдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдердің жеке тұлғаларымен мемлекеттік статистиканың мәселелеріне байланысты халықаралық шарттар жасасу және келіссөздер жүргізуге;
Тармақша 5
5) мемлекеттік статистиканы жетілдіру мен қызметін үйлестірудің неғұрлым маңызды проблемаларын шешу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен, олармен келісім бойынша ведомствоаралық ғылыми-методологиялық және сараптау кеңестерін, сондай-ақ жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныс енгізуге;
Тармақша 6
6) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткізуге;
Тармақша 7
7) өз өкілеттігінің шегінде ұйымдардағы бастапқы есеп пен статистикалық есеп беруді бақылауды, олар алған деректердің ақиқаттығын тексеруді жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, статистика саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 10
10) бейіндік және өзге де тақырып бойынша статистикалық жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ статистикалық ақпаратты заңды және жеке тұлғаларға сатуды жүзеге асыруға;
Тармақша 11
11) Агенттікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға және олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік етуге және пайдалануға;
Тармақша 12
12) Агенттікке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныс енгізуге;
Тармақша 13
13) өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Агенттіктің мүлкі
3. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 13
13. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттардан, сондай-ақ құны Агенттіктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 14
14. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Агенттіктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзіне бекітілген мүлікке өзге де тәсілдермен билік етуге құқығы жоқ.
Агенттікке заңдармен белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Агенттік төрағасының оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 17
17. Төраға Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Агенттіктің төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарларының, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
Тармақша 4
4) Агенттiктiң құрылымы және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) заңдарда белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 19
19. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Төраға бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Тармақ 20
20. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары болады.
Агенттіктің, тізбесін Үкімет бекітетін, ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдары болады.
Аумақтық органдардың және заңдарда белгіленген жағдайларда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын Агенттіктің төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тарау 5. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 30 наурыздағы
N 325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың Тізбесі
"Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
📌 ЕСКЕРТУ. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.27. N 479 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. Тізбеден жолдар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.06.25. N 708 қаулысымен .