Қолданыстағы ред. 18.07.2005

Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесін бекіту туралы от 18.07.2005 г. № 144 (Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесін бекіту туралы)

0

Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарының негізінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» № 149 (тіркеу № 2930) қаулысын орындау мақсатында және аудан тұрғындарының нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі бекітілсін.

1. Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі

Аудан әкімдігінің
2005 жылғы 18 шілдедегі № 144
қаулысымен бекітілген
Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі
Осы Ереже аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) жасалатын негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) әлеуметтік жұмыс орны - аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды арнайы жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген, жергілікті бюджет есебінен жұмысқа қабылданған қызметкерлерге жұмыс берушілер жалақы төлеу шығынының бір бөлігіне өтемақы жасайтын жұмыс берушілердің ашқан немесе ұсынған жұмыс орны;

2

2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген адамдар топтары.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы Заң актілері қолданылады.

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жұмыссыздарға жолдама беруді жүзеге асырады.

2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мен ұйымдастыру тәртібі

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мен ұйымдастыру тәртібі

4

4. Аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын жергілікті бюджет қаражат есебінен жұмысқа қабылданған жұмысшыларға еңбекақының бір бөлігін төлеу шарты негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынады немесе ашады.

5

5. Әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдарды іріктеу, тізбесін анықтау, жұмыс орындарының санын, мерзімі және қаржыландыру шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынысына сай аудандық әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

6

6. Мекемелерді іріктеу кезінде әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшылардың одан әрі тұрақты жұмысқа орналасуына кепілдік беретін кәсіпорындар мен ұйымдарға басымдылық беріледі.

7

7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына олардың келісімімен жібереді.

8

8. Кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы еңбек қатынастарын өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыз ретінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген есептен шығарылып тасталады және уәкілетті органға қайтадан тек қана тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін қайтадан жіберілуі мүмкін.

3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың тәртібі мен көздері

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың тәртібі мен көздері

9

9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаттары болып табылады.

10

10. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысын төлеудің бір бөлігін өтеуге келсім шарт жасайды.

11

11. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбегін төлеу шығындары жұмыскерге ең төменгі еңбекақының 50 пайызы мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысынан толықтырылады, ол 6 айлық мерзімнен аспауы керек.

12

12. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшыларға еңбекақының бір бөлігін төлеу жұмыс берушінің есеп айырысу шотына бюджет қаражатынан аударылады.

13

13. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу, жұмыс берушілермен жеке еңбек шарт жағдайында ай сайын жүзеге асырылады.

14

14. Жұмыс берушілер еңбекақы төлеу шығынын өтеу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне одан белгіленген айлығы көрсетілген жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін үш күн мерзім ішінде, ай сайынғы жұмыс күнін есепке алатын тізімдікпен жолдайды.

15

15. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақысын төлеу нақты орындаған жұмыс көлеміне немесе нақты жұмыс істеген уақытына қарап беріледі.

16

16. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға төленген табысынан заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.

17

17. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмысшымен жасасқан жеке еңбек шарты мерзімнен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлайды және үш күн мерзім ішінде жұмыстан шығару туралы бұйрық көшірмесін жолдайды.

18

18. Мекеменің есеп айырысу шотына түскен жұмыссыздардың еңбекақысының бір бөлігін төлеу үшін белгіленген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланған жағдайда, оған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауап береді.

4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау

19

19. Аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесін бақылауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.