Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.15. N 1713 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінде Төрағаның екі орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары, сондай-ақ 11 адамнан тұратын алқасы болуына рұқсат етілсін.
Тармақ 3
3. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 тамыздағы N 743 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 27, 228-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 тамыздағы N 743 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 қарашадағы N 1164 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 42-43, 382-құжат). 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы N 326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, баға, бәсеке, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, сауда-өнеркәсіптік саясатты іске асыруға қолдау көрсететін, монополияға қарсы заңдардың орындалуын бақылайтын орталық атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттік заңды тұлға - мемлекеттік мекеме болып табылады, оның банкте шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі болады. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Егер Агенттікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда оның заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
Тармақ 4
4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен актілер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.
Тармақ 5
5. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 6
6. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 92.
Тармақ 7
7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі.
Тармақ 8
8. Агенттіктің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Президенті білдіретін мемлекет болып табылады. Агенттікті құру туралы акт және осы Ереже оның құрылтай құжаттары болып табылады.
Тармақ 9
9. Агенттіктің қызметі тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Агенттіке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға отыруға тыйым салынады. Егер Агенттіке заң актілерінде табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары 10. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу;
Тармақша 2
2) монополиялық қызметтің, нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсету тәртібін бақылау;
Тармақша 4
4) өз қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін бақылау;
Тармақша 5
5) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша табиғи монополия субъектілерінің, нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің қызметі мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 6
6) тұтынушылардың мүдделерін қорғау және тұрғын үй-коммуналдық реформалар жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.
Тармақ 11
11. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияшы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мемлекеттік регистрін, Нарықта үстем жағдайға, ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік тізілімін, Мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік регистрін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2) табиғи монополияшы субъектілердің өніміне баға (тарифтер) немесе олардың шекті деңгейін белгілеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулеріне бағаларды реттеу;
Тармақша 3
3) табиғи монополиялар саласында бағалар мен тарифтерді белгілеудің кемсітпейтін әдістерін әзірлеу және енгізу;
Тармақша 4
4) табиғи монополияшы субъектілер өнімдерінің бағасы мен тарифтерінің өзгеру болжамын мемлекеттік бюджет пен индикативтік жоспар қажеттілігіне арнап әзірлеу;
Тармақша 5
5) табиғи монополия субъектілерінің шығыстарын қалыптастырудың рәсімдері мен әдістерін әзірлеу және енгізу, олардың іс жүзіндегі шығыстарына бақылау жасау;
Тармақша 6
6) мемлекеттік ұйымдар монополиялы түрде жүзеге асыратын қызмет көрсетулерге баға есептеудің методологиясын және баға белгілеудің ережесін әзірлеу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың табиғи монополия субъектілерінің қызметі, бәсекені дамыту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Агенттіктің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер жөніндегі шешімдерінің жобаларын келісу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен рынок және ондағы бәсекенің жай-күйі туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдар мен оларды қолданудың тәжірибесін жетілдіру туралы ұсыныстар дайындау және жолдау;
Тармақша 9
9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына нормативтік құқықтық актілердің жобаларын белгіленген тәртіппен ұсыну;
Тармақша 10
10) монополияға қарсы заңдардың сақталуын бақылау;
Тармақша 11
11) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметіне тексеру жүргізу;
Тармақша 12
12) табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 13
13) рынокке талдау жасау және үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтау және тұтынушылар үшін қол жетерлік өзара алмастырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер рыноктардың шекарасын белгілеу;
Тармақша 14
14) тауар және қаржы рыноктарында бәсекені дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 15
15) табиғи монополия субъектілерінің мүлкін иеліктен алуды және сенімді басқаруға беруді келісу;
Тармақша 16
16) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұрғын үй-коммуналдық реформаларды жүргізу мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;
Тармақша 17
17) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын бақылау;
Тармақша 18
18) Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шет елдердің мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Тармақ 12
12. Агенттік өз міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие:
Тармақша 1
1) табиғи монополияшы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өніміне, мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелердің көрсететін қызметтеріне бағалар (тарифтер) немесе олардың ең жоғарғы деңгейін белгілеу;
Тармақша 2
2) табиғи монополияшылардың өнімдеріне (жұмыстарына, қызмет көрсетулеріне) бағаларды өзгерту мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізу;
Тармақша 3
3) табиғи монополияшы шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтар мен қызмет көрсетулерді сатып алуына тендерлер өткізуге қатысу;
Тармақша 4
4) өз құзыретінің шегінде орындалуы міндетті шешімдер беру және нормативтік құқықтар актілер шығару;
Тармақша 5
5) шаруашылық жүргізуші субъектілерді нарықта үстем жағдайға ие деп тану туралы шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы істерге тексеру жүргізу және оларды қарауға, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпарат сұрату және алу;
Тармақша 8
8) табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік баға тәртібін бұзулары нәтижесінде алған сомаларын бюджет кірісіне аудару туралы, сондай-ақ залалды (немесе) шығынды тікелей немесе бағалар мен тарифтерді уақытша төмендету жолымен өтеу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 9
9) тұтынушыларға табиғи монополия субъектісінің бағалар мен тарифтерді заңсыз көтеруінен болған шығындарын уақытша өтемдік (төмендету) бағаларын және тарифтерін белгілеу арқылы өтеу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 10
10) рынокте монополияшы немесе онда үстем жағдайға ие деп танылған шаруашылық жүргізуші субъектіні монополияға қарсы реттеу әдістері туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 11
11) теріс пиғылды бәсекелестікті тоқтату және оның салдарын жою туралы нарықтық қатынастар субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;
Тармақша 12
12) Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Агенттік алқасының мәжілістерінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын тыңдау;
Тармақша 13
13) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беру;
Тармақша 14
14) Агенттік қызметінің барлық бағыттары бойынша, оның ішінде тексерістер жүргізуге көмек көрсету үшін ғалымдар мен мамандардан, Агенттіктің, Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен ведомстволарының, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерінен сараптық кеңестер құру;
Тармақша 15
15) тексерістер мен сараптамалар өткізуге басқа ұйымдардан мамандар тарту;
Тармақша 16
16) монополияға қарсы заңдардың, мемлекеттік баға тәртібінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың бұзылуын жою мақсатында сотқа талап қою, оларды қарауда қатысу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қою;
Тармақша 18
18) өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға беру;
Тармақша 19
19) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Агенттіктің мүлкі
3. Агенттіктің мүлкі
Тармақ 13
13. Агенттіктің жедел басқару құқындағы оқшау мүлкі болады. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттіктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 14
14. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Агенттіктің өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке билік ету құқы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Агенттік төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
Тармақ 18
18. Осы мақсатта Агенттіктің төрағасы:
Тармақша 1
1) бұйрықтар шығарады және қаулыларға қол қояды;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін белгілейді;
Тармақша 3
3) заңдарға сәйкес Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлерін және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен келісе отырып, аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті мен шығыстар сметасының шегінде штат кестесін бекітеді;
Тармақша 5
5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметкерлердің штат саны лимитінің шегінде аумақтық органдардың құрылымын және бөлінетін қаржының шегінде оларды ұстау шығыстарының сметасын бекітеді;
Тармақша 7
7) Агенттіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 8
8) заңдарда белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 9
9) сараптық кеңестердің жеке құрамын бекітеді;
Тармақша 10
10) Агенттіктің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Тармақ 19
19. Агенттікте құрамына Агенттік төрағасы, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары және Төраға айқындайтын басқа да адамдар кіретін алқа құрылады. Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал жеке құрамын Агенттіктің төрағасы бекітеді.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес монополияға қарсы заңдарды бұзушылықтар туралы істерді қарау үшін Агенттікте және оның аумақтық органдарында Әкімшілік комиссиясы құрылады. Агенттіктің Әкімшілік комиссиясының жеке құрамын Агенттіктің төрағасы бекітеді.
Тармақ 21
21. Агенттіктің аумақтық органдары - облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі комитеттері болады, олар заңды тұлғалар болып табылады.
Тарау 5. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы N 326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің Құрылымы Басшылық Табиғи монополияларды реттеу департаменті Монополияға қарсы заңдардың орындалуын қадағалау департаменті Бәсекені дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі