Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жағдайын жақсарту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттіқ басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау Қағидасын бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономикалық және агралық реформалар, бюджеттік саясат пен кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін (Т.Ф.Васильева).
Тармақ 3
3. Шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Абай аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Т. Оспанов 14.07.2005ж.
Басқа 4. Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау ҚАҒИДАСЫ
Абай аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс ХХІ сессиясының № 21/214 шешімімен бекітілген Абай ауданының аумақтарын көркейту, санитарлық тазалықта ұстау және жасыл көшеттерді қорғау ҚАҒИДАСЫ Нақты Қағида Абай қаласы мен елді мекендердегі көшелер мен аумақтарда көркейту, күту, тазалау, жинау жұмыстарын және көгалдандырылған жерлерді қорғауды, заңды және жеке тұлғалардың міндеті мен жауаркершілігін анықтайды.
Тарау 1. 1 ТАРАУ. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар
1 ТАРАУ. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Аумақты көркейту жұмыстар мен элементтердің жиынтығы, олар қала және елді мекен аумақтарында адам тіршілігіне және қызмет жасауына ықпал етеді.
Тармақ 2
2. Бекітіліп берілген аумак - Қазақстан Республикасының Жер Кодексі тәртібінде анықталатын жер бөлігі.
Тармақ 3
3. Жасыл көшеттер - архитектура-ландшафтты безендірілген, көркейту дейгейін жоғарылататын және санитарлы-гигиеналы шартты қамтамасыз ететін қала құрылымының жоспарлы элементі болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазба жұмыстары - аумақтарды қазбалап, үйінділерді алып, қайта төгіп жүргізілген жұмыстар.
Тармақ 5
5. Жеке меншік иелігі мен мақсатынан бөлек, қала ортасындағы жер учаскелерді пайдаланушы болып заңды және жеке жер пайдаланушы тұлға болып табылады.
Тармақ 6
6. Инженерлік жүйелер мен құрылыстар қаланың инженерлі көркейтудің маңызды элементтері болып табылады.
Тармақ 7
7. Кіші архитекуралы қалыптар салыстырмалы түрде көлемі жағынан кішкене сәнді және утилитарлы нысандар:
Тармақша 1
1) Мүсіндер, бетмүсіндер, фонтандар, стеллар, гүлдерге арналған вазалар, флагштоктар және тағы басқа сәнді құрылыстар болып табылады;
Тармақша 2
2) Беседкалар, павильондар, киоскілер, телефон автоматтары, аттракциондар, орындықтар, урналар, көше, үй кестелері, жарнамалар, пошта жәшіктері және тағы басқа утилитарлы құрылыстар болып табылады.
Тармақ 8
8. Құрылысы салынбаған аумаққа жер үсті және жер асты құрылыстары жұмыстары жүргізілмеген аумақтар жатады.
Тармақ 9
9. Демалыс орындары, алаңдар, аялдамалар және тағы басқа қоғамдық орындар болып саналады.
Тармақ 10
10. Бөліп берілген аумақ жер учаскесі жер пайдаланушыға иелік етуге берілген немесе өкілетті органдардың шешімімен нысандарды орналастыруға және пайдалануға берілген аумақ.
Тармақ 11
11. Көше - жүретін жолдар, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер үсті және жер асты инженерлі жүйелер орналасқан қала аумағы.
Тармақ 12
12. Оңтайландырылған аудан бос ғимараттар, жұмыс істемейтін инженерлік коммуникациялар орналасқан қала аумағы.
Тарау 2. 2 ТАРАУ. Жалпы қағида
2 ТАРАУ. Жалпы қағида
Тармақ 13
13. Кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, меншік түріне қарамастан қоғамдық ұйымдарға, лауазымдық қызметкерлерге және азаматтарға көркейту қағидасын сақтау және аудан аумағын тиісті тазалық пен тәртіппен қамтамасыз ету қажет. Ғимараттар мен құрылыстар түзу жағдайда ұсталсын.
Тармақ 14
14. Жылдың жылы уақыттарында ауа райына қарай аумақтарды жинаудан басқа, бөліп берілген суару және жуу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Тармақ 15
15. Қоғамдық орындар мен құрылысы салынбаған аумақтар қала әкімінің ерекше шешімімен тазаланады және жиналады, әкімшілік және өндірісті ғимараттарда, тамақтану және сауда өнеркәсіптерінде, тұрғын үйлер аумағында автокөліктер үшін арнаулы тұрақтар салынуы тиіс. Газондарға, саябақтарға және басқа жасыл көшеттерге көлік құралдарының кіруі және қойылуы рұқсат етілмейді.
Тармақ 16
16. Автокөліктер, баздар, құрылыс алаңдары, зауыттардың және басқада нысандар басшылары өз аумақтарын қатты жол төсеніштерімен құрылымдарымен және қоршаулармен, кіріс жолдарын, көліктің бұрылуына арналған алаңдарды қалыпты жағдайда ұстау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 17
17. Сауда ұйымдарының басшыларына мен дүкен, дүңгіршек қожайындарына өз аумақтарын тазалау мен жинау жұмыстарын ұйымдастыру және елді мекен әкімдерінің, қала құрылысы мен құрылыс істері жөніндегі бөлімнің және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орнының келісімімен қоқыстарды, нәрселерді буып-түйген ыдыстарды жинау үшін сауда нүктелеріне жақын орналасқан урналар мен контейнерлерді орнату қажет.
Тармақ 18
18. Тұрғын үйлер подъездерінің алдында, көпшілік дем алатын орындарда, жағажайларда, құдықтарда, су ағатын бағаналарда автокөліктерді, мотоциклдерді және басқада көлік құралдарын жууға рұқсат етілмейді.
Тарау 3. 3 ТАРАУ. Елді мекен аумақтарын көркейту, тазалау және қоқыстарды шығару ережесі мен қалдықтарды утилизациялау үшін шаруашылық нысандарына бекіту
3 ТАРАУ. Елді мекен аумақтарын көркейту, тазалау және қоқыстарды шығару ережесі мен қалдықтарды утилизациялау үшін шаруашылық нысандарына бекіту
Тармақ 19
19. Шағын аудандар арасындағы аумақтарды, тротуарларды көркейту, көгалдандыру және жинау жұмыстарын пәтер иелері кооперативтеріне жүктеледі; магистралды көшелер, жасыл көшеттер аумағы, бақ жолдары, саябақтар, тарих және мәдениет ескерткіштері және басқада көпшілік пайдаланылатын орындар арнайы коммунальды кәсіпорындарға жүктеледі.
Тармақ 20
20. Кіші және шағын бизнес нысандары, киосклер, дүкеншелер, офистер, оқу орындары, балабақшалар, кәсіпорындар, құрылыс алаңдары, қоймалар, базалар аумақтары мен жақын орналасқан аумақтарды басшылар мен қожайындар өз күштерімен жинайды немесе арнайы кәсіпорындармен жинау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасайды. Басқа аумақтарды тазалықта сақтау жауапкершілігі жер пайдаланушыға жер жүктеледі. Өнеркәсіптік немесе өзге құрылысты, инженерлік жүйелерді толық жөндеуді жүзеге асыратын құрылыстық, коммуналдық және басқа ұйымдарға құнарлы топырақтың бұзылуына байланысты, көгалдандыру құрылысында пайдаланатын құнарлы қабатты алып сақтау, сонымен бірге, құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталған соң, өндіріс жұмыстары кезінде бұзылған жер бөліктері мен жасыл көшеттерді өз есебінен қалпына келтіру қажет.
Тармақ 21
21. Құрылыс, капитальды, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын орналасқан аумақтарды тазалықта ұстау жауапкершілігі жұмысты жүргізіп жатқан жөндеу-құрылыс ұйымдарына жүктеледі.
Тармақ 22
22. Әр түрлі ведомстволар мен басқа нысандарды санитарлы тазалау өз күштерімен жүргізіледі немесе санитарлы-эпидемиологиялық қызметтер бақылауымен арнайы кәсіпорындармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Күнделікті кесте және келісім бойынша тазалау тұрғын үйлердің, өнеркәсіп ғимараттары мен құрылыстар, басқада нысандар қожайындары мен арнайы қоқыстарды жинаумен айналысатын кәсіпорындар арасындағы шарт бойынша жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Қатты және сұйық қалдықтарды зиянсыздандыру арнайы бөлінген учаскелерде немесе зиянсыздандыру мен өңдеумен айналысатын орындарда санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қалдықтарды арнайы емес орындарға шығаруға, сонымен қатар қала және басқада елді мекен аумақтарында өртеуге мен көмуге болмайды.
Тарау 4. 4 ТАРАУ. Көпшілік пайдаланатын орындарды күту және жинау
4 ТАРАУ. Көпшілік пайдаланатын орындарды күту және жинау
Тармақ 25
25. Бақтар, дем алатын жағажайлар, көпшілік қыдыратын орындар мен басқада пайдаланатын орындарды күтіп ұстау 5 Тарауда көрсетілген талаптарға сөйкес жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Барлық көшелерде, алаңдарда, бақтарда, базарларда, аялдамаларда және басқада орындарда жетерлік мөлшерде урналар қойылуы тиіс. Урналардың орналасу арақашықтығы коммуналды шаруашылық қызметтерімен анықталады және есептен шығады көп жүретін жерлерде урналардың бір-бірінен орналасуы 50 метр, аз жүретін жердерде 100 метр болып саналады. Қала көліктері тоқтайтын аялдамаларда урналарды орнату қажет болып саналады.
Тармақ 27
27. Офистарда, сауда орындарында, дүкеншелерде, павильондарда, саябақтарда, бақтарда, жағажайларда урналарды қожайындардың өздері орнатуы тиіс. Урналар қалыпты және таза күйінде ұсталынуы тиіс, қоқысқа толған сайын қатты тұрмыстық қалдықтар жою үшін полигонға шығарылып отырылуы тиіс, жиі жуылып және дезинфекциялануы, жылына екі рет бояу керек.
Тармақ 28
28. Дүкендер, павильондар, киоскілер, шатыршалар, сауда орындары мен басқа да кәсіпкерлік нысандары қасында қораптар мен тауар қорларын қоймалауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 29
29. Көшелердегі киоскілер, шатыршалар, дүкеншелер, лотоктарда сатуға арналған тағамдық азық-түліктердің, жемістердің және көкеністердің тез құртылмау үшін арнайы құрылғыны орнату ауданның бас сәулетшісімен, санитарлы-эпидемилогиялық бақылау қызметтерімен келісілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Сауда мен тамақтанатын орындарда тамақ қалдықтарын уақытша сақтау тоңазытқыштарда немесе суық бөлемелерде рұқсат етіледі. Тамақ қалдықтарына арналған ыдыстар күнделікті жуылып отырылуы тиіс және 10 күнде 1 рет дезинфекциялануы керек.
Тармақ 31
31. Көлік құралдарын жөндеумен және пайдаланумен байланысты қала, кент, ауыл аумақтарын ластауға, балалар алаңында, аулалардың жүретін бөлігінде көлік құралдарының тоқтауына рұқсат етілмейді.
Тарау 5. 5 ТАРАУ. Оқшау аумақтардағы нысандарды жинау
5 ТАРАУ. Оқшау аумақтардағы нысандарды жинау
Тармақ 32
32. Жағажайлар. Жағажайлардың техникалық қызметкерлері жағажай жабылғаннан кейін жағаларда, шешінетін орындарда, жасыл аумақтарда, әжетханаларда тазалау, қораптарды жуу және әжетханаларда дезинфекция сияқты негізгі жұмыстарын жүргізуі тиіс. Күндіз патрульді тазалау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жиналған қалдықтарды таңертеңгі сағат 8.00 дейін шығаруға рұқсат беріледі. Урналарды жасыл көшеттерден 3-5 метр ара қашықтықта орналастыру қажет, су бойынан 10 метрден кем емес жерлерде орналасуы керек. Урналар есеп бойынша 1 урна 160 шаршы метр жағажай аумағына орналасуы керек. Урналардың бір-бірінен орналасу алшақтығы 40 метрден аспаулары керек. Жағажайлар аумағында әжетханаларды есеппен 1 орынға 75 пайдаланушыға орналастыру қажет. Шомылатын жерден әжетханаға дейінгі ара қашықтық 50 метрден кем болмауы тиіс және 200 метрден артық болмауы керек. Ашық және жабық шешінетін орындарды, шешінуге арналған павильондарды, гардеробтарды дезинфекциялық ерітіндіні пайдаланып күнделікті жуылуы керек. Шомылуға арналған жерлерде кірлерді жууға, жануарларды шомылдыруға, автокөліктерді жууға рұқсат етілмейді.
Тармақ 33
33. Базар. Базар аумағында жол төсеніші қатты, еріген және нөсер суларының тез ағып кетуі үшін еңісті болуы керек. Базарды тұрғын үйлерден 50 метрден кем емес санитарлық алшақтықтан оқшау аумақтарда орналастырылуын қарастыру керек. Базар аумағында су құбыры мен канализация болуы қажет. Базарларда канализациясы қарастырылмаған, өткізбейтін оры бар қоғамдық әжетханаларды сауда орнынан 50 метр кем емес қашықтықта орналастыру керек. Урна санын анықтағанда, есептен шығу керек әр 25 шаршы метр базар аумағына бір урна орналастырылуы керек. Базардың жұмыс істеу уақыты жетекшісімен (қожайынымен) белгіленеді. Аптаның бір күні санитарлы күн деп жарияланады, базар аумақтары, сауда орындары және тағы басқалар тазаланады, сонымен қатар дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Бақтар. Урна санын анықтағанда, есептен шығу керек, әр 800 шаршы метр бақ аумағына бір урна болуы қажет. Бақтың бас аллеяларында урналардың ара қашықтығы 10 метрден артық болмауы керек. Қоғамдық әжетханалар демалушылар көп жиналатын орыннан 50 метр кем емес болуы қажет. Аумақтарда тазалау жұмыстары бақ жабылғаннан кейін таңертеңгі сағат 8.00. дейін жүргізілуі керек. Күндіз қоқыстар, қалдықтар, түскен жапырақтар жиналуы қажет және отырғызылған көшеттерге су құйылуы керек.
Тарау 6. 6 ТАРАУ. Елді мекен аумақтарында кіші архитектуралық қалыптарды орнату және күту
6 ТАРАУ. Елді мекен аумақтарында кіші архитектуралық қалыптарды орнату және күту
Тармақ 35
35. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, соның ішінде фасадты әрлеу Қазақстан Республикасының «Сәулет және қала құрылысы қызметтері туралы» Заңға сәйкес орындалуы тиіс.
Тармақ 36
36. Қоршаулардың, шарбақтартың, дүңгіршектердің, шатырлардың, павильондардың, дүкеншелердің, жарнама стенділерінің құрылысына мен орнатылуына, маңдайша жазуларының жасалуына, сонымен қатар бақ орындықтарын орналастырылуына белгілі заң тәртібінде, өкілетті органмен келісім жасалған соң рұқсат етіледі.
Тармақ 37
37. Орнатылған кіші архитектуралық қалыптар бүтін жағдайда ұсталу керек және жылына бір рет жасылданып отырылу керек.
Тармақ 38
38. Көше жарығының шырақтары, жарнама жарықтары және үйлер алдындағы жарықтар қараңғы түсе бастағаннан кейін жағылуы керек.
Тармақ 39
39. Қызмет үйлерінің, өндірістік және басқа да мекеме ғимараттарының иелеріне мен үй иелері кооперативтеріне номерлік белгілер мен көше атауларының көрсеткіштерін дұрыстап күтіп ұстау қажет.
Тарау 7. 7 ТАРАУ. Инженерлік құрылыстар, коммуникациялар, құрылыс және автокөлік объектілерін күтіп ұстау тәртібі
7 ТАРАУ. Инженерлік құрылыстар, коммуникациялар, құрылыс және автокөлік объектілерін күтіп ұстау тәртібі
Тармақ 40
40. Жер асты жүйелерінің қожайындарына қажет түрде канализация, су құбырлары, нөсер және басқада құдықтардың жапқыштарын жол бетінің деңгейінде тұрақты бүтін жағдайда болуын қадағалауы тиіс.
Тармақ 41
41. Көше мен жол бойларынан үстірт және қайраң суларды бұрып алып кететін арнаулы каналдарды, дренаждар мен құбырларды тазалау және жинау, несер канализацияларын тазалау кажеті болған жағдайда қоқыстарды шығарумен аяқталады.
Тармақ 42
42. Қойма, база, карьер, құрылыс алаңдары мен басқа нысандардың қожайындары:
Тармақша 1
1) көліктердің бұрылысын арналған алаңдар мен кіріс жолдарды күтіп ұстау және тазалауды;
Тармақша 2
2) көше бойына көрсетілген нысандардан құрылыс механизмдері мен ластанған автокөліктердің қалқандарын және дөңгелектерін тазартпай шығармауға рұқсат берілмеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 43
43. Көшелерде, магистралды және ішкікварталды аумақтарда жөндеу-құрылыс және басқада қазба жұмыстары орнатылған тәртіпке сәйкес өкілетті өкілдің келісімі бойынша заңды немесе жеке тұлғалармен жүргізріеді.
Тармақ 44
44. Көлік құралдарының қожайындарына, жеке автокөлік жүргізушілеріне көлік құралдарын күтіп ұстау қажет. Ластанған көлік құралдарының қала бойынша қозғалысына рұқсат етілмейді. Шаруашылық субъектілерінің басшылары немесе жеке тұлғалар жолдың жүретін бөлігін немесе жалпы пайдаланатын орындар ластаған жағдайда оларды жояды (жинайды) немесе олардың пайдаланып отырған ұйымдарымен келтіріліп отырған кемістіктерді қалпына келтіреді.
Тарау 8. 8 ТАРАУ. Кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы тазарту жұмыстары міндеттерін өзара үлестіру
8 ТАРАУ. Кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы тазарту жұмыстары міндеттерін өзара үлестіру
Тармақ 45
45. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасып шығаратын қызмет көрсетушінің негізгі жұмысы болып: қоқыс жинайтын контейнер орналасқан алаңды тазалау, жуу және дезинфекциялау, контейнер алаңына қоршауды орнату және алаң аумағынан 5 метр бойы тазалығына жауап беру белгіленсін.
Тармақ 46
46. Қоқыс жинайтын контейнерлерде қоқысты сақтау мерзімі жылдың суық уақыттарында (температура 0 немесе төмен болғанда) үш тәуліктен аспауы керек, жылы уақыттарында (температура 0 ден жоғары болған жағдайда) бір тәуліктен аспауы керек. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауда жақсартылған тұрғын үй қорында стандартты контейнерлер (0,75 текше метр), ал жеке үй иелерінде жапқышы бар сыйымдылығы еркін конструкциялы контейнерлер пайдаланыла береді (ағаштан, металдан және тағы басқа).
Тармақ 47
47. Әр түрлі жеке меншік үйлерде орналасқан кәсіпорындар мен үйымдар өздеріне бекітілген санитарлық аумақтарда, кюветтер мен су ағатын жыраларда тазалау және жинау жұмыстары жүргізуі тиіс; өз аумақтарында тротуарларды қоса урналарды орнату және тазалау.
Тарау 9. 9 ТАРАУ. Нақты ережемен тыйым салынатын әрекеттер
9 ТАРАУ. Нақты ережемен тыйым салынатын әрекеттер
Тармақ 48
48. Рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) көшелерде, тротуарларда, газондарда және үй қасындағы фасадтарда құрылыс материалдарын, отындарды, шөптерді, сабандарды және басқада материалдарды қоймалауға;
Тармақша 2
2) балкон сыртынан қоқыстарды тастауға;
Тармақша 3
3) көше бойындағы жол жүретін және жаяу жүретін жолдарды, құрылыс орнынан бос аумақтарды және отырғызылған көшеттерді, тағы басқа жалпы пайдаланылатын орындарды әр түрлі қоқыстармен ластауға үндеулер;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлердің жанында және маңайдағы санитарлық аумақтарда жануарларды жуындыру, кір жууға және көлік құралдарын жууға;
Тармақша 5
5) жол және тротуарлар бойында қоршалмаған газдық люктерді, канализациялық, су құбыры, нөсер және басқа құдықтарды ашық тастауға;
Тармақша 6
6) Көшелерде, саябақтарда, бақтарда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және жалпы пайдаланылатын орындарда құстарды, малдарды жаюға және қууға;
Тармақша 7
7) Иттерді арналмаған аумақтарда қыдыртуға және иттердің қалдықтарын қалдыруға;
Тармақша 8
8) Қала көшелерінде гусеницалық транспорттың жүруі;
Тармақша 9
9) Жалпы пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарда көкеністер мен басқада ауылшаруашылық дән-дақылдарын отырғызуға;
Тармақша 10
10) Төгілмелі және сұйық жүктерді жабылмаған және қалқаны бүтін емес, жабдықталмаған тіркемесі бар автокөліктермен тасуға;
Тармақша 11
11) Істеп тұрған құрылысқа (жол беттері, бордюрлер, қоршаулар, құдық люктері, су ағатын торлар, кюветтер мен лотоктар, шығаратын құбырлар және тағы басқа), жарнамалық қалқанға, жарық жарнамасына, ақпарат стендіне және көрнекті үгіт-насихатқа, шырақтың сыртқы жарықтандыру сүйенішіне, көркем-декоративті безендірілген элементтерге, жол және қазба жұмыстарын жүргізгенде көгалдандырылған аумақтарға зақым келтіруге, оларды топырақпен жабуға, көшелердің жүретін жерлеріне, газондарға, тротуарларға жылу, су және канализация құбырларындағы авариялық жұмыстарды жүргізгенде су қалдықтарын тастауға;
Тармақша 12
12) Тұрғын үй кварталдарында, жеке меншік учаскелерде, кәсіпорындар мен ұйымдардың аумақтарында жапырақтар мен қоқыстарды өртеуге;
Тармақша 13
13) Көше және аула аумақтарын, киосклер, павильондар, сауда және тамақтану нысандарын ластауға және үйіп тастауға;
Тармақша 14
14) Белгіленбеген жерлерде және басқа жерлерде хабарламалар, афишалар жапсыруға;
Тармақша 15
15) хабарландырулар, жарқағаздар, плакаттар, үндеулер және үй қасбеттеріндегі, суағар құбырларындағы, жарықтандыру тіректеріндегі және басқа белгіленбеген орындардағы өзге ақпараттық көзбен шолу объектілері, сондай-ақ тиісті объекті меншік иесінің рұқсатынсыз алынып тасталсын.
Тарау 10. 10 ТАРАУ. Аудандық инфрақұрылымдар нысандары мен аумақтарын күтуде, көркейтуде және санитарлық жағдайда ұстауда өкілетті органдар мен қызмыттердің міндеттері
10 ТАРАУ. Аудандық инфрақұрылымдар нысандары мен аумақтарын күтуде, көркейтуде және санитарлық жағдайда ұстауда өкілетті органдар мен қызмыттердің міндеттері
Тармақ 49
49. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Заңының непзп қағидаларына сәйкес қала мен елді мекендердегі көшелер, аулаларды және басқа аумақтарды күтуде санитарлық тәртіпті, одан басқа жалпы пайдаланатын орындар мен жағажайлар ды қадағалау ішкі істер органдарымен және экологиялык, өрт сөндірушілер, санитарлық, архитектура-құрылыс бақылау қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
Тармақ 50
50. Аудандық ішкі істер органының учаскелік инспекторларымен инфрақұрылым нысандарын күту, көркейту тәртібін бұзушыларды әшкерелеу жүргізіледі және белгіленген тәртіп бойынша оларға қатысты материалдар тиісті органдарға ұсынылады.
Тармақ 51
51. Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің мамандары келесі мәселелерді шешу қамтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) Елді мекендердегі көркейтуде және санитарлық тазалауды ұйымдастыруда жергілікті басқару органдарымен бірге жоба шешімін дайындауға қатысу керек;
Тармақша 2
2) Қала және ауыл елді мекендерінде санитарлық тазалау схемасын, өнеркәсіп және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын жобалау мен орналастыруын қарастыру және келістіру;
Тармақша 3
3) Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес аумақтардың жиналуы мен тазалуына тексеру рейдын жүргізу туралы ұсыныстар беру;
Тармақша 4
4) Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қоқыстарды шығару, жою және жинау жүйесін ұйымдастыру кәсіпорыны мен арнайы тұрғын үй органдарына арналған санитарлық минимум бойынша нүсқаухат пен сабақтар жылына бір рет жүргізілуі керек, қажеті туған жағдайда жиі жүргізілуі тиіс.
Тарау 11. 11 ТАРАУ. Қағиданы бұзғандығы үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі
11 ТАРАУ. Қағиданы бұзғандығы үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі
Тармақ 52
52. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес нақты тәртіпті бұзған кінәлі заңды және жеке тұлғалар жауапқа тартылады. «КЕЛІСІЛДІ:» Абай аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Т. Оспанов 14.07.05 Аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы Б. Көрпешова 14.07.05 Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Л. Әубәкірова 14.07.05 Қарағанды облысы Абай ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаменті филиалының бастығы Г. Даутпаева 14.07.05 «Жігер 2004» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры В. Ким 14.07.05