О внесении изменений в некоторые постановления акимата Мангистауской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ , "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңдарына сәйкес, коммуналдық меншік объектілерін жалға беру тәртібін ретке келтіру мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесі туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы № 157 (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда № 1106 болып тіркелген), облыс әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 (әділет басқармасында 2003 жылғы 14 мамырда № 1455 болып тіркелген) қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар, облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 73 (Әділет департаментінде 2004 жылғы 06 мамырдағы № 1689 болып тіркелген) қаулысымен толықтырулар, облыс әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 (Әділет департаментінде 2005 жылғы 9 наурызда № 1866 болып тіркелген) қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, қосымшадағы 1 бөлімі 3 тармағының 3) тармақшасындағы "облыс әкімінің жекелеген шешімдері" деген сөз "облыс әкімиятының жекелеген актілері" деген сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімиятының "Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 наурыздағы № 66 (әділет басқармасында 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 1453 болып тіркелген), облыс әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 20 (Әділет департаментінде 2005 жылғы 09 наурыздағы № 1865 болып тіркелген) қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, қосымшадағы 2 бөлімі 8 тармағының 6) тармақшасындағы "облыс әкімінің жекелеген шешімдері" деген сөз "облыс әкімиятының жекелеген актілері" деген сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Қ. Тұрысбековке жүктелсін.