О вопросах лицензирования розничной торговли алкогольной продукцией (кроме пива) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау лицензиялау мәселелері туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы № 2200 Заңына, "Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме бағамен сату, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек сату Ережелерiн бекiту туралы" 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау лицензияларына қол қою құқығымен уәкілетті тұлға болып қала әкімінің бірінші орынбасары Құлжанова Тотыкамал Ниязқызына тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау лицензияларын беруге құжаттар дайындау, лицензиялардың берілуін есепке алуды жүзеге асыру, лицензиялық ережелердің сақталуына бақылау жүргізу жөніндегі жұмыс органы болып жинақтау-талдау бөлiмi белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қоса берілген Лицензиялық ережелердің сақталуына тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ережелері бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.С. Уәлиевке жүктелсін.
Басқа 5
Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 13 шілдедегі № 830 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Лицензиялық ережелердiң сақталуын тексеру және олардың нәтижелерiн ресiмдеу ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңының 15-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме бағамен сату, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек сату Ережелерiн бекiту туралы" 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына (бұдан әрi - Қаулы) сәйкес әзiрленген.
Тармақ 2
2. Осы ереже лицензиялық ережелердiң сақталуын тексеру және олардың нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiн реттейдi.
Тармақ 3
3. Петропавл қаласының аумағында орналасқан және алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар тексерiлуге тиесiлi.
Тармақ 4
4. Белгiленген тәртiппен тiркелген, уәкiлеттi тұлға қол қойған тексерiстi тағайындау туралы актiге сәйкес, бекiтiлген тексерулер кестесiне бойынша, немесе мемлекеттiк органдардың ұсыныстары және азаматтардың нақты лицензиатқа қатысты арыздары бойынша заңнамамен белгiленген тәртiппен, тексерiстердi Петропавл қаласы әкiмi аппаратының жинақтау-талдау бөлiмi жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек сатудың лицензиялық ережелерiнiң сақталуын тексеруге жатады:
Тармақша 1
1) фискальды есi бар бақылау-кассалық машинаның бар және тiркеу нөмiрiне сәйкес болуы;
Тармақша 2
2) сатылатын өнiмде сәйкестiк сертификаты (және белгiлерi) болуы, жарамдық мерзiмi және өнiм мен акциздiк маркаларының маркировкалануының сақталуы;
Тармақша 3
3) үй-жайлар кешенiнiң болуы (сауда залы, тауарды қабылдауға және сақтауға арналған үй-жайдың, тара мен ыдысты сақтауға арналған үй-жайдың, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайдың);
Тармақ 6
6. Қала әкiмi аппаратының жинақтау-талдау бөлiмi, тексерiс жүргiзу үшiн берiлген, тексерiстердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу журналын жүргiзедi.
Тармақ 7
7. Тексерiс нәтижесi бойынша лицензиялау ережесiнiң сақталуын тексеру туралы акт жасалады. Актiде тексеру күнi және уақыты, тексерудi тағайындау туралы актiнiң нөмiрi мен күнi, тексеретiндер туралы деректер, лицензияның нөмiрi және берiлген күнгi, СТН, сауда кәсiпорнының атауы және орналасқан жерi, сауда кәсiпорны басшысының фамилиясы, аты және әкесiнiң аты және қатысуымен (ларымен) тексерiс жүргiзiлген сауда кәсiпорны қызметкерiнiң (лерiнiң) лауазымы, алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау ережесiн бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы деректер көрсетiледi. Бұзушылық табылған жағдайда, тексерушiлер лицензиаттан жазбаша түсiнiктеме алуға тиiс, ол тексеру актiне қоса берiледi. Түсiнiктеме беруден бас тартылған жағдайда акт жасалады. Тексеру қорытындысы бойынша, бұзушылықтың болуына немесе болмауына байланыссыз лицензиатқа немесе сауда кәсiпорнының қызметкерiне қолы қойылу арқылы актiнiң көшiрмесi берiледi. Қаулыға сәйкес, лицензиар тоқтату себебiн көрсету арқылы мынадай жағдайларда 6 айға дейiнгi мерзiмге лицензияның қолдану күшiн тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 8
8. Лицензияның қолдану мерзiмiн тоқтата тұру туралы мәселенi қарау тексерiс нәтижелерi бойынша лицензиаттың қатысуымен жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Лицензиат қол қойдыру арқылы немесе поштамен хабарлау арқылы лицензияның қолдану мерзiмiн тоқтата тұру туралы мәселенi қараудың күнi және орыны туралы хабардар етiледi.
Тармақ 10
10. Лицензиат келмей қалған жағдайда лицензияның қолдану мерзiмiн тоқтата тұру туралы шешiмдi лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
Тармақ 11
11. Лицензиардың лицензияның қолдану мерзiмiн тоқтата тұру туралы шешiмi лицензиатқа қолы қойдырылып немесе поштамен жiберiледi (хабардар етумен).
Тармақ 12
12. Лицензияның қолдану мерзiмi тоқтатыла тұрған себептердi лицензиат жойғаннан кейiн, лицензия қайыра күшiне енедi, бұл туралы лицензиат қолы қойдырылып хабардар етiледi немесе поштамен хабарланады (хабардар етумен).
Тармақ 13
13. Лицензияның қолдану күшiне қайта енгенi туралы шешiмдi лицензиар өткiзiлген тексерiстен кейiн қабылдайды.