Об утверждении Положения о комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом при акимате города Күшін жойған
Басқа 0
Қала әкімдігі жанындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағынын 17) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің жанындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комиссия туралы коса берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
Басқа 3
Қала әкімдігінің 2005ж. 22.06. № 610
Қаулысымен бекітілген
Қала әкімдігі жанындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қала әкімдігі жанындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Комиссия (бұдан әрі мәтін бойынша «Комиссия») консультативтік-кеңес органы болып табылады да, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, қолданыстағы заңнамаларға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген, 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес стратегиясына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзырындағы мәселелер бойынша қаралатын мәселелердің сипаты мен мазмұнына қарай комиссия хаттамасымен ресімделетін ұсынымдарды әзірлейді, қорытындылар береді.
Тармақ 4
4. Комиссия қала әкімінің орынбасары болып табылатын төрайымнан, төрайым орынбасарынан, және хатшыдан тұрады.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелері лауазымы бойынша қаланың ІІБ -ның нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бөлімінің, білім және спорт бөлімінің, бастықтары, денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, облыстық наркология диспансерінің бас дәрігері, ЖИТС - пен күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың бас дәрігері, "СҚО бойынша кедендік бақылау департаменті» контрабандамен күрес жөніндегі басқармасы контрабандасымен күрес жөніндегі бөлімі кинологиялық бөлімшесінің бас маман-кинологы.
Сондай-ақ басқа да лауазым тұлғалар, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мүшелері және жеке азаматтар Комиссия мүшелері болуы мүмкін.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері мыналарға жәрдемдесу болып табылады:
Тармақша 1
1) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатқа негізделген озара байланысты бара-бар шаралар кешенін жүзеге асыру кезінде жаңа тәсілдерді әзірлеуге;
Тармақша 2
2) қалада нашақорлықпен және есірткі бизнесінің таралуына, нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу, есірткіге тәуелді тұлғаларды емдеу және сауықтырудың тиімді мемлекеттік және қоғамдық қарсы әрекеттер жүйесін нығайтуға және құруға.
Тармақша 3
3) қала халқында әлеуметтік есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру.
Тармақ 7
7. Жүктелген міндеттеріне сәйкес мыналар бойынша ұсынымдар әзірлеу комиссияның функциясы болып табылады:
Тармақша 1
1) есірткілік құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды шектен асыра қолдануға қарсы әрекеттер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің негізгі бағыттарын айқындау, есірткінің ашық және жасырын айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту
Тармақша 3
3) есірткінің заңсыз айналымына қарсы әрекеттер механизмін іске асыру және одан әрі жетілдіру, есірткіні асыра қолданатын тұлғаларды дер уақытында анықтау, оларды емдеу және әлеуметтік сауықтыру;
Тармақша 4
4) бұл істе мемлекеттік органдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, оқу орындарын, медициналық, мәдени спорттық мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктер мен халықты белсенді қатыстыру арқылы нашақорлықтың және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыспен күрес тиімділігін арттыру.
Тарау 3. 3. Комиссия өкілеттігі
3. Комиссия өкілеттігі
Тармақ 8
8. Комиссия өзінің негізгі міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру барысында мыналарға құқылы;
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғаушы және басқа мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан және қоғамдық бірлестіктерден өз құзыры шеңберінде нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Стратегияларын, мемлекеттік және өңірлік бағдардамаларын, сондай-ақ өз іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттар сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік нашақорлыққа карсы саясатты іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысатын мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қогамдық бірлестіктердің қызметтерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларының есептерін тыңдауға;
Тармақша 4
4) қала әкімінің, қалалық мәслихат сессиясының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың қарауына нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің айрықша өзекті мәселерін қарауға және осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізуге.
Тармақ 9
9. Комиссия мыналарға:
Тармақша 1
1) олардың құзырына енетін олармен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес функцияларды жүзеге асыру кезінде онымен қызметтерін үйлестіретін мемлекеттік органдардың дербестік сақтауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) қала әкімінің және қалалық мәслихаттың алдында өзінің қызметтері, қаладағы нашақорлық жағдай және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы есеп беруге міндетті.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссияның дербес құрамы қала әкімінің ұсынысы бойынша қалалық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Комиссия өз құрамында кіші комиссия, кеңес, жұмыс топтарын кұра алады
Тармақ 12
12. Комиссияның жұмысы алқалық және жеке жоспар бойынша жариялылық негізінде құралады.
Тармақ 13
13. Комиссия өз жұмысын мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардын, осы Ережемен көрсетілген міндеттер мен функциялардың мазмұны және нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес Стратегиясында Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалармен көзделген негізгі іс-шаралар негізінде үйлестіреді.
Тармақ 14
14. Комиссия өзінің кезекті отырысын кем дегенде тоқсанда бір рет өткізеді.
Отырыс Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы болған жағдайда құқықты деп саналады. Кезектен тыс отырыстар Комиссия төрайымы (төрағасы) – қала әкімінің орынбасарының бастамасы бойынша немесе Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамының бастамасы бойынша шақырылады.
Тармақ 15
15. Комиссия төрайымы (төрағасы):
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оның жұмысына басшылық етеді;
Тармақша 2
2) Комиссияның құзырына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық қорғау және басқа органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен қоғамдық бірлістіктермен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақша 3
3) өзінің қызметі туралы қала әкімі, қалалық мәслихат алдында қаладағы нашақорлық жағдай туралы есеп береді.
Тармақша 4
4) осы Ережемен көзделген басқа да өкілеттіктерді іске асырады.
Тармақ 16
16. Комиссия мүшелері мыналарға:
Тармақша 1
1) аталмыш алқалық органның құзырына жататын мәселелерді комиссияда қарау кезінде кеңестік дауысқа;
Тармақша 2
2) Комиссия қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда жазбаша түрде Комиссия төрайымының назарына жеткізе отырып, өзінің ерекше пікірін білдіруге;
Тармақша 3
3) Комиссия төрайымының тапсырыстары бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылық құрамының және ұжымдарының мәжілістеріне, отырыстарына, жиналыстарына қатысуға құқылы;
Тармақша 4
4) Комиссия төрайымының (төрағасының) тапсырмаларын орындауга міндетті.