О мерах по финансовому оздоровлению акционерного общества "Казаккумулятор" Қолданыста
Басқа 0
"Қазаккумулятор" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы
"Қазаккумулятор" акционерлік қоғамын қаржылық-экономикалық сауықтыру, инвестицияларды, озық менеджмент пен технологияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитеті белгіленген тәртіппен "Қазаккумулятор" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен арнайы мақсаттағы өнімдерді
шығару жөнінде мамандандыруды сақтауды ескере отырып, "Қазаккумулятор"
акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сату жөнінде ашық
тендер өткізсін.
Тармақ 3
3. күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.10. N 1363 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.