О принятии государственного пакета акций открытого акционерного общества "Женис" в республиканскую собственность Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жеңіс" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн республикалық меншiкке қабылдау туралы "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Жеңіс" ашық акционерлiк қоғамының жарияланған акцияларының жалпы санының 38 пайызы мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетi заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Қарағанды облысының әкiмдiгi осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: "Қарағанды облысы" деген бөлімде: реттік нөмiрi 751-1-жол алынып тасталсын; көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: "Қарағанды облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-11-жолмен толықтырылсын: "214-11 КPГ-000154 "Жеңiс" ААҚ";
Тармақша 2
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмірi 205-13-жолмен толықтырылсын: "205-13 КРГ-000154 "Жеңiс" ААҚ";
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегі N 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 2 "Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 66-1-жолмен толықтырылсын: "66-1 "Жеңiс" ашық акционерлiк қоғамы".
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.