Вопросы Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәселелері Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.19. N 1754 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже;
Тармақша 2
2) 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күшін жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне екі вице-министрі болуға рұқсат етілсін. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 3
3. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1698 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 52, 479-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), ғылым мен техника, жоғары білім аясында, аэроғарыш қызметі, атом энергиясын пайдалану және Қазақстан Республикасында ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету салаларында басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады; Аэроғарыш комитетi, Атом энергиясы жөнiндегi комитетi. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған басқа да мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді және белгіленген тәртіппен заңдарға сәйкес өзіне осы өкілеттіктер берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Министрлік өз құзыретінің шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 6
6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 6-1
6-1. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі" мемлекеттік мекемесi. 📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Министрлікті қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттік органдарды ұстауға көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге тиым салынады. Егер Министрлікке заң актілерінде табыстар әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.
Тармақ 8
8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 480021, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, оның өкілдігі - 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 87.
Тарау 2. 2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 9
9. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) елді дамытудың мемлекеттік стратегияларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, ғылым мен техника, жоғары білім салаларына басшылық;
Тармақша 2
2) республиканы дамытудың стратегиялық басымдықтарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-техникалық және жалпы білім беру салаларын кезең-кезеңмен интеграциялауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ресурстарды ғылым мен техниканы дамытудың басымдықты бағыттарына шоғырландыру, тікелей инвестицияларды өз қызметінің аясына тартуға қатысу;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру;
Тармақша 5
5) міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамамен және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік қабылдаумен бірге ашық конкурстардың (тендерлердің) негізінде зерттеулерді қаржыландыру;
Тармақша 6
6) ғылыми-техникалық кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті дамыту, ғылыми-техникалық өнімдердің рыногын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 7
7) ғылым мен техника, жоғары білім салаларын және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру;
Тармақша 8
8) ғылым мен техника, жоғары білім саласында, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласында заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 9
9) ғылым мен техника салаларында жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 10
10) ғылым мен техниканың, жоғары білімнің инфрақұрылымдарын дамыту;
Тармақша 11
11) ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау;
Тармақша 12
12) атом энергиясын пайдалану саласында нормалар мен ережелердің сақталуын мемлекеттік қадағалау;
Тармақша 13
13) "Байқоңыр" ғарыш айлағы, бұрынғы Семей ядролық полигоны объектілерін және мемлекеттік басқа да ғылыми-техникалық кешендерін тиімді пайдалану.
Тармақ 10
10. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функциялары жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ғылым мен техниканы, жоғары білімді дамытудың басымдықты бағыттарын айқындайды;
Тармақша 2
2) елдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамытудың жай-күйі мен қарқынына, олардың практикалық пайдаланылуын қоса алғанда зерттеулер мен әзірленімдердің нәтижелілігіне талдау жүргізеді;
Тармақша 3
3) бөлінген бюджеттік қаражаттың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және олардың іске асырылуына бақылау жүргізе отырып, конкурстық негізде іргелі және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) ғылым мен техника, жоғары білім саласындағы, атом энергиясын пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету саласындағы заңдардың қолданылуы тәжірибесін талдайды, қорытады және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 6
6) ғылым мен техника салаларында мемлекеттің иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 7
7) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) өз қызметінің аясына шетелдік несиелер мен инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 9
9) өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді;
Тармақша 10
10) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ұйымдар - ғылыми-техникалық бағдарламаларды атқарушылар жүргізетін ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарды үйлестіреді;
Тармақша 11
11) орталық атқарушы органдарға, ведомстволарға және ұйымдарға өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 12
12) ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін жетілдіреді, ғылым мен техника саласында ұлттық ақпараттық ресурсты қалыптастырады;
Тармақша 13
13) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың бағдарламалары мен жобаларын келіседі;
Тармақша 14
14) ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауды және аттестациялауды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 15
15) жоғары білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) республиканың жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарын мемлекеттік аттестациялауды және тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемін айқындауға қатысады, оны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу орындарына (ведомстволық оқу орындарын қоспағанда) орналастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) меншік нысандарына қарамастан жоғары оқу орындары үшін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 20
20) халықаралық шарттардың негізінде жоғары білім туралы шетелдік құжаттарды Қазақстан Республикасының аумағында тану (нострификациялау) мәселелерін шешеді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының аумағында атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті реттейді;
Тармақша 22
22) аэроғарыштық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;
Тармақша 23
23) "Байқоңыр" ғарыш айлағы, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны объектілерін және республиканың басқа да ғылыми-техникалық кешендерін тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды үйлестіреді;
Тармақша 24
24) өзінің құзыретіне жатқызылған қызметтердің аясында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
Тармақша 26
26) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Министрліктің негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
Тармақша 2
2) өз құзыретінің шегінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құру, оларды қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізуге:
Тармақша 5
5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік мүлікке иелік етуге және пайдалануға және оны жекешелендіру жөнінде ұсыныс енгізуге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша халықаралық деңгейде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруге;
Тармақша 7
7) олардың ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан ұйымдардың өкілдерін Министрлік ұйымдастыратын сараптамалық комиссиялардағы, жұмыс топтарындағы және уақытша шығармашылық ұжымдардағы жұмысқа тартуға;
Тармақша 8
8) сыйлықтар мен стипендиялар беруге;
Тармақша 9
9) баспагерлік қызметпен айналысуға, ведомстволық журналдары, газеттері, басқа да баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары болуға;
Тармақша 10
10) лицензиялауды жүзеге асыруға;
Тармақша 11
11) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Министрліктің мүлкі
3. Министрліктің мүлкі
Тармақ 12
12. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі өзіне мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттар, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 13
13. Министрліктің мүлкі республикалық меншік болып табылады.
Тармақ 14
14. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Ғылым және жоғары білім министрі (бұдан әрі - Министр) басқарады. Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 16
16. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
Тармақ 17
17. Министр осы мақсатта:
Тармақша 1
1) Министрлiктiң құрылымын, штат кестесiн және оны ұстауға арналған шығыстар сметасын бекiтедi; <*>
Тармақша 2
2) өзінің орынбасарларының, департаменттер директорларының, Министрліктің басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
Тармақша 3
3) Министрліктің қызметкерлерін, сондай-ақ тағайындау мен босату Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыретіне жатқызылған адамдарды қоспағанда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Министрліктің жұмыс регламенті, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын бекітеді;
Тармақша 5
5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
Тармақша 6
6) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды. 📌 ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 18
18.
Тармақ 19
19. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Министр бекiтедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 20
20. Министрліктің жанында Министр басқаратын, ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын әзірлеу үшін жауапты Жоғары ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істейді. Жоғары ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже мен оның құрамын Министр бекітеді.
Тармақ 21
21. Министрлік өз қызметіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін міндетті шешім қабылдайды. Министрлік қабылдаған шешім Министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.
Тарау 5. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 22. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрылымы 📌 ЕСКЕРТУ. Құрылым күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.