Об утверждении Правил назначения встречных проверок поставщиков плательщика налога на добавленную стоимость для подтверждения достоверности предъявленных к возврату сумм налога на добавленную стоимость Күшін жойған
Басқа 0
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау ережесін бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес және қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындауды ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары А.Г.Хорунжийге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау ережесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 29 маусымдағы
N 288 бұйрығымен бекітілген
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау ережесі
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық қызметі органдарының қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) сомаларының дұрыстығын растау үшін ҚҚС-н төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулерді (бұдан әрі - қарсы тексерулер) тағайындауды ретке келтіруге бағытталған.
Тармақ 2
2. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) сомаларының дұрыстығын растау үшін ҚҚС-н төлеушінің жеткізушілеріне қарсы тексерулер тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде тексеруді жүргізуші салық қызметі органының жауапты қызметкері қарсы тексеруге жатпайтын мынадай:
Тармақша 1
1) бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш беру сәтінің алдындағы он екі ай кезең ішінде аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуді жүзеге асыратын;
Тармақша 2
2) электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін жеткізуді жүзеге асыратын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында ҚҚС-н төлеушілер болып табылмайтын жұмыстарды орындайтын (тауарларды жеткізетін қызмет көрсетулер көрсететін) резидент емес жеткізушілерді қоспағанда, жазылған шот-фактуралар бойынша ҚҚС сомаларының кему тәртібімен тексерілетін салық кезеңі үшін ҚҚС-н төлеушінің жеткізушілерін айқындайды.
Тармақ 3
3. Қарсы тексеруге осы Ережеде белгіленген жеткізушілерді қоспағанда, салық кезеңі үшін есепке жатқызуға жатқызылған ҚҚС-ның жалпы сомасы ҚҚС сомасының 80 процентін құрайтын шот-фактуралар жазып берген ҚҚС-н төлеушінің жеткізушілері жатады.
Егер жеткізушінің шот-фактурасындағы ҚҚС-ның сомасы 80 проценттік шектеу белгілеуіне келетін болса, онда көрсетілген жеткізуші қарсы тексеруге жататын жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
Осы тармақта белгіленген шарттарға қарамастан міндетті тексеруге мынадай:
қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетіліп шот-фактура жазған, сондай-ақ жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам ҚҚС-н көрсетумен алушының салық кезеңі үшін екі немесе одан көп шот-фактура жазған;
салық органы "Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілерді тіркеу. ҚҚС бойынша салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу" ақпараттық жүйесінде камералдық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған жеткізушілер жатады.
Тармақ 4
4. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша ҚҚС-н қайтару мерзімдерін сақтау мақсатында салық қызметі органының қызметкері салық тексеруін жүргізу басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық қызметінің тиісті органдарына салық төлеушілер мониторингіне жататын жеткізушілер беретін салық есептілігінің негізінде жеткізушілерге қарсы тексерулер жүргізу туралы сұрау салулар, сондай-ақ бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша сұрау салулар белгілейді және жібереді.
Тармақ 5
5. Қарсы тексерулер тағайындаудың дұрыстығына салық органдарының бірінші басшылары жауап береді.