О квотировании рабочих мест для инвалидов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеіметтік қорғау туралы» және 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектердің жұмыспен қамтылуына және жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орныдарын квоталау туралы қосымшалары беріліп отырған Нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан бойынша квтоталған жұмыс орындарының саны қосымшаға сәйкес есептелуі мақұлдансын.
Тармақ 3
3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Шәріпов А.Қ.) квоталанған жұмыс орындарға жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Воронин А.Н. жүктелсін.
Басқа 5. Мүгедектер жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау туралы Нұсқаулығы
Аудан әкімдігінің 2005 ж. 1 шілде № 244/5 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы» қаулысымен бекітілді Мүгедектер жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау туралы Нұсқаулығы Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39-111 және 2001 жылдың 23 қантардағы Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-11 Заңдарына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектер жұмыспен қамталуына және жұмысқа қабылдануына жәрдем көрсету мақсатында квоталанған жұмыс орындарының минималдық саны белгіленеді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар: квоталанған жұмыс орындары (квота) – жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектерді кәсіпорындарда, мекеме мен ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар үлесі; жұмыс беруші – кәсіпорындар, мекемелер Республикалық бюджеттен қаржыландырылатыннан басқалары, меншік нысанына қарамай өз қызметін аудан аумағында атқаратын жеке түлғалар; жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкіді орган –халықты жұмыспен қамтуға және аймақтық деңгейде жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға жәрдем көрсеуді қамсыздандыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган.
Тарау 2. 2. Квотаны белгілеу шарттары және тәртібі
2. Квотаны белгілеу шарттары және тәртібі
Тармақ 3
3. Квота туралы нақты ұсыныстар жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектер санын сараптау негізінде, мүгедектердің мүддесін қорғайтын, қоғамдық ұйымдардың, аймақтық үшаралық келісімге отырған жұмыс берушілер және кәсіподақтар бірлестіктерінің қатысумен, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілді органының аймақтағы жұмыскер күшіне сұраныс пен ұсыныстар арқылы жасалады.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілді орган берген ұсыныстар негізінде аудан әкімдігі тиісті қаулымен мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квотаны және оны енгізу мерзімін белгілейді.
Тармақ 5
5. Қабылданған шешім туралы жұмыс берушілер хабарландырылады.
Тармақ 6
6. Квота мөлшері, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын 1 жылға кем емес мерзімге белгіленеді.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер, белгіленген квотаға сәйкес және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырмасы бойынша, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін, қажетті жұмыс орындар санын құрады немесе бөледі.
Тармақ 8
8. Жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілді органның жодамасы бойынша жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамсыздандырудағы жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігі
3. Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамсыздандырудағы жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігі
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілер, мүгедектер үшін белгіленген квотаға сәйкес, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілді орган жіберілген азаматтарды жұмысқа қабылдауға міндетті.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілер, квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының толтырылуы туралы ақпаратты, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілді органға ай сайын беріп тұрады.
Тармақ 11
11. Квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының толтырылуын бақылау, жергілікті атқарушы органдар, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілді орган, мемлекеттік еңбек инспекциясы органы іске асырады.
Басқа 20. Аудан бойынша квоталанған жұмыс орындары санының Есебі
Аудан әкімдігінің 2005 ж. 1 шілде № 244/5 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы» Қаулысына № 1 қосымша Аудан бойынша квоталанған жұмыс орындары санының Есебі № Жылдар 2005 2006 2007 1. Жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде тапсырма 270 300 250 2. Бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру 150 120 100 3. Жалпа жұмыс орындар санының 3 % мөлшеріндегі 12 12 10