Об изменениях в административно-территориальном устройстве Хромтауского района Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес және Хромтау ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДІ және облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген сызба-картаға сәйкес Тассай ауылдық округінің шекарасы оның құрамынан жалпы көлемі 3537,8 га аумақты және онда орналасқан Никельтау елді мекенін шығара отырып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Құрамына Тассай ауылдық округінің құрамынан шығарылған жалпы көлемі 3537,8 га аумақты қоса отырып, қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес Никельтау ауылы - әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.
Тармақ 3
3. Хромтау ауданының әкiмi (О. Н. Далмағамбетов) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті мемлекеттік басқаруды және оны ұстауды қаржыландыруды аудандық бюджет және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 386 қаулысымен бекітілген штаттық сан лимитінің шегінде қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А. Д. Мұқаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М. Н. Жекеев) жер-кадастр құжаттарын Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.