Об упразднении некоторых населенных пунктов Айтекебийского и Шалкарского районов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әйтеке би және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 11 баптарына сәйкес Әйтеке би және Шалқар аудандарының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындарының бәрі кетіп қалған мына елді мекендер: Әйтеке би ауданы бойынша: Құмқұдық ауылдық округінің Бестас ауылы, Шалқар ауданы бойынша: Ақтоғай ауылдық округінің Сарытөбе ауылы таратылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкiмдері (Е. Қ. Есенбаев, Р. М. Сыдықов) таратылған ауылдардың жерлерiн әрi қарай пайдалануға байланысты сұрақтарды шешу үшiн қажеттi шараларды алсын.
Тармақ 3
3. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А. Д. Мұқаев) жоғарыда аталған елдi мекендерін есептi деректерден шығарсын.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М. Н. Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.