Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аса мұқтаж отбастарына қаражат жіберу мақсатында, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы» № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 7 маусымдағы №11-10 «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысының күші жойылсын.
Келісілді:
Аудандық аумақтық медициналық
бірлестігің директоры
А.Дүйсенғалиев
Басқа 5. Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
№ 1 қосымша
Аудан әкімиятының 2005 жылғы
11 шілдедегі № 15-2
қаулысымен бекітілген
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Ғұмаров Баянбек Жұмаұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Нұрғалиев Муса Ыбырайұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, төраға орынбасары
Хамза Рахымжан Орынбайұлы – аудандық білім және спорт бөлімінің меңгерушісі
Нысангалиев Ерлан Беркінұлы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы
Дүйсенғалиев Асхат Габделгазезұлы – аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің директоры /келісім бойынша/
Басқа 6. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы
Аудан әкімиятының 2005жылғы
11 шілдедегі № 15-2 қаулысымен
бекітілген № 2 қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1
1. Жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем ауданның аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қорғалмаған көмекті аса қажет ететін азаматтарына қажет етіледі.
Тармақ 2
2. Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы, белгіленген кедейлік шегінен аспайтын және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға көмек көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Ауылдық округтегі комиссия жеке адамның материалдық жағдайын тексеруден өткізгеннен кейін әлеуметтік төлемді қажет ететін болып танылады.
Тармақ 4
4. Қажеттілік себебіне байланысты бір адамға әлеуметтік төлем жылына бір реттен көп төленбейді.
Тармақ 5
5. Азқамтылған азаматтарға әлеуметтік төлемді төлеу аудандық бюджеттен қаржыландыру арқылы қарастырылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік төлем құқығы.
2. Әлеуметтік төлем құқығы.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік төлемді ауданның тұрақты тұрғындары, әлеуметтік қолдауды қажет деп танылған азаматтардың алуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлем алуға басымдылық құқығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, кірісі кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға, туберкулез ауруымен ауратындарға, ауданның құрметті азаматтарына, аз қамтылған азаматтарды жерлеу үшін, аз қамтылған азаматтарды құжаттандыру үшін, зейнетақысы ең төменгі мөлшерден төмен азаматтарға қатты отын алу үшін, аз қамтылған жанұялар өртке ұшыраған жағдайда, аз қамтылған жанұялардың студенттерінің оқуын төлеуге, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жесірлеріне.
Тармақ 8
8. Онан басқа бір жолғы әлеуметтік көмек алуға өмір сүруге ешбір қаражатсыз қалғандар, өздерінен тәуелсіз жағдайға ұшырағанда /өртте, ұзақ уақыт ауырған кезде/ алуға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі.
3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік төлем алуға үміткер азаматтар аудандық комиссия төрағасының атына, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша өтініш береді. Өтенішке қоса тізімде көрсетілген құжаттар беріледі.
Тармақ 10
10. Ауылдық округ әкімі өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеруге рұқсат бермесе әлеуметтік төлем төленбейді.
Тармақ 11
11. Аудан әкісі жанындағы аудандық комиссия өтінішті, тексеру актісін және басқа қажет құжаттарды қарайды және сәйкес шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Ауылдық округ әкімі өтініш берушінің мәліметтерінің толықтығына жауап береді.
Тармақ 13
13. Аудандық комиссия әлеуметтік көмек керектігін анықтаған соң, төлем мөлшерін анықтайды.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік төлем аудан әкімі жанындағы комиссия шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Жиынтық кірісті есептеп шығару.
4. Жиынтық кірісті есептеп шығару.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік төлем алу құқығын анықтау үшін өтініш берген айдың алдыңғы тоқсандағы отбасының жиынтық кіріс табысы есептеледі.
Тармақ 16
16. Отбасының жиынтық табысына отбасы мүшелерінің барлық табысы есептеледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік төлем түрлері мен мөлшері
5. Әлеуметтік төлем түрлері мен мөлшері
Тармақ 17
17. Бір жолғы материалдық көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға - 3000 тенге.
Тармақ 18
18. Бір жолғы материалдық көмек кірісі кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға емделуге 5000, операцияга 10000 тенге
Тармақ 19
19. Бір жолғы материалдық көмек туберкулез ауруымен ауыратындарға 5000 тенге
Тармақ 20
20. Бір жолғы материалдық көмек ауданның құрметті азаматтарына және қарттар күнін мейрамдауға 1000 тенге
Тармақ 21
21. Біржолғы материалдық көмек жерлеу үшін 1000 тенге
Тармақ 22
22. Бір жолғы материалдық көмек табысы жоқ азаматтарды құжаттандыру үшін 3000 тенге
Тармақ 23
23. Бір жолғы материалдық көмек зейнетақысы ең төменгі мөлшерден төмен болғанда қатты отын алу үшін 4000 тенге
Тармақ 24
24. Бір жолғы материалдық көмек аз қамтылған жанұяларға қорасы өртке ұшыраған жағдайда – 10000 тенге, үйі өртенген жағдайда 50000 тенге.
Тармақ 25
25. Бір жолғы материалдық көмек аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 10000 тенге
Тармақ 26
26. Бір жолғы материалдық көмек Жеңіс күнін мейрамдау үшін ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ұлы Отан Соғысының жесірлеріне 5000-10000 тенге
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілердің беретін қажетті құжаттар:
6. Әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілердің беретін қажетті құжаттар:
Тармақ 27
27. Әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету үшін мына құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек алуға өтеніш берушінің өтініші.
Тармақша 2
2) отбасының құрамы көрсетілген, жиынтық табысы көрсетілген ауылдық әкім жанындағы комиссия қол қойған зерттеу актісі:
Тармақша 3
3) жұмыссыз отбасы мүшесі өлген жағдайда АХАЖ бөлімінен өлімі туралы куәлік көшірмесі /зейнетақы төлеу орталығынан жерлеу көмегі тиісті азаматтардан басқа/.