Об утверждении Правил оказания социальной помощи на оплату содержания жилища, потребления коммунальных услуг и услуг связи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердiң және байланыс қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген тұлғаларға жеңiлдiктер және әлеуметтiк қорғау туралы" N 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы кезектегi он бiрiншi сессиясының "2005 жылға арналған Петропавл қаласының бюджетi туралы" N 2 шешiмiнiң негiзiнде (2005 ж. 28.01. "Добрый вечер" газетi; 2005 ж. 19.01.2005 ж. мемлекеттiк тiркеу N 1447.) қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердi және байланыс қызметтердi тұтыну ақысын төлеуге әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Н.Н.Кушталова) әлеуметтiк көмектiң тағайындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Петропавл қаласының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Г.И.Дорофеева) қала бюджетiнде бекiтiлiп бөлiнген қаражат шегiнде әлеуметтiк көмегiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн 2006 жылғы 1 шілдеден.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.
Басқа 5
Қала әкiмiнiң
2005 жылғы 15 шілдедегі № 840
қаулысымен бекiтiлген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне
тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердiң және байланыс
қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге әлеуметтiк көмек көрсету
Ережелерi
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердiң, қалалық коммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемiнiң саласындағы байланыс қызметтердiң тұтыну ақысын, сондай-ақ телефон орнату қызметi үшiн, әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек).
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмек алуға Петропавл қаласында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектерi мәртебесi бар азаматтар құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек тағайындау Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi арқылы, мына құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) белгiленген нысандағы қосымшаға сәйкес өтiнiш;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаты;
Тармақша 3
3) осы санатқа жататынын растайтын құжаты;
Тармақша 4
4) тұрғылықты жерiн растайтын азаматтарды есепке алу кiтабы.
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк көмек, жүгiнген айдан бастап, ай сайын тағайындалады.
Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi, бiр айлық есептiк көрсеткiштiң көлемiнде ягни 3,8 есебiнен материалдық қолдау көрсету жөнiнде қосымша шара ретiнде белгiленедi. Әлеуметтiк көмек, ағымдағы жылға сәйкес республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген, бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгеруiн ескерумен төленедi. Телефон орнату қызметiне төлеу, орнату кезiнде қолданыстағы болатын баға бойынша жүргiзiледi.
Әлеуметтiк көмек тағайындауға жүгiну алдындағы, тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтерге, қалалық коммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлем жөнiндегi байланыс қызметiнiң тұтыну ақысын төлеу жөнiнде пайда болған берешектерi төленбейдi.
Тармақ 5
5. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әлеуметтiк көмектен бас тартқан жағдайда өтiнiш берушiге бас тарту себебiн дәлелдеп жазбаша жауап жазылып, құжаттар кейiн қайтарылады.
Бас тартудың негiзi осы Ережемен анықталған, азаматтардың осы санатқа жататынын растайтын құжаттарды бермеуi болып табылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк көмек төлеу, заңнамадағы белгiленген тәртiппен, келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банктер арқылы алушылардың ашқан жеке шоттарына сомаларды аудару үшiн, "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi берген ведомосiнiң негiзiнде, iске асырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмектiң қаржыландырылуы, тиiстi қаржы жылына сәйкес бекiтiлген, Петропавл қаласы бюджетiнiң қаражаты есебiнен iске асырылады.