О положении Совета опеки и попечительства над совершеннолетними лицами ограниченно дееспособными, недееспособными, престарелыми и инвалидами при акимате Тайыншинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы қабілеті шектеулі, қабілетсіз жандар, қариялар және мүгедек адамдарға, кәлелеттік жасқа толмаған тұлғаларға қамқорлык көрсету және қамқорлыққа алу Кеңесінің Ережесін бекіту туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 31 бабының 1 тармағына 14, 17 тармақшасына, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 06 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының қамқоршылық және қамқорлыққа алу органдары туралы» 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 Қаулысмен бекітілген Ережені, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы қабілеті шектеулі, қабілетсіз жандар, қариялар мен мүгедек адамдарға қамқоршылық көрсету және қамқорлыққа алу Кеңесу туралы коса берілген Ереже бекітілсін.
Басқа 2. Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы қабілетсіз, қабілеті шектеулі, қариялар және мүгедек адамдарға, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға қамқоршылық қөрсету және қамқорлық Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тайынша ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 4 маусым № 373 қаулысымен бекітілген Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы қабілетсіз, қабілеті шектеулі, қариялар және мүгедек адамдарға, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға қамқоршылық қөрсету және қамқорлық Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қабілетсіз, қабілеті шектеулі, қариялар және мүгедек адамдарға, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға қамқоршылық қөрсету және қамқорлық Кеңесі қамқоршылық көрсету мен қамқорлық қажет ететін азаматтардың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін мәжілістік консультативтік орган (әрі қарай Кеңес) болып табылады.
Тармақ 2
2. Қамқоршылық көрсету және қамқорлыққа алу денсаулығының нашарлығына байланысты өз құқықтарын тікелей қорғауды және өз міндетін орындауды жүзеге асыра алмайтын қабілетті шектеулі, қариялар және мүгедек адамдардың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарын, психологиялық ауыратыны мен ақыл - есінің дұрыс еместігі, сотпен қабілетсіздігі танылған тұлғалардың, сондай - ақ өз құқыктары мен өз міндеттерін денсаулыктарына байланысты өз беттерінше жүзеге асыра алмайтын кәмелетке толған қабілеттілердің мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қамқорлыққа алу хабарсыз кетті деп танылғандар және қайтыс болғандар, қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлғаларға, қариялар мен мүгедек адамдардың мүліктеріне, сонымен қатар психологиялық ауыратыны мен ақыл - есінің дұрыс еместігі, сотпен қабілетсіздігі танылған тұлғалардың мүліктерге тағайындалады;
Тармақ 4
4. Денсаулық жағдайына байланысты өз құқықтарын және өз міндеттерін өз бетімен орындай алмайтын кәмелетке толған адамдардың өтініші бойынша камқоршылық белгіленуге тиіс.
Тармақ 5
5. Қамқоршылық көрсету және қамқорлық Кеңесінің қамқоршы немесе корғаншы тағайындауы ең алдымен қамқорлыққа алынушы адамның өз мүддесімен сәйкестіріледі.
Тармақ 6
6. Қамқоршылар және қорғаншылар өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент пен Қазакстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу тәртібі
2. Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Қамқоршы және қорғаншы болып тағайындалуға тікелей құқығы барлар: зайыбы, ата-анасы, туыстары және егер қамқорлыктағы адамның мүддесіне қайшы келмесе басқадай жақындары.
Тармақ 8
8. Қорғаншы және қамқоршы болуға кәмелетке толған ерлер мен әйелдер мына айрықша жағдайға тағайындалады:
Тармақша 1
1) сотпен қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған тұлғалар;
Тармақша 2
2) оған заңмен жүктелген міндетін орындауға тиісті емес қамқоршы (қорғаншы) міндетінен шеттетілген;
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайына байланысты қамқоршы (қорғаншы) міндеттерін орындай алмайтын тұлғалар;
Тармақ 9
9. Қамқоршы немесе қорғаншы қажет ететін тұлғалар қамқоршылармен және қорғаншылармен, сонымен қатар сәйкес тәрбиелеу, емдеу мекемелеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі тұлғалар .
Тармақ 10
10. Қамқоршы немесе қорғаншы оның келісімінен кейін ғана тайындала алады.
Тармақ 11
11. Қамқоршы пен қорғаншы қамқоршы мен қорғаншыны қажет ететін тұлғаның тұрғылықты жері бойынша белгіленелді. Кейбір жағдайларда қамқоршы (қорғаншы) қамқоршының тұрғылықты жері бойынша белгілене алады.
Тармақ 12
12. Қамқоршылар мен қорғаншылар өздерінің қамқорындағылардың құқықтары мен мүдделерін кез - келген тұлғалармен қатынаста, оның ішінде сотта арнайы өкілеттіліксіз қорғайды.
Тармақ 13
13. Қорғаншы (қамқоршы) тағайындау мәселесі мына құжаттарды бергеннен кейін Кеңеспен қаралады:
Тармақша 1
1) қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетіні туралы тұлғаның өз өтініші;
Тармақша 2
2) егер қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетін тұлға үйленген болса, жұбайының келісімі;
Тармақша 3
3) қорғаншы (қамқоршы) болғысы келетін тұлғаның денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
Тармақша 4
4) егер қорғаншы болғысы келетін тұлға үйленген болса жұбайының денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) қорғаншыға (қамқоршыға) талапкер тұлғаның тұрмыс жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 6
6) қамқорлыққа алынатын адамның тұрмыс жағдайын тексеру актісі.
Тармақ 14
14. Қайтыс болған және хабарсыз жоғалды деп танылған тұлғаларға және олардың мүліктеріне қамкоршылық және қорғаншылық тағайындау мәселесі үшін жоғарыда тізілген құжаттардан басқа олардан қайтыс болған немесе хабарсыз жоғалғаны танылғаны туралы сот шешімі талап етіледі.
Тармақ 15
15. Қамқорлықтағылардың мүдделері арасында қайшылықтар болмаса, бірнеше тұлғалар үшін бір қамқоршы немесе қорғаншы тағайындауға жол беріледі.
Тармақ 16
16. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Кеңес келесі шешім шығара алады:
Тармақша 1
1) қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындау туралы;
Тармақша 2
2) қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындаудан бас тарту туралы;
Тармақша 3
3) осы Ереженің тармақтарында қаралған жағдайда қамқоршының (қорғаншының) міндеттерін орындаудан босату туралы; қамқоршының (қорғаншының) міндеттерін орындаудан босату туралы,
Тармақша 4
4) осы Ереженің тармақтарында қаралған жағдайда мүлікке қамқоршы тағайындау туралы.
Тармақ 17
17. Кеңеспен қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындау туралы, қамқоршының (қорғаншының) міндеттерін орындаудан босату туралы, мүлікке қамқоршы тағайындау туралы қорытынды шығарғаннан кейін материалдар шешім қабылдау үшін жергілікті атқару органына жіберіледі.
Тармақ 18
18. Қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған тұлғаға белгіленген үлгіге сәйкес куәлік беріледі.
Тарау 3. 3. Қамқоршылар және қорғаншылар Кеңесінің құқықтары
3. Қамқоршылар және қорғаншылар Кеңесінің құқықтары
Тармақ 19
19. Қамқоршылар және қорғаншылар Кеңесі заңнамамен белгіленген түрде құқылы:
Тармақша 1
1) азаматтардың қабілеті шектеулі және қабілетсіз деп танылуы туралы істі қарауға соттың билік органдарына құжаттар жіберуге;
Тармақша 2
2) қамқоршы және қорғаншы тағайындау туралы мәселені, егер олар ауырып қалса, мүліктік жағдайы өзгерсе, қамқорындағы адаммен өзара түсіністік жоғалса немесе басқа да орынды себептер бойынша жүзеге асыра алмаса, олардың өтініші бойынша жүктелген міндеттерді атқарудан босату туралы;
Тармақша 3
3) қамқорлықтағы адамның мүдделерін және құқықтарын қорғауда және жағдайына ыңғайсыз әсер етпейтін жағдайда қорғаншы қамқорлықтағы адамнан бөлек тұруды рұқсат етіуге;
Тармақша 4
4) қамқоршы мен қорғаншы әрекеттеріне шағымды қарауға;
Тармақша 5
5) қамқоршыға қамқорлықтағы адамның мүлігін иесіздендіру оның ішінде қамқорлықтағы адамның мүлігінің ауыстырылуы және сыйға тартылуын оның атынан тапсыруға келісім жасауға, оны жалға беру (жалға алу) өтеусіз пайдалану немесе кепілдік заң бойынша және өсиет бойынша қамқорлықтағы адамға тиесілі мұрадан бас тартуына апарып соғатын мәміле жасауға, оның мүлігін бөлу және үлесін шығаруға, қамқорлықтағы адамның мүлігінің азайуына апаратын барлық мәмілелерді жасауға рұқсат беруге;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген мәміле нәтижесіндегі қамқоршы арқылы алынған қаражатты қандай жолмен жұмсау керек екенін анықтау;
Тармақша 7
7) тиісті тұлға қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалғанға дейін қамқорлықтағы адамның туындаған қырызын төлеуді қамқоршыға (қорғаншыға) оның жұбайына, немесе туыстарына рұқсат етуге;
Тармақша 8
8) белгіленген тәртіпте өлді немесе хабарсыз кетті деп танылған тұлғалардың мүліктеріне, сонымен қатар психологиялық ауыратыны немесе ақыл - есі дұрыс местігі, қабілетсіздігі сотпен танылған тұлғаларға қамқоршы тағайындауға;
Тармақша 9
9) қамқоршы өзіне жүктелген міндеттерді атқарусыз қалдырған жағдайда оның ішінде оларға қамқорлықты пайдакүнемдік мақсатқа пайдаланғанда, қамқорлықтағы адамды қажетті көмексіз және қараусыз қалдырғанда қамқоршылар және қорғаншылар осы міндеттерді атқарудан шеттетуге;
Тармақша 10
10) бекітілген тәртіпте хабарсыз кетті деп танылған тұлғалар, қайтыс болған адамдар, мүгедек адамдар, зейнеткерлер қабілеті шектеулі жандардың мудделерін, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4. Қамкоршылық және қорғаншылық Кеңесінің ұйымдастырылуы және тәртібі
4. Қамкоршылық және қорғаншылық Кеңесінің ұйымдастырылуы және тәртібі
Тармақ 20
20. Кеңес аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады және құрамында кемінде бес дам бар Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерінен тұрады. Кеңес мәжілісіне аудан әкімдігінің, денсаулық сақтау, білім беру органдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Кеңес төрағасы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.
Тармақ 22
22. Кеңес хатшысы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйге әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
Тармақ 23
23. Кеңес мүшелері:
Тармақша 1
1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы;
Тармақша 2
2) психоневрологиялық интернат үй дәрігері;
Тармақша 3
3) аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы;
Тармақша 4
4) аудандык әділет бөлімінің бастығы (келісімі бойынша);
Тармақша 5
5) аудандық аурухананың бас дәрігері;
Тармақша 6
6) Тайынша ауданы әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
Тармақ 24
24. Кеңес мәжілісі қажеттілік туған шаралар бойынша кемінде айына бір рет өткізіледі.
Тармақ 25
25. Кеңес мәжіліске қатысып отырған Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды және хаттама ресімделеді.
Тарау 5. 5. Қамқоршылық және қорғаншылық Кеңесінің міндеттері
5. Қамқоршылық және қорғаншылық Кеңесінің міндеттері
Тармақ 26
26. Қамқоршылық және қорғаншылық Кеңесі заңды түрде белгіленген тәртіпке міндетті:
Тармақша 1
1) қамқоршылар және қорғаншылар қызметіне бақылау жүргізу ол үшін кемінде жылына екі реттен олардың өз міндеттерін орындауын тексеру жыл сайын қамқорлықтағы адамдардың денсаулық жағдайы туралы және қамқоршыға (қорғаншыға) олардың мүліктерін басқарғаны туралы есеп беруді талап етуге;
Тармақша 2
2) қамқорлықтағы және оны қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алуға талапкер тұлғалардың тұрмыс жағдайын тексеруге;
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіпте өлген немесе хабарсыз кеткен деп танылған қамқорлықтағы тұлғалардың мүліктерінің тізімдемесін жасауға, сонымен қатар психологиялық ауыратыны немесе ақыл - есі дұрыс еместігі, қабілетсіздігі сотпен танылған тұлғаларға тізімделген мүлікті қорғауға шаралар қабылдауға;
Тармақша 4.1.5
4.1.5. қамқоршылар мен қорғаншылардан өз міндеттерін жүзеге асыруды талап етуге.
Тарау 5. 5. Қамқоршылық және қорғаншылық органының шешіміне шағымдану
5. Қамқоршылық және қорғаншылық органының шешіміне шағымдану
Тармақ 27
27. Қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімі барлық мәселелер бойынша сот тәртібімен мүдделі тұлғалармен шағымдалуы мүмкін. Тайынша ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 4 шілдедегі № 373 қаулысымен бекітілген Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы қабілетсіз, қабілеті шектеулі, қариялар және мүгедек адамдарға, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға қамқоршылық қөрсету және қамқорлық Кеңесі туралы ережесіне 1 қосымша №___ куәлік Тайынша ауданы әкімдігінің 200___________ «___» №______ қаулысына сәйкес Осы куәлік __________________________________________ Мекенжайы бойынша тұратын азамат ______________________ ____________________________ берілді Ол мына мекенжай бойынша тұратын: __________________________________________ __________________________кәмелетке толған қабілеті шектеулі, қабілетсіз, қария, мүгедек тұлғаның __________________________________________ қамқоршысы (корғаншысы болып тағайындалды Қамқоршыға камқорындағы адамды бағып - қағу, күтіп ұстау, оның мүліктік және жеке мүліктік құқықтарын қорғау, сотта және барлық мемелкеттік мекемелерде арнайы өкілеттігінсіз оның өкілі болу міндеттері жүктеледі. Кеңес төрағасы _____________ (қолы) Куәлік берілген күн 200___________ «___»
Басқа 69
Тайынша ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 4 шілдедегі № 373 қаулысымен бекітілген Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы қабілетсіз, қабілеті шектеулі, қариялар және мүгедек адамдарға, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға қамқоршылық қөрсету және қамқорлық Кеңесі туралы ережесіне 2 қосымша №___ куәлік Тайынша ауданы әкімдігінің 200___________ «___» №______ қаулысына сәйкес Осы куәлік __________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын азамат _____________________ ______________________ берілді Ол мына мекенжай бойынша тұратын: ____________________________________________200___ «___»________ сот шешімі негізінде хабарсыз кеткен, өлген деп танылған азамат ____________________________________________ _________________________________ жататын мүліктің қамқоршысы (қорғаншысы) болып тағайындалды Қамқоршыға сот шешімімен хабарсыз кеткен, өлген деп танылған азамат _____________________________ жататын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Кеңес төрағасы ______________ (қолы) Куәлік берілген күн «___»________ 200 ____жыл