Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий по высокопатогенному гриппу птиц на территории села Дубровное Дубровинского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазакстан облысы Мамлют ауданының Дубровное селолық округінің Дубровное селосы аумағындағы жоғары патогенді құс тұмауы бойынша шектелген іс-шараларды және карантин тәртібін енгізуге байланысты карантин зонасының ветеринарлық тәртібін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 21 қаңтардағы №148-ІІ Заңының (ҮВ №3 2001 жыл) 31 бабы 2 тармағы, Қазақстан Республикасы ««Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ Заңының 27 бабы 1 тармағы, Мамлют ауданының бас мемлекеттік инспекторының 2005 жылғы 11 тамыздағы №697 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Дубровное селолық округінің Дубровное селосы аумағындағы жоғары патогенді құс тұмауы бойынша шектелген іс-шараларды және карантин тәртібін енгізуге байланысты карантин зонасының ветеринарлық тәртібі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Дубровное селолық округінде құс тұмауының тарауын жібермеуге бағытталған іс-шаралардың кешендік жоспары бекітілсін (Қосымша 1).
Тармақ 3
3. Ауданда құс тұмауының тарауымен күрес жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру үшін төмендегі құрамда штаб құрылсын (Қосымша 2).
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А Т.Абдуллаевқа жүктелсін.
Келісілді:
Солтүстік Қазақстан облысының
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
кадағалау Департаментінің
Мамлют ауданы бойынша
басқармасының бастығы
Головко В.А.
Ормандар және жануарлар әлемін
қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекеменің директоры
Жұмабаев Е.Қ.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
Көшеков М. Ө.
Орталық аудандық
аурухананың бас дәрігері
Коробкова М.Г.
«Республикалық ветеринарлық
зертхана» РМКК-ның
Солтүстік Қазақстан филиалының
аудандық бөлімшесінің меңгерушісі
Овсянкина Т.А.
Ауданның бас мемлекеттік
инспекторы (келісім бойынша)
Пережигин П.А.
Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі бас инспектор
Рогачев В.Н.
Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің Мамлют аудандық
аумақтық басқармасының бастығы
Руденко В.Л.
Басқа 6. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Дубровное селолық округіндегі құс тұмауының тарауын болдырмауға бағытталған шектелген іс-шаралардың жоспары
С'олтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 12 тамыздағы
№ 496 қаулысына 1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Дубровное селолық округіндегі құс тұмауының тарауын болдырмауға бағытталған шектелген іс-шаралардың жоспары
№
Іс-шаралардың атауы
Орындау мерзімі
Ұйымдастыруға және орындауға жауаптылар
1
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары, ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық басқармасы, денсаулық сақтау және ветеринарлық қызмет органдары арасында шұғыл қарым-қатынас жүзеге асырылсын. Жүйелі түрде ақпарат алмасу.
Құс тұмауы немесе сол туралы күдікті тіркеу туралы ақпарат түсу мүмкіндігінше немесе оған күмән пайда болғанда
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша), ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық басқармасы, (келісім бойынша), денсаулық сақтау және ветеринарлық қызмет органдары (келісім бойынша), аудан әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас маманы
2
Аудандық штаб құс тұмауының тарауын болдырмау бойынша жұмысты және осы жоспардың орындалуына бақылауды ұйлестіру.
Қаулы тіркелген сәтінен бастап тәулік ішінде
Құс тұмауының тарауын болдырмау жөніндегі аудандық штаб
3
Патологиялық материалды жедел іріктеу бойынша іс-шараларды және патогендік тұмаумен құстың ауруына күмән туса, оны сәйкес ветеринарлық зертханаға жіберуді іске асыру.
Үй және жыртқыш құстар ауру белгілері пайда болған жағдайда
Құс тұмауының тарауын болдырмау жөніндегі аудандық штаб
4
Жыртқыш құстар қоныстайтын және су қоймаларына үнемі бақылауды ұйымдастыру.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округтердің әкімдері, ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
5
Дубровное селолық округіне кіру (шығуды) шектеу мақсатында жердің ландшафтын және рельефін ескере отырып, елді мекеннің периметрі бойынша ені 1,5-2 метрден кем емес алқап жыртылсын, 2 кіреберіс (шығыс) постпен шектелсін, біреуі Мамлют қаласы жағынан, екіншісі Пресновка селосы жағынан. Екі бағыт санитарлық рұқсат беру тәртібінде тәулік бойы жұмыс істеуі керек, осы мақсатта полицияның кезекші қызметкерін табу үшін будкамен, дезинфекциялау қоршауымен, дезинфекциялау дәрі-дәрмегімен, шлагбауммен жабдықталады. Адамдардың және көліктің жүруі арнайы журналда тіркелуі керек.
2005 жылдың 14 тамызына дейін
Селолық округ әкімі, ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық басқармасы, (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша)
6
Дубровное селосының карта-жобасын дайындау, онда істегі жолдар, соның ішінде поселкелік, жырту алқабы мен істегі постарды міндетті көрсетумен табиғи су қоймалары көрсетілуі керек.
Нормативтік құқықтық актінің тіркелу күнінен бастап тәулік ішінде
ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
7
Атқару органдар карантиндік іс-шаралар мерзіміне ветеринарлық қызмет қажеттіктері үшін көлікпен қамтамасыз етуге көмек көрсету.
Жедел
Ауданның атқарушы органдары
8
Далаға және су қоймаларына құсты шығаруға тыйым салу туралы түсіндіру жұмысын жүргізу. Тыйым салуды орындау бойынша су қоймаларына және құс жүретін жерлерді үнемі бақылауды ұйымдастыру.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округ әкімі, селолық округтердің ветеринарлық инспекторлары, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары (келісім бойынша)
9
Сәтсіз елді мекеннен құстар үшін жем тасуға тыйым салу.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округтің ветеринарлық инспекторы, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары (келісім бойынша)
10
Сәтсіз елді мекенден құс етін бақылаусыз еткізуге тыйым салу.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округ әкімі, селолық округтің ветеринарлық инспекторы, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары (келісім бойынша)
11
Құстың кенеттен құлау және тынышсыздану оқиғасы туралы ветериналық қызметке хабарлау.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық окруттің ветеринарлық инспекторлары.
12
Селолық округтің барлық аулаларын жабық тәртіпке көшіру. Олардың аумағына бөтен тұлғалардың кіруіне тыйым салу туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округ әкімі, селолық окруттің ветеринарлық инспекторы.
13
Жеке аулаларға кіре берісте дезинфекциялау төсеніштері орнату туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округтің ветеринарлық инспекторы.
14
Жеке аулаларда үнемі дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау іс-шаралары жүргізілсін.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округтің ветеринарлық инспекторы
15
Халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу және жеке аулалар маңына жыртқыш құстардың кіруін болдырмау бойынша шаралар қабылдау.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округ әкімі, селолық округтің ветеринарлық инспекторы
16
Халық арасында жиналыстар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмысын жүргізу.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Құс тұмауының тарауын болдырмау жөніндегі аудандық штаб, селолық округ әкімі, селолық округтің ветеринарлық инспекторы
17
Құс тұмауы қарастырылған жағдайда құсты фермаларда күтітен тұлғалардың арнайы киімі мен сақтану құралдары болуы керек.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Селолық округтердің ветеринарлық инспекторлары
18
Распираторлық аурумен ауыратындар, имундық жүйесі нашар тұлғалар құсты фермаларда күтүге жіберілмеуі керек
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық басқармасы
19
Контактыда тұрғандарды анықтау және медициналық тексерістен өтуге тиісті тұлғалардың тізімін тапсыру.
Ошактың пайда болу мерзіміне
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық басқармасы (келісім бойынша)
20
Контактыда тұрған адамдардың денсаулығын күн сайын тексеруді ұйымдастыру.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша)
21
Терең распираторлы вирус инфекциясына және тұмаумен ауруға күдікті тұлғаларды айқындау мақсатында елді мекенде аулаларды тексеруді ұйымдастыру.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша)
22
Ошақтан ауруларды емдеу үшін аудандық ауруханада резервтік палата дайындау.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша)
23
Эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша елді мекенде сауда кәсіпорындарына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық басқармасы (келісім бойынша)
24
Шахта және труба құдықтарынан және ашық су қоймаларынан халықпен алынатын ауыз судың сапасына үнемі зертханалық бақылауды күшейту.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық басқармасы (келісім бойынша)
25
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік реестрінде 2005 жылдың 17 ақпанында №3448 тіркелген 2005 жылғы 24 қаңтардағы №63 бұйрығына сәйкес селолык округте жоғары патогенді құс тұмауының тарауын болдырмауға бағытталған ветеринарлық іс-шаралар жүргізілсін.
Ошақтың пайда болу мерзіміне
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық басқармасы (келісім бойынша), ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), селолық округтердің әкімдері
Басқа 7. Құс тұмауының тарауының алдын алу жөніндегі штабтың құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 12 тамыздағы
№496 қаулысына 2 қосымша
Құс тұмауының тарауының алдын алу жөніндегі штабтың құрамы
Абдуллаев Алтынбек Тағайбекұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Руденко Виталий Леонидович - ауыл шаруашылығы Министрлігінің Мамлют аудандық аумақтық басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Головко Владимир Алексеевич - Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Мамлют ауданы бойынша басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Жұмабаев Ержан Қойшығалиұлы - ормандар және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің директоры (келісім бойынша)
Елемесов Серікбай Елемесұлы - ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы
Көшеков Мұрат Өмірбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Коробкова Марина Германовна - орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша)
Пережигин Павел Алексеевич - ауданның бас мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша)
Петрова Наталья Абдулловна - аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы
Овсянкина Танзиля Ахметқызы - «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМКК-ның Солтүстік Қазақстан филиалының аудандық бөлімшесінің меңгерушісі
Рогачев Владимир Николаевич - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас инспектор (келісім бойыңша)