Об утверждении Положения о комиссии по предоставлению земельных участков в собственность или землепользование в городе Петропавловске Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласында жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-11 Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласында жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары П.И. Гловаға жүктелсін.
Басқа 3
Қосымша
Қала әкімдігінің
2005 жылғы «22» маусым
№ 603 қаулысымен бекітілді.
Петропавл қаласында жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Петропавл қаласында жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі мәтін бойынша - «Комиссия») жер мәселелерін реттеу мақсатында құрылған қала әкімдігі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзырындағы мәселелер бойынша Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделген қорытынды береді.
Тармақ 4
4. Комиссия қала әкімдігінің қаулысымен құрылады. Қала әкімі комиссияның жеке құрамын кезекті мәслихат сессиясына бекітуге ұсынады.
Тармақ 5
5. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары, қалалық мәслихат депутаттары қатарынан, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның, сәулет және қала құрылысы өкілдерінен тұратын 5-10 комиссия мүшелері, жер қатынастары жөніндегі бөлімде штаттық қызмет атқаратын жауапты хатшысы бар құрамда құралады.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган-әкімдік алдында жауапты.
Тармақ 7
7. Комиссияның қызметі заңдылық принциптеріне және өз іс-әрекеті мен қабылданатын шешімдеріне қатысты жауапкершілікке негізделеді.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттігі
2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттігі
Тармақ 8
8. Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін меншікке және жер пайдалануға беру жөніндегі материалдарды қарау комиссиның негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 9
9. Комисси мынадай функцияларды атқарады:
Тармақша 1
1) өтініш берушіде басқа жер учаскесі болуын немесе болмауын анықтайды (бақшалыққа, саяжай құрылысына, жеке қосылқы шаруашылық жүргізуге, дербес тұрғын үй кұрылысына);
Тармақша 2
2) сұралған жер учаскесін пайдалану құқығын анықтайды;
Тармақша 3
3) жер учаскесін пайдалану мақсатын, оның болжамды көлемін анықтайды;
Тармақша 4
4) сұралған жер учаскесінде орналасқан мүлікке құқығын белгілейтін құжаттардың бар-жоғын анықтайды;
Тармақша 5
5) қала әкімдігінің қарауына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындайды;
Тармақша 6
6) жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы, сондай-ақ жер учаскесін беруден бас тарту туралы қорытынды береді.
Тармақ 10
10. Комиссия:
Тармақша 1
1) өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға қажетті материалдарды сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) қаралатын учаске материалдарына келісілу қажет болғанда басқа мемлекеттік органдардың және мекемелердін мамандары мен қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 3
3) жер қатынастарына қатысы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдың және ұйымдардың қызметтерін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге уәкілетті.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Комиссия төрағасы комиссия жұмысын басқарады және өзіне жүктелген міндеттер мен борыштың орындалуына толық жауапкершілік атқарады, Комиссияның отырысын жүргізеді, хаттамаларына қол қояды.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмысына қатысады, өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік атқарады, комиссия отырысына материалдарын дайындайды, іс-қағаздарын жүргізеді, Комиссия хаттамаларын жасайды және оларға қол қояды. Комиссия жер учаскелерін беру жөніндегі қорытынды шығарғанда, хатшыда дауыс беру құқығы болмайды.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелері комиссияның жұмысына қатысады, өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік атқарады, хаттамаларға кол қояды.
Тармақ 14
14. Комиссияның отырыстары қажет болуына қарай, келіп түскен өтініштерге байланысты, бірақ кемінде айына бір рет болып тұрады;
Тармақ 15
15. Комиссия өзінің қорытындыларын отырысқа қатысып отырган мүшелерінің жалпы санының жай дауыс беру нәтижелері бойынша шығады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 16
16. Комиссияняң қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Хаттамада мыналар:
комиссияның атауы және жеке қүрамы;
комиссия отырысының күні мен орны;
қаралған материалдар кімге қатысты соның фамилиясы, аты, әкесінің аты;
өтініште баяндалған сұраныс;
комиссия қорытындысы қандай жағдаят негізінде қабылданғаны;
комиссия қабылданған қорытынды көрсетіледі;
Тармақ 17
17. Отырыс хаттамасынан жасалған, комиссия қорытындысы бар үзінді көшерме, отырыс өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде өтініш берушіге беріледі.
Тармақ 18
18. Қаралған материалдар жөніндегі Комиссия қабылданған қорытынды 3 жыл бойын заңды күшінде болады жэне ол қай түлғага қатысты қабылданды, сол тұлға ол жөнінде заңнанамен белгіленген мерзімде шағымдануы мүмкін.
Комиссия қорытындысы жөнінде сотқа шағым беру мерзімі және тәртібі Казақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 19
19. Комиссияның жұмыс органы болып жер қатынастары жөнінде бөлім анықталған.
Тармақ 20
20. Комиссия отырысы заңды болып саналады, егер комиссия құрамының жалпы санының 2/3 қатысса.
Тармақ 21
21. Комиссия қызметіне бақылауды өзінің отырыстарында Комиссия берген материалдарды қарау арқылы жергілікті атқарушы органын жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссия материалдарын қарау тәртібі
4. Комиссия материалдарын қарау тәртібі
Тармақ 22
22. Комиссия жеке және заңды түлғалардың жер пайдалану қүқығын беру мәселесі бойынша қордаухаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды. Жер учаскесін беру туралы өтініште мыналар көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралған пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы). Жер учаскесіне құқык беру туралы өтініш, түскен уақыттан бастап үш айға дейінгі мерзімде қаралады.
Тармақ 23
23. Комиссия отырысын дайындау:
Комиссияның қарауына түскен материалдарды уақытылы және дұрыс қарау мақсатында, оларды алдын ала комиссия төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары зерделейді.
Тармақ 24
24. Комиссияняң қарауына түскен өтініштері алдын ала зерделеу барысында мыналар аныкталады:
осы материалдарды қарау оның құзырына жататыны;
комиссия отырысына шақыртуға немесе қатысуға тиесілі тұлғалар.
Тармақ 25
25. Материалдарды алдын ала зерделеу нәтижесі бойынша комиссия:
материалдарды қарауға тағайындай алады және өтініш берушіге немесе оның заңды өкілдеріне, отырсқа қатысуы міндетті деп танылған басқа тұлғаларға отырысының болатын күні мен орны туралы хабар бере алады;
материалдарды қосымша өндеуге жібере алады.