Жаңаөзен қаласының жылу көздері нысандарында төтенше жағдай жариялау туралы ("Біріккен бу қазандары"ашық ақционерлік қоғамының аудандық және орталық жылу қазандары) Қолданыста
Басқа 0
Жаңаөзен қаласының жылу көздері
нысандарында төтенше жағдай
жариялау туралы
("Біріккен бу қазандары" ашық
ақционерлік қоғамының аудандық және орталық
жылу қазандары)
Төтенше жағдай бойынша қалалық комиссия мәжілісінің 12.09.2005 жылғы хаттамасының негізінде, 2005-2006 жылдарға күзгі-қысқы кезеңге коммуналдық шаруашалық әлеуметік және энергетикалық нысандарының дайындық жұмыстары бойынша облыстық комиссиясының Жаңаөзен қаласында өткізілген көшпелі мәжілісінің 07.09.2005 жылғы № 11-22/69 хаттамасындағы ұсынысын ескере отырып, "Біріккен бу қазандары" ашық акционерлік қоғамының банкроттық салдарынан тұрмыс-тіршілікке қажетті коммуналдық нысандарда апаттық жағдайды болдырмау мақсатында, “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 05 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын басшылыққа ала отырып, қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жылу көздері нысандарының жағдайын жедел түрде түрақтандыру мақсатында 2005 жылдың 13-қыркүйегінен бастап Жаңаөзен қаласы бойынша төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарының жетекшісі болып қала әкімінің орынбасары С.Х.Аманбеков тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарының жетекшісі (Аманбеков С.Х.) 30 000 000 (отыз миллион) теңге қаражат көлемінде Жаңаөзен қаласындағы жылу көздерінің бірқалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету және уақытылы дайындық жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру көздері бекітілген сметаға сәйкес, төмендегілер анықталсын:
Тармақша 1
1) Жаңаөзн қаласы әкімінің резервтік қорынан "Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім" мемлекеттік мекемесі арқылы 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде күрделі трансферттер бөлінсін ;
Тармақша 2
2)Жаңаөзен қаласы әкімінің резервтік қорынан 10 000 000 (он миллион) теңге көлемінде қаржы қарастырылып, "Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы күрделі трансферттер бөлінсін;
Тармақша 3
3)"Өзенинвест" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қаражатынан 15 000 000 (он бес миллион) теңге көлемінде;
Тармақ 5
5. "Өзен жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өз қаражатынан
5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде қаржы бөлінсін;
Тармақ 6
6. Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Гумарова Н.Б.), Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі (Абдыкулова М.Ү.), Жаңаөзен коммуналдық есептеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Исабергенов Б.), "Өзенинвест" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Мұқашев Ж.С.) басшылары осы қаулының 4-5-тармақтарын орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Басқа 11