Об организации учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица Күшін жойған
Басқа 0
Заңды тұлғалары белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № А-6/184 «Заңды тұлғаларды белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастыру туралы» (Ақмола облысының әдлет департаментінде 2005 жылғы 9 маусымда № 3141 болып тіркелген) қаулысына сәйкес, Жарқайың ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Заңды тұлғаларды белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі қосымша берілген нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
Тармақ 2
2. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі заңды тұлғаларды белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.Ахметоваға жүктелінсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Жарқайың ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиіс.
Басқа 5
Жарқайың ауданы әкімдігінің
2005 жылғы «15» шілде
№ 342 қаулысымен
бекітілген
Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды (бұдан әрі - саны аз діни бірлестіктер) есептік тіркеу тәртібін белгілейді және Жарқайың ауданы аумағында әрекет етеді.
Тармақ 2
2. Саны аз діни топтарды есептік тіркеу «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға белгілері жоқ және заңды тұлға мәртебесімен Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің біріне құрылымдық тұрғыда қатысты жергілікті діни қауымдар тіркеуге алушы органда есептік тіркеуге жататын саны аз діни топтар болып танылады.
Тармақ 4
4. Саны аз діни топтарды есеіптік тіркеу аталған субъекітлерге діни қызметті іске асыруда заңға сәйкес қызмет берудің әдісі болып табылады және тіркеуге алушы органның саны аз діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Саны аз діни топтарды есептік тіркеудің тәрітібі
2. Саны аз діни топтарды есептік тіркеудің тәрітібі
Тармақ 5
5. Саны аз діни топтар оны тіркеуге алатын органда есептік тіркеуге қойылған кезінен бастап діни қызметті жүзеге асыру құқығына ие болады.
Тармақ 6
6. Саны аз діни топтарды есептік тіркеуді Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі өкілетті органы жүргізед.
Тармақ 7
7. Саны аз діни топтрады есептік тіркеу үшін оның басшысы немесе өкілетті тұлға тіркеуге алатын органға келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) діни топтың атауын, оның діни ұстанымын, мекен - жайын, топтың басшысы туралы мәліметтерді, кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің санын, соның шегінде саны аз діни топтардың қызметі жүзеге асырылатын діни құрылыстары мен аумақтарының бар болуын көрсетуімен бірге есептік тіркеуге қою туралы өтініш (1 қосымша);
Тармақша 2
2) тіркелетін саны аз діни топ оған құрылымдық тұрғыда қатысты болып табылатын, заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік жарғысының көшірмесі;
Тармақ 8
8. Есептік тіркеу саны аз діни топ туралы келесі мазмұндағы мәліметтерді арнайы қатаң есептілік журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады (2 қосымша):
Тармақша 1
1) тіркеу нөмірі;
Тармақша 2
2) тіркелген күні;
Тармақша 3
3) саны аз діни топтың атауы;
Тармақша 4
4) саны аз діни топтың мекен - жайы;
Тармақша 5
5) тіркелетін саны аз діни топ оған құрылымдық тұрғыда қатысты діни бірлестіктің атауы;
Тармақша 6
6) діни ұстанымы;
Тармақша 7
7) саны аз діни топтың басшысының немесе өкілетті тұлғаның Ф.А.Ж.;
Тармақша 8
8) саны аз діни топтың кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің саны;
Тармақша 9
9) діни құрылысының болуы.
Тармақ 9
9. Есептік тіркеу құжатты тапсырған күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Есептік алу журналына мәліметтер енгізілгеннен кейін тіркеуге алушы орган саны аз діни топтың басшысына немесе өкілетті тұлғаға жергілікті атқарушы органда есептік тіркеуге қойылғаны туралы тиісті анықтаманы береді (3 қосымша).
Тармақ 11
11. Саны аз діни топта өзгерістер болған жағдайда тіркеуге алушы орган есепке алу журналына бұл жөнінде тиісті мәліметтер енгізеді.
Тармақ 12
12. Саны аз діни топты есепке қою туралы деректер, сондай-ақ есепқе алу журналына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсырылады.
Тармақ 13. Өтініш
13. Саны аз діни топ жергілікті атқарушы органда діни бірлестік ретінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өзінің қызметін нақты тоқтатқан жағдайда немесе діни бірлестіктің филиалы мен өкілдігінің есептік тіркеуден өткенінен кейін есептік тіркеуден алынады.
Заңды тұлға белгілері жоқ
саны аз діни топтарды есептік
тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа
1 қосымша
___________________________
(өтінішті тіркеуші органның
___________________________
атауы, мекен - жайы)
Өтініш
__________________________________________________________
(топ басшысының фамилиясы, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________
(діни топтың атауы, оның дінй ұстанымы)
__________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерінің саны)
__________________________________________________________
(діни топтың мекен - жайы мен діни құрылыстың бар болуы)
__________________________________________________________
(қызметі, соның шегінде жүзеге асырылатын аумақ)
Қолы
Күні
Заңды тұлға белгілері жоқ
саны аз дін топтарды есептік
тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа
2 қосымша
Саны аз діни топтарды тіркеу журналы
№
Тіркеу нөмірі мен тіркелген күні
Діни топтың атауы
Діни топтың мекен - жайы
Діни топтың діни ұстанымы жөне оның діни орталыққа жататындығы
Діни топтың қызмет атауы
1
2
3
4
5
6
Топтың кәмелетке толған мүшелерінің саны
Діни құрылысының (ғибадат ету) бар болуы
Топ басшысының немесе таныстыруға өкілетті тұлғаның Ф.А.Ж. олардың адресі, телефон /нөмірі
Нөмірдің тіркелуі туралы анықтаманы толтырған тұлғаның Ф.А.Ж.
Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның Ф.А.Ж. мен қолы
Ескертулер
7
8
9
10
11
12
Заңды тұлға белгілері жоқ
саны аз діни топтарды есептік
тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа
3 қосымша
_______________________________________________
(өтінішті тіркеуші органның атауы мекен - жайы)
Діни топты есептік тіркеуге қою туралы анықтама
Берілді «_______» _________2005 ж.
Діни топтың атауы
________________________________________________________________________
Топты тіркеуге алған органның басшысы Қолы
Мөр